19. Жер иелену және жерді пайдалану экономикасы және жерге
орналасуды ұйымдастыру
19.1. Нарықтық қатынастарға ауысу жағдайында колхоздардың,
акционерлік және басқа да тауар өндірушілердің жер иелену және жерді
пайдалану экономикасы
Нарықтық қатынастар жағдайында басқару әдістері мемлекеттік және
қоғамдық ұйымдарда, қоғамдық құрылымның барлық салаларындаында
қолданылып, аз шығындар мен барынша жоғары тиімділікке қол жеткізуді
көздейді. Сондықтан басқару әдістерінің түрлерін қолдану барлық
кәсіпорындарды және оның барлық деңгейлерін қамтуы тиіс. Басқару
әдістерін қолдану, ең алдымен адамдарға ықпал ету, яғни қазіргі заманғы
нарықтық қатынастар жағдайында жұмыс атқаратын адамдарға билік ету
қажеттілігін көрсетеді.
Нарықтық қатынастар жағдайында аграрлық өнімдерді өндіру халық
шарушылығының
басқа
салаларына
қарағанда
толып
жатқан
ерекшеліктерімен күрделі. Сол себептен, қазіргі ауыл шаруашылығындағы
әлі жалғасып отырған дағдарыс пен өндірістегі өзгерістерді ғылыми
тұрғыдан анықтау және талдау өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
Қазіргі заманғы ауыл шаруашылығы ғылымы жаңа бағытта даму үстінде [29].
62
19.2. Ауыл шаруашылығы шаруашылықтарының, өндірістік
кәсіпорындардың, шаруа қожалықтарының, жалға алу ұжымдарының
жер иелену және жерді пайдалану экономикасы
Ауыл шаруашылығы өндірісін кәсіпкеліктік үрдістерінің дамуы
нарықтық қатынастарды реттеудегі мемлекеттің роліне байланысты.
Жоспарлау жүйесінен нарықтық жүйеге көшу ауыл шаруашылығы мен
оларға қызмет көрсететін салалар арасындағы экономикалық қатынастарды
реттеуде мемлекеттің ролінің ықшамдалуымен сипатталады.
Мемлекет аграрлық секторды реттеуде өз ролінен толық бас тартты,
себебі олар нарық бәрін өзі-ақ реттеп, орнына қояды деп ойлады, бірақ бүл
үміт ақталмады, Соңғы уақытта қолға алынған аграрлық секторды
мемлекеттік қолдау саясаты әлемдегі көптеген дамыған елдердің
тәжірибелеріне сүйенеді, ал қорытындысында мемлекет өз еліндегі азық-
түлік қауіпсіздігіне жауап беретшін сезінеді.
Бұл ішкі экономикалық және сыртқы экономикалық себептермен
түсіндіріледі, Ішкі экономикалық себептер ел түрғындарының тамақ
өнімдеріне деген қажеттілігін толық қанағаттандырумен байланысты. Азық-
түлік жеткілікті мөлшерде болмаған жағдайда әлеуметтік жанжалдар болып,
мемлекеттің күйреуі мүмкін.
Сыртқы экономикалық себептер азық-түлік қауіпсіздігін және
мемлекеттің экономикалық тәуелсіздігін қамтамасыз ету қажеттілігімен
түсіндіріледі. Сондықтан мемлекет өзінің маңызды міндеттерін қүқықтық,
әкімшілік жөне экономикалық шаралар жүйесі арқылы орындау мақсатында
аграрлық секторды түрақты дамытуға және азықтүлік проблемаларын
шешуге ұмтылады.
Мемлекеттік реттеу қажеттіліғі ауыл шаруашылығы өндірісінің
ерекшеліктері мен аграрлық рыноктардың өзіндік ерекшеліктері ретінде
келісіледі. Мұндай қажеттілік сондай-ақ ауыл шаруашылығындағы
инвестициялардың тиімсіздігінен, қаржының баяу айналымынан, саланың
қомақты капиталды қажет ететіндігінен туындады. Оның үстіне қысымға
үшыраған
көптеген
ауылшаруашылық
кәсіпорындары
әлеуметтік
инфрақұрылымды өз баланстарында ұстайды.
Шаруа қожалығы– заңды тұлға құқығына ие дербес шаруашылық
жүргізуші субъект түріндегі ерікті кәсіпкерлік нысаны. Мұндай
шаруашылықты жеке азамат, оның отбасы немесе ауылшаруашылық өнімін
өндіретін, ұқсататын, сататын адамдар тобы құрады.
Өз иелігінде (соның ішінде, жалға алған) бар меншік немесе жер
учаскесін өмір бойы мұраға алған мүлікті пайдалану негізінде
ауылшаруашылық өнімдерін өндіру, өңдеу және сатуды жүзеге асыратын
жеке азамат, отбасы немесе адамдар тобы түрінде ұсынылған дербес
шаруашылық субъектісі [29].
|