1 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғамы


 Жерді пайдаланудың экономикалық көрсеткіштерін есептеу



Pdf көрінісі
бет51/208
Дата09.08.2023
өлшемі5.11 Mb.
#476025
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   208
61. kz 151104 3 Техник

19.3. Жерді пайдаланудың экономикалық көрсеткіштерін есептеу
Жер ресурстары жер рентасы шамасымен экономикалық бағаланады.
Жер ресурсын экономикалық бағалау ерекшеліктері, оның ерекше
қасиеттерімен байланысты болады. Экономикалық бағалау жердің қоғамдық
құндылығын анықтау болып табылады. Жер өндіріс күші, орналасу орны,
тіршілік ортасы және экологиялық құндылық ретінде бағаланады.
Жер пайдаланудың мөлшері шаруашылық өндірістік қуатына және
мамандығына байланысты анықталады.
Жобаланған мөлшері тиімді болу керек.
Тиімді мөлшер дегеніміз – басқаруға ыңғайлы, өндірістің әр саласының
жақсы дамуына қажеттілі алқаптардың құрамы және мөлшерлері.
Жер пайдаланудың мөлшеріне келесі факторлар әсерін тигізеді
(кейбіреулері үлкейтеді, кейбіреулері керісінше - кішірейтеді:
мамандығы;
өндірістіктің қарқындылық деңгейі;
қолданылатын байланыс және транспорт түрлері;
жолдардың жағдайы;
- ауыл шаруашылық алқаптарының құрамы, сапасы, контурларының
жер бедері;
- жер массивтерінің конфигурациясы;
- елді мекендердің орналасуы;
- сумен қамтамасыздығы [30].
19.4. Жерге орналастыруды ұйымдастыру
Барлық жер ресурстарын бәрінен бұрын ауыл шаруашылық міндет
атқаратын жерлерді тиімді пайдалану, жер қатынастарын реттеу, осыған
байланысты көптеген күрделі проблемалар туындайды. Оны шешу жерді
халық шаруашылық айналымында жерлерді көбірек тартуды талап етеді. Егін
дақылдары мен өнімді алқаптарды қарқынды пайдалануды жоғарлату,
барлық топырақ эрозиясымен, сондай-ақ басқада жерге жаман әсер ететін
оның бұзылуы мен ластануымен қарқынды күресу.
ҚР Конституциясында 30.08.1995 жылы референдумда қабылданған
жерге негізгі ммлекеттік құқығы мен қатар жеке еншік құқығы тең заң
шеңберінде және негізінде, жағдайында қабылданады.
Халық шаруашылығы салалары арасында және ауыл шаруашылық
салалары ішінде жерге меншік және пайдаланушылар арасында, жерді бөліп
беру, үнемі жер массивтеріне өнеркәсіп, энергетика, азаматтық және
тұрғындық құрылыстар үшін беруді талап етеді. Сонда-ақ бар заңдамалар
негізгінде жер қатынастарын жетілдру және ретттеу қажеттігі туындайды.
Еліміздің біріңғай жер қорын басқару бойынша маңызды құрал ретінде,
жер қатынастарын реттеуге, заң актілерінің қолдануын бақылауға және жеке
меншік және жер арендасында облыстарда пайдалану жағдайында жерге
ораластыру қолданылады. Ол Қазақстан Республикасы жер заңдарына сәйкес
жерді ұтымды пайдалануды ұйымдастыруға және қорғауға бағытталған


64
шаралар жүйесі. Халық шаруашылық масштабында сала аралық немесе сала
жоспары ретінде жүргізіледі [14].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   208




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет