«Жақша ішінде тасталып кеткен сөз» тәсілі. Білім алушылар белгілі
бір уақыт аралығында өлеңде кездесетін бірнеше сөзді табуы керек. Ол сөз
бірінші және екінші сөздердің екі әрпін кері оқудан құралады. Жақша
ішіндегі нүктелер қажетті сөздегі әріп сандарын білдіреді. Абай
Құнанбайұлының «Ғылым таппай мақстанба» өлеңін оқытуда «Жақша ішінде
тасталып кеткен сөз» тәсілін қолдануға болады [52, 25]. Білім алушылар бір
минуттың ішінде өлеңде кездесетін бірнеше сөзді табуы керек:
сөз (өсек) кеше (Мысал ретінде берілген қатардағы сөз бірінші және
екінші сөздердің екі әрпін кері оқудан құралады: сөз – «сө», кеше – «ек».
Жақша ішіндегі нүктелер қажетті сөздегі әріп сандарын білдіреді).
арман (.....) мықты
сана (....) қына
ақын (.....) қышқыл
орақ (..) йогурт
ішік (..) сіңір
Жауабы: өсек, рақым, асық, қашық, ой, іс.
Қос жазба күнделігі. Білім алушылар белгілі бір тақырыпты өткенде
кестенің «үзінділер» деген бөлігіне мәтіндегі өзі назар аударған немесе
ерекше толғандырған үзінділерді (жеке сөздер, сөз тіркестері, фразалар,
қысқаша сөйлемдер, т.б.) жазады. Ал «түсіндірме» бөлігіне қатысты өз ойын,
пікірін жазады. Барлық білім алушы тапсырманы орындап болған соң жұпта,
топта талқылау ұйымдастырады [43, 26].
«ПОПС» формуласы. Төрт сөйлемнен тұратын ой қорытындылауға
бағытталған тәсіл (П – позиция; О – түсіндіру; П – мысал; С – қорытынды).
ПОПС формуласының құрылымы мынадай [51, 27]:
П – позиция. «Менің ойымша, ... »
О – түсіндіру. «Себебі, мен оны … былай түсіндіремін».
П – мысал. «Оны мен ... деген деректермен, мысалдармен дәлелдей
аламын».
С – қорытынды. «Осыған байланысты мен ... деген шешімге келдім».
«Алдын ала берілген атаулар» тәсілі. Мұғалім сабақ барысында жаңа
тақырып бойынша тақтаға бірнеше термин жазады [53, 61]. Оқушылардан
оның мағынасын, мазмұны мен қызметін, өзара байланысын сұрайды.
Достарыңызбен бөлісу: |