Баяр Күлшат абай шығармаларын интерактивті оқыту әдістемесі 7М01717- «Қазақ тілі мен әдебиеті»



Pdf көрінісі
бет22/28
Дата27.08.2023
өлшемі1.44 Mb.
#476243
түріБағдарламасы
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   28
абайды оқыиу

Wordwall
қосымшасы
оқушылардың 
қызығушылығын арттырады
логикасын 
дамытады
жеке жұмыс жасауға 
мүмкіндік береді
ойлау қабілетін 
дамытады


47 
болғандықтан, қосымша ішіндегі шаблондар да орысша терминдермен 
берілген. Мәселен, групповая сортировка (топтық сұрыптау), пропущенное 
слово (түсіп қалған сөз), сопоставить (сәйкестендіру), найди пару (сыңарын 
тап), анаграмма, привести в порядок (ретке келтіру) т.б. Берілген шаблондар 
ішінен кез келген мұғалім өзіне қажеттісін таңдау арқылы интерактивті 
тапсырмалар құрастырып, оқушыларға ұсына алады. Айталық «Топтық 
сұрыптау» интерактивті шаблонын қолданып, 7-сыныпта қазақ тілі 
сабағында Абайдың «Күз» өлеңін оқытуда оқулықтан тыс мынадай тапсырма 
беруге болады.
Тапсырма: «Күз» өлеңінен септіктерді тап. 
Ұяшықтағы берілген сөздерді оқушылар әр септікке тиістісін қойып 
шығады.
Орындалған жұмыстың нәтижесін бірден көруге болады. Әр оқушы 
тапсырмаға жауап бергеннен кейін ұялы телефонның немесе компьютердің 
экранына өз есімдерін жазады. Тапсырманы орындағаннан кейін қанша балл 


48 
алғандарын да экраннан сол сәтте көре алады. Сонымен қатар бұл 
интерактивті тапсырманы орындау жылдамдықты да талап етеді.
Келесі интерактивті тапсырмада Wordwall қосымшасындағы «Сөздерді 
іздеу» шаблонын қолданамыз. Оқушылар берілген әріптер тізбегінен «Күз» 
өлеңінде берілген етістіктердің ішінен жіктік жалғаулы етістіктерді табуы 
керек.
Әр оқушының қателесуіне үш мүмкіндік беріледі. Сондықтан бұл 
тапсырма оқушылардан мұқияттылықты талап етеді. 
Аталған интерактивті тапсырма оқушылардың қызығушылығын оятып
жылдам ойланып, шапшаң жауап беруіне көмегін тигізеді. 
Келесі интерактивті тапсырманы Абайдың қарасөзін оқытқанда қолдануға 
болады. 6-сыныптың қазақ тілі оқулығында Абайдың өлеңі кездеспейді, тек 
сегізінші қарасөзінен үзінді берілген. Wordwall қосымшасындағы «Түсіп 
қалған сөз» шаблонын қолданып, оқушыларға мынадай интерактивті 
тапсырма беруге болады. Тапсырма: Абайдың сегізінші қарасөзін оқы. 
Берілген сөйлемдердегі бос ұяшықтардың орнына көнерген сөздерді қой. 


49 
Интерактивті тапсырманы орындауда оқушылар бос ұяшыққа қоятын 
сөздерді мұқият оқып, оның ішінен қайсысы көнерген сөз, қайсысы 
күнделікті өмірде қолданылатын сөз екенін ажыратып алғаннан кейін барып 
тапсырманы орындайды. Оқушы тапсырманы дұрыс не бұрыс орындағанын 
сөйлемге қажетті сөздерді тапқаннан кейін сол сәтте экраннан көре алады. 
Егер көнерген сөздерді дұрыс тапқан болса, ұяшықтың шетінде дұрыс белгісі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   28




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет