Баяр Күлшат абай шығармаларын интерактивті оқыту әдістемесі 7М01717- «Қазақ тілі мен әдебиеті»


ІІ АБАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫН ОҚЫТУДЫҢ ДӘСТҮРЛІ ЖӘНЕ



Pdf көрінісі
бет12/28
Дата27.08.2023
өлшемі1.44 Mb.
#476243
түріБағдарламасы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   28
абайды оқыиу

ІІ АБАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫН ОҚЫТУДЫҢ ДӘСТҮРЛІ ЖӘНЕ 
ИНТЕРАКТИВТІ ӘДІСТЕМЕСІ 
2.1 Абай шығармаларын оқытуда қолданылатын тапсырмалар жүйесі 
Қазақ халқының рухани көсемі Ахмет Байтұрсынов: «Ең әуелі мектепке 
керегі – білімді, педагогика мен методикадан хабардар, оқыта білетін 
мұғалім», – деген болатын [42, 212]. Расында да, қазіргі таңдағы мұғалім 
кәсіби маман, ізденуші, зерттеуші, шығармашылық жұмыспен айналыстан 
жаңашыл болу керек. 
Мектепте Абай шығармашылығын оқытуды тұңғыш рет арнайы жазып, 
қазақ әдебиетін оқытудың өзекті мәселесі Абай шығармашылығын жас 
өскіндерге жеткізу, сұлулығы мен тереңдігіне үңілту, қауыштыруды, рухани 
жан дүниелеріне бойлатуды өзінің көп жылғы ұстаздық еңбегі мен 
тәжірибесінде ұстаз Қ.Бітібаева алдына мақсат етеді. Қ.Бітібаеваның өз 
сөзіне жүгінсек: «Абай поэзиясының сұлулығынан бойымызға нәр алып, жан 
дүниемізді тазартып, сұлу жанды жас ұрпақ тәрбиелеу – адами да, ұстаздық 
та борыш» [43, 65], – дейді. 
Қазақ тілі, әдебиет сабағын оқытуда Қ.Бітібаеваның «Ой тастау, 
ойланту» технологиясына жүгінбеу мүмкін емес. Қ.Бітібаеваның басты 
ұстанымы – көзбе-көз әңгіме, ойлы сұхбат, пікір еркіндігі, оқушының білімді 
өз еңбегімен алуына жағдай жасау, оқу жүйесін тереңдете беру, оны 
игертудің тиімді жолдарын іздеу. Ұстаз өтілетін жаңа тақырыпқа алдын ала 
тапсырма беріп, ой тастайды да сабақтың өн бойында ол шешуші рөл 
атқарып отырады. Үй тапсырмасы, жаңа сабақ, оларды бекіту, қорытындылау 
кезеңдерін бірлікте қарастырып бүтінге айналып кетеді. Сабақтың өн 
бойында, әр кезеңдерінде оқушылар «ой тастауда» белгіленген ауқымды 
мақсатқа жетудің жолдары жүйелі түрде ойландыру, ойлау іс әрекеттері 
арқылы жүзеге асып отырады. Әдіскер ұстаздың әдебиетті оқыту ұстанымы – 
«Ой салу, ойлау, ойланту» бір шешімге келу. Ой салу – ұстаз тарапынан, 
ойлану – шәкірт тарапынан, ойланту – (ойлауы жетіспей жатқан оқушыға 
түрткі жасап, ойлантуға алып келу) ұстаз тарапынан, бір шешімге келу – 
оқушы тарапынан жүзеге асады [28, 121] Қ.Бітібаева тәжірибесінің тағы бір 
ерекшілігі, оқушылар сабаққа өздері мақсат қойып келеді. Ол мақсаттарды 
ұстаз диагностика, болжам үшін пайдаланады. Оның сабақ жоспары оқушы–
субъектінің еркіндігіне жол ашады, оқушының да, ұстаздың да іс әрекеті 
түпкілікті нәтижеге қол жеткізудің өнімді еңбегіне айналады. Бос отыратын, 
сабаққа селқос, тек орындаушы, тек дайынды қайталап айтушы оқушы 
болмайды. Ұстаз да, оқушы да жаңаны іздеуші, табушы, еңбек етуші 
дәрежесінде болады. 
Қазақ тілі оқулығында берілген тақырыптарға сәйкес оқушылармен 
орындалатын тапсырмалардың ішінде зерттеу жұмысы, ол нақты зерттеу 
жұмыс болмасын, тақырыпқа байланысты ізденіс тапсырмасы берілген болса, 
сол тапсырманың негізінде жатқан «проблема» міндетті түрде болады. Сол 
«проблема» сөзіне тоқталсақ, бұл сөздің мағынасы «қиындық», «кедергі», 
«шешімін күтіп тұрған мәселе» деген нақты сөздерді білдіреді. Демек, әр 


27 
ізденіс тапсырмасы оқушы тарапынан күтіп тұрған шешімді талап етіп 
тұрады. Мәселен, қазақ тілі сабағында зат есім және оның түрлері атты 
тақырыпты өткен мезетте деректі және дерексіз зат есім тақырыбын 
түсіндіру барысында Абайдың «Көлеңке басын ұзартып» өлеңіндегі не? 
деген сұраққа жауап беретін «көлеңке» сөзі оқушылар арасында көзбен 
көретін «деректі», ал басқа оқушылар тарапынан қолмен ұстай алмайтын, 
тұрақты заттық ұғым ретінде қарастыра алмайтындықтан бұл сөзді 
«дерексіз» зат есім деген қарсы пікірлер айтылуы мүмкін. Осындай қарама-
қайшы пікірлердің нәтижесінде «проблема» туындап, бұл мәселенің шешімін 
табу жолында барлық сынып зерттеу жұмысын жүргізуге ниет білдіруі керек. 
Әр оқушы өз болжамын айтып, зерттеу нысанына айналған «көлеңке» сөзі 
кең талқыға түсіп, нәтижесінде «дерексіз» деген санатқа жатқызылады. 
Ұлы Абайдың шығармаларының ішінде шоқтығы биік туындылары – 
оның қарасөздері. Қарасөздер көркем шығарма түрінде емес, ақынның өзі 
көрген өмір сабақтары туралы ойлардың және содан туындайтын даналық, 
философиялық түйіндерді жинақтаған публицистикалық үлгіде жазылған 
туындысы. Көлемі шағын, мазмұны, мағынасы мол, терең болып келеді. 
Қарасөздерінде ақыл-ойды поэтикалық шеңберді асыра көрсетті. Осы 
жинақта ұлағаттылық пен ізгі ниетті сөздерді көруге болады. Абайдың 
қарасөздерді жазудағы себебі, келешек ұрпаққа жақсы мен жаманды айырту, 
ойдың мәнін терең түсінуге үйрету болды. Жaс шыбықтың биік діңгек өсетіні 
сияқты, aдaмзaт бaлacын сәбилік шағынан бастап, тәрбиелеу керектігіне 
ерекше тоқталды.
Академик Сейілбек Иcaев Aбaй Құнанбайұлының қарасөздерін тілдік 
тұрғыдан кеңінен зерттеген болатын. Абайдың ғақлияларын талдай отырып, 
мынандай функциялық қосымшалы сөздерді атап өткен: ептілік, 
қырмызылық, сыпайылық, шықпағандық, түзерлік, сақтарлық, сөзді ұғарлық, 
жақсы көрерлік, тиянақ қыларлық, үйір боларлык, құтқарарлық, мал 
шашарлық, кәсіп қыларлық, жау жаулағандық, тіленшілік, рақымдылық
мейірбандылық, байлаулық, қайратсыздандық, ұятқа терістік, күнәкерлік, 
масқаралық, естілік, қайғысыздық, мақтаншақтық. надан атанбастық, 
қорғауықтық, бәйіштілік, суретшілік, туралық, дүниелік, сертке тұрғыштық, 
білмектік, үйден шықпағандық, мұндайлық, қуанбақтық, арлылық, 
намыстылық [44, 97]. 
Сөзжасам қосымшаларының бұндай функциялық қасиеті, олардың 
қолданылу аясы мен мағыналық шеңбері, жанрлық-стильдік бояуы жеке 
зерттеуді қажет етеді. Абайдың қара сөздерінде ғалым атап өткен 
қосымшалардың ішінде -


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   28




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет