Баяр Күлшат абай шығармаларын интерактивті оқыту әдістемесі 7М01717- «Қазақ тілі мен әдебиеті»



Pdf көрінісі
бет14/28
Дата27.08.2023
өлшемі1.44 Mb.
#476243
түріБағдарламасы
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   28
абайды оқыиу

-
шы, -шi жұрнақтары арқылы жасалған сөздер Абай шығаршылығында 
мол қолданыстағы функциялық қосымшалар қатарына жатады [44, 105]. 
Мысалы: Оның малдыларына, құзғын тамағымыз үшін, біріміз жалшы, 
біріміз қoш aлушымыз (екінші қарасөз). Оның мәнісі: «ісіңнің түзулігінен 
жетпессің, кісіңнің aмaлшы, айлалылығынан жетерсің» деген сөз (үшінші 
қарасөз). Aйтушы мен тыңдaушы көбі надан, Бұл жұрттың сөз танымас бір 
парасы. Соңыра балаң aлдaмшы болса, кімнен көресің? (оныншы қарасөз)
Осы үшеуің басыңды қос, бәрін де жүрекке билет деп ұқтырып aйтушының 
аты ғылым екен (он жетінші қарасөз) [45, 23]. Қорытындылай келе, Абай 
Құнанбайұлы қарасөздерінде функциялық қocымшcлcpдың бapлық түрін 
қолданған. Ғалым Сейілбек Исаев еңбектерінде, функциялық қосымшалар 
жайлы сөз қозғаған кезде «Қарасөздерден» үлгі ретінде мысалдар келтіреді.
Демек, Абай Құнанбайұлының тілі ешбір ақынның тіліне ұқсамайтын ерекше, 
тек әдеби ғана емес, тілдік ерекшеліктерді де бойына жинаған көркем тіл 
деген тұжырым жасауға болады. 
Қарасөздерді оқытуда Қанипа Бітібаева ұсынған карточка-көмекті 
басшылыққа алуға болады. Карточка-көмек бойынша Абайдың қарасөздері 
көркем әңгіме емес, философиялық ойлар екеніне, Абайдың карасөздерінің 
ғибраттық маңызына назар аудару керек.


29 
Қарасөздері Мақал-мәтелдер Абай сыны Менің пікірім 
Бұл кесте оқушының шығармашылық, зерттеушілік қабілетін дамытады.
Абайдың қарасөзін оқытуда мәтін негізінде төмендегідей тапсырмалар 
беруге болады. 
Бірінші қарасөз бойынша тапсырма түрлері [46, 9]: 
1. Берілген жаңа сөздерді оқып, түсіндірме сөздіктің көмегімен түсінігін 
жаз:
әурешілік, қажу, баянсыз, байлаусыз, қоршылық, дерт, тілемсек, кездеме 
софылық және т.б.
Мысалы, әурешілік – босқа жан қинаушылық, нәтижесіз іс істеушілік.
2. Берілген сөздердің синонимдік қатарын тап:
алысу – 
жалығу – 
науқас – 
қайран қалу – 
3. Берілген сөздермен сөз тіркестерін құрастыр:
Өмір, ел, ғылым, білім, пайда, тыныштық, жұмыс.
4. Берілген сөйлемдердегі сөздерді өз орындарына қой:

Енді, қайтіп, қалған, өткіземіз, өмірімізді, не қылып?

Қайранмын, соны, өзім де, таба, алмай. 
5. Мәтін мазмұны бойынша төмендегі кестені толтыр. 
Автордың ойын өз сөзіңмен жаз 
Ел бағу Мал бағу Ғылым бағу Дін бағу Балаларды 
бағу 
Соңғы 
істейтін ісі 
Жетінші қарасөз бойынша тапсырмалар [46, 19]: 
1. 
Қарасөз бойынша кестені толтыр. Жас бала анадан туғанда екі түрлі 
мінезбен туады: 
Тәннің құмары Жанның құмары 
2. 
Берілген қарасөз мазмұнын негізге ала отырып, өзіңе мінездеме бер: 
Үлгі: 
Менің мінезім Жақсы 
қасиетім 
Жаман 
қасиетім 
Түзетуге 
тырысамын 
3. Берілген сөз тіркестерінің мағынасын анықта. 
Қарғадай барқылдап – 
Бас ұрғызу – 
Көкіректе сәуле жоқ – 
4. Мәтіннен есімдіктерді тауып, әр қайсысын тиісті ұяшықтарға жаз. 
Жіктеу 
Сілтеу 
Өздік 
Сұрау 
Белгісіздік 


30 
есімдігі 
есімдігі 
есімдігі 
есімдігі 
есімдігі 
5. 
Қарасөздің көркем шығармадан айырмашылығы неде? Ұқсастығы бар 
ма? Кестені толтырып, сұраққа жауап бер. 
Қарасөз 
Көркем шығарма Ұқсастықтары
Сегізінші қарасөз бойынша тапсырмалар: 
1. 
Абай тілінің сөздігі. Берілген сөздердің мағынасын анықта: 
Жетілтейін 
Құтылтайын
Паралап алу
Қоңырша 
2. Мәтінде кездескен қос сөздерді теріп жаз: 
Қос сөздер 
3. Мәтіннен есімдіктің түрлерін анықта: 
Жіктеу есімдігі 
Сілтеу есімдігі 
Сұрау есімдігі 
Өздік есімдігі 
Жалпылау есімдігі 
Белгісіздік есімдігі 
Болымсыздық есімдігі
4. 
Асыл сөздің жалғасы. Өз пікіріңді ақынның пікірімен байланыстыра 
отырып толықтыр: 
Абайдың ойы 
Менің пікірім 
5. Қарасөзде айтылған ойды толықтыр: 
Абайдың ақыл, білім, ғылым 
туралы айтқандары 
Абайдың 
ар-ұят 
туралы айтқандары 
Он сегізінші қарасөз бойынша тапсырмалар [46, 20]: 
1. Он сегізінші қарасөзден сын есім түрлерін тап: 
Сапалық сын есім Қатыстық сын есім 
2. 
Сызбаны толтыр. Абайдың «кербез» дегені қандай адам? 


31 
3. 
Қазіргі таңда «кербез» сөзінің мағынасы кеңіді деп ойлайсың ба? Өз 
ойыңды 3-4 сөйлеммен дәлелде. 
4. Берілген сөздердің мағынасын анықта. 
Һәм – 
Ләкин – 
Кейінші –
5. 
Мәтіннен септіктерді тауып, тиісті ұяшықтарына қой. 
Атау септік 
Ілік септік 
Барыс септік 
Табыс септік 
Жатыс септік 
Шығыс септік 
Көмектес септік
Он бесінші қарасөз бойынша тапсырмалар: 
1. 
Ақылды кісі мен ақылсыз кісіге тән қасиеттерді жаз. 
Ақылды кісі 
Ақылсыз кісі 
2. 
Абай тілінің сөздігі. Берілген сөздердің мағынасын анықта. 
Баянсыз – 
Құмарлық – 
Итқорлық – 
Есті кісі – 
Есер кісі – 
3. Мәтіннен қос сөздерді теріп жаз. 
4
. Есті кісі мен есер кісінің айырмашылығы мен ұқсастығын тауып, 
кестені толтыр. 
Айырмашылықтары 
Ұқсастықтары 
5. 
Қарасөздегі Абайдың мына сөздерін ескеріп: «Егерде есті кісілержің 
қатарында болғың келсе, күнінде бір мәртебе, болмаса жұмасында бір, ең 
болмаса айында бір, өзіңнен өзің есеп ал». Өзіңнен бір күндік есеп ал. 
Алынған есебіңнің қорытындысын шығар.
Кербез
-
-
-
-


32 
Отыз бірінші қарасөз бойынша тапсырмалар [46, 42]: 
1. Абай тілінің сөздігі. Берілген сөздердің түсінігін жаз: 
Ғибрәтлану 
Тұшыну 
Ынтамен ұғу 
Көңілге бекіту 
Кесел 
Қайғыға салыну 
2. Берілген сөздердің қарама-қарсы мағынасын жаз. 
Ұмытпау –
Әуелі –
Салғырттық –
Қашық болу –
3. Берілген сөздермен сөз тіркестерін құрастыр:
Естіген нәрсе, ұмытпау, әуелі, көңілдену, ынтамен ұғу, қашық болу.
4. Мәтін мазмұны бойынша төмендегі кестені толтырыңыз. 
Естіген нәрсені ұмытпау үшін 
не істеу керек?
Ақыл 
мен 
ғылымды 
тоздыратын нәрселер 
5
. Дұрыс нұсқаны таңда: 
Ақыл мен ғылымды тоздыратын нәрселер:
А) көкірегі байлаулы берік болу
Ә) қайғыға салыну
Б) естігенді көңілге бекіту
В) естіген нәрсені ішінен қайталау
Отыз жетінші қарасөз бойынша берілетін тапсырмалар [46, 51]: 
1.Берілген кестедегі тіркестерді мағынасына қарай сәйкестендір. 
Адамның адамшылығы істі 
бастағандығынан білінеді 
Досы көппен сыйлас 
Көңілдегі көрікті ой 
бағың өскен соң – өзің ғана 
тілейсің 
Досы жоқпен сырлас 
қалайша бітіргендігінен емес 
Бағың өскенше тілеуіңді ел 
де тілейді, өзің де тілейсің 
ауыздан 
шыққанда 
өңі 
қашады 
2. Берілген ойды жалғастыр. 
Әкесінің баласы – _____________________
Адамның баласы – ____________________
Ер артық сұраса да ____________________
Ез аз сұрар, __________________________ 
Он тоғызыншы қарасөз бойынша тапсырмалар: 
1. Абай тілінің сөздігі. Берілген сөздердің мағынасын анықта: 
Есті 
Тұшынбау 


33 
Естіп-есітпей 
Хакім 
Қайырып сұрап 
2. Абай айтқан «есті» сөзінің мағынасын «кластер» әдісі арқылы анықта. 
3. Адам бойындағы қасиеттерді жинақтап, кестені толтыр: 
Жақсы қасиет 
Жаман қасиет 
4. 
Есті адамның үш белгісі: 
Бірінші белгісі – 
Екінші белгісі – 
Үшінші белгісі – 
5. 
Есті адам мен есер адамды «Венн диаграммасы» бойынша 
салыстырып, айырмашылықтары мен ұқсастықтарын тап: 
Есті адам 
Ұқсастықтары 
Есер адам 
Абайдың қарасөздерін меңгерту барысында жүргізілетін жаттығу 
түрлері мұнымен шектелмейді, олар білім беру барысында жаңартылып, 
толықтырыла береді. Берілген тапсырмалар оқушылардың Абайдың 
қарасөздерін түсінікті меңгеруіне септігін тигізеді. Келесі тапсырмалар 
жүйесі Абайдың өлеңдерін оқытуға арналады. Абайдың бірнеше өлеңдеріне 
тапсырмалар үлгісін ұсынатын боламыз. 8-сыныпта оқушылар Абайдың 
«Қансонарда бүркітші шығады аңға» өлеңін өтеді. Өлеңді оқыту барысында 
мынадай тапсырмалар беруге болады: 
1. 
Өлеңдегі «қансонар», «томаға» сөздерінің мағынасын анықта. 
Қансонар –
Томаға – 
2. Өлеңнен етістіктерді тауып, райдың қай түрінде тұрғанын ажырат. 
Етістіктің райлары
Ашық рай 
Есті 
-
-
-
-


34 
Бұйрық рай 
Шартты рай 
Қалау рай 
3. 
Өлеңнен сөйлемнің тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелерін анықтап, 
кестені толтыр: 
Тұрлаулы мүшелер 
Тұрлаусыз мүшелер 
Бастауыш
Баяндауыш Анықтауыш 
Толықтауыш Пысықтауыш 
4. 
Өлеңнен сын есімнің түрлерін анықта: 
Қатыстық сын есім 
Сапалық сын есім 
5. Кестені толтыр: 
Абайдың сөзден салған суреті 
«Жасымда ғылым бар деп ескермедім» өлеңін оқытуда келесідей 
тапсырмалар беруге болады: 
1. Абай тілінің сөздігі. Кестеде берілген сөздердің түсінігін жаз. 
Абай тілінің сөздігі 
Уысыма 
Махрұм 
Қалмағым 
Шен алсын 
Медресе 
2. Өлеңнен септіктерді тауып, түрлеріне ажырат: 
Атау септік 
Ілік септік 
Барыс септік 
Табыс септік 
Жатыс септік 
Шығыс септік 
Көмектес септік
3. Өлеңдегі ақын өкінішін анықта. Ойыңды «ПОПС» формуласымен 
толықтыр:
П – позиция. «Менің ойымша, ... »
О – түсіндіру. «Себебі, мен оны … былай түсіндіремін».
П – мысал. «Оны мен ... деген деректермен, мысалдармен дәлелдей 
аламын».
С – қорытынды. «Осыған байланысты мен ... деген шешімге келдім». 
4. 
Өлеңдегі етістіктердің жіктік жалғауларын кестеге салып көрсет. 


35 
Етістік 
Жіктік жалғауы 
ескерме 
-
дім 
5.
«Ғылым» сөзіне сөзжұмбақ құрастырып көр. 
Өлеңдерді оқытуда тек тапсырмалармен ғана шектеліп қоймай, 
оқушының ойлау жүйесін дамыту, ойын жинақтап қорытуда тест 
тапсырмасын ұсынып, ашық және жабық сұрақтар беру арқылы да кері 
байланыс орнатуға болады. Оқушыларға Абай өлеңдеріне арналған төменде 
берілген тест тапсырмасын ұсынамыз. 
1. 
Абай айтқан бес асыл істі тап: 
A) еңбек, ақыл, парасат, терең ой, қанағат 
B) ақыл, еңбек, қанағат, терең ой, рақым 
C) 
рақым, ақыл, парасат, еңбек, терең ой 
D) талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым 
E) қанағат, ақыл, еңбек, парасат, терең ой 
2. 
Қай өлеңнен алынған үзінді: 
Ақырын жүріп, анық бас, 
Еңбегің кетпес далаға. 
Ұстаздық еткен жалықпас, 
Үйретуден балаға. 
A) Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін 
B) Ғылым таппай мақтанба 
C) Көлеңке басын ұзартып 
D) Сегіз аяқ 
E) Әсемпаз болма әрнеге 
3. Пара беріп, билікке қолы жеткен жемқор болыстың бейнесін сықақ 
еткен өлеңін тап: 
A) Қалың елім, қазағым, қайран жұртым 
B) Сабырсыз, арсыз, еріншек 
C) Болыс болдым, мінеки 
D) Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат 
E) Көлеңке басын ұзартып 
4. «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат» өлеңінде ақын қандай мәселені 
көтереді? 
A) 
достық туралы 
B) 
әлеуметтік теңсіздік 
C) адамгершілік мәселесі 
D) 
ғылым-білім туралы 
E) 
еңбекқорлық туралы 


36 
5. 
«Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» өлеңіндегі «тасыр» сөзінің 
мағынасын анықта: 
A) талабы зор 
B) еңбекқор 
C) білімге шексіз берілген 
D) ешнәрсеге талпынысы жоқ 
E) өнерге жақын 
6. 
Өлеңнің шумағын толықтыр: 
Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап, 
Әуре етеді ішіне қулық сақтап. 
Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, 
... мен ... екі жақтап. 
A) 
иманың; мінезің 
B) 
ұятың; мінезің 
C) 
еңбегің; ақылың 
D) 
өнерің; еңбегің 
E) 
иманың, мейірің 
7. 
«Қансонарда бүркітші шығады аңға» өлеңіндегі «қансонар» сөзінің 
мағынасын көрсет: 
A) жер бетіне аңның қаны тамған шақ 
B) жер бетіне қалың қар түскен шақ 
C) жер бетіне алғаш шөп шыққан шақ 
D) жер бетіне алғаш жаңбыр жауған шақ 
E) 
жер бетіне кемпірқосақ көрінген шақ 
8. 
Абайдың халық арасына кең тараған мақалы: 
A) Қалауын тапса, қар жанар 
B) Алтын көрсе, періште жолдан таяды 
C) Еңбектің наны тәтті, жалқаудың жаны тәтті 
D) Не ексең, соны орасың 
E) Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей 
9. 
Абай «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» өлеңін кімге арнаған? 
A) үлкендерге 
B) балаларға 
C) жастарға 
D) қыздарға 
E) жігіттерге 
10. «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінен антонимдік қатарды көрсет: 
A) 
ғылым – білім, тыйсаңыз – жисаңыз 
B) 
нәфрәтлі – ғибрәтлі, ғылым – білім 


37 
C) 
жақсылық – жамандық, тыйсаңыз – жисаңыз 
D) 
асық бол – қашық бол, ғылым – білім 
E) жақсылық – жамандық, асық бол – қашық бол 
Берілген тест тапсырмасының дұрыс жауаптары: 
1. D 
2. E 
3. C 
4. А 
5. D 
6. C 
7. B 
8. E 
9. C 
10. E 
Оқыту жұмысының нәтижелі болуы оқыту әдістерін үйлесімді етіп 
таңдап ала білуге байланысты. Себебі оқытуды ұйымдастырудың негізгі 
формасы – сабақ. Ал сабақтың мақсаты мұғалім мен оқушының ұжымдық, 
шығармашылық еңбегі, сондай-ақ сабақта оқыту мен тәрбиенің міндеттері, 
мақсаттары жүзеге асырылады, оқушылардың ой-өрісі кеңіп, қабілеті 
шыңдала түседі, өмірге деген көзқарасы қалыптасады. Мұнда мұғалім – 
оқушының әрі кеңесшісі, әрі зерттеушілік ізденісінің ынтымақтас әрекетшісі. 
Ол оқушыға өз бетімен айқындалған тапсырманы шешу жобасын жасауға, 
оны нақты өмір жағдайларымен байланыстыруға, әр түрлі дереккөздерден, 
атап айтсақ оқулықтан, мұғалімнен, құрбыларынан, қосымша әдебиеттерден, 
электрондық оқу құралдарынан т.б. ізденіп білім жинауға бағыттайды. 
Нәтижесінде оқушы Абайдың берілген белгілі бір шығармасын түсіне 
отырып, ол туралы өз түсініктерін байыта отырып, өзіндік тұжырымдарын 
өзгертеді, 
жаңартады, 
толықтырады, 
өмірдегі 
жағдаяттармен 
байланыстырады, нәтижесінде берілген мәтінді жаңа өнімге айналдырады. 
Оқушы Абай өлеңдерін, қарасөздерін оқып, талдап, жатқа айтып, түрлі 
проблемалық сұрақтарға жауап беріп, шығармашылық жұмыстар жасай 
отырып, өздеріне ғылыми-теориялық білім жинақтап, шешендікке, өз бетімен 
тұжырым жасап, ой қорытуға, қосымша ізденуге үйренеді. Шәкірттің жеке 
тұлға ретінде дамуына ұстаздың өткізген әрбір сабағы шешуші рөл атқарады. 
Оқушы білімінің сапалы болуы ұстазының дәріс беру шеберлігі мен жаңа 
технологияны тиімді пайдалана білуіне, яғни кәсіби құзіреттілігіне тікелей 
байланысты. Оқушы үшін мектепте оқытылатын әрбір пәннің орны ерекше. 
Ал оқушының пәнге қызығушылығын арттыру үшін әр сабақты дұрыс 
ұйымдастыру, педагогикалық шеберлікті үнемі ізденістермен жаңартып 
отыру әр ұстаздың міндеті. 
Қорыта келгенде, Абай шығармаларын оқыту барысында оны бірден 
түсіну оқушыларға ауырлық танытатыны анық. Бұл туралы абайтанушы-
ғалым Ғарифолла Есім: «Абай шығармаларын бір рет қана оқып қоймақ 
түгілі, тіптен оның шығармаларын жаттап алу да аз, мәселе, оны түсінуде. 
Абай адам санасы кемелденіп, толысқан сайын түсінікті бола бастайды. Әр 
ұрпақ Абайдан өз түсінігін табады» [47, 17], – деп пайымдайды. Ендеше 
абайтанушы-ғалымның сөзін ескере отырып, Абай шығармаларын оқыту 


38 
барысында оқушылар ақын тілінің ауырлығын жеңіл қабылдауы үшін 
жоғарыда көрсетілген тапсырмалар үлгісі мен тест тапсырмаларын ұсындық. 
Берілген тапсырмаларды орындау арқылы оқушы Абай өлеңдерін
шығармаларын, қарасөздерін жай ғана оқып, талдап қана қоймайды. 
Сонымен қатар, өлеңнің мағынасын, мәнісін түсініп, қарасөздің мағынасына 
үңіле отырып, ақынның айтқысы келген түпкі ойын түсіну арқылы өз 
түсініктерін қалыптастырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   28




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет