Баяр Күлшат абай шығармаларын интерактивті оқыту әдістемесі 7М01717- «Қазақ тілі мен әдебиеті»



Pdf көрінісі
бет3/28
Дата27.08.2023
өлшемі1.44 Mb.
#476243
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
абайды оқыиу

Зерттеу жұмысының мақсаты. 
Абай шығармаларын интерактивті әдіс 
арқылы оқытуда оқушылардың танымдық қызығушылықтарын, үнемі жаңа
дүниелермен танысу үшін белгісіздік алдындағы қорқынышты жеңе 



білулеріне, шағын топтармен, жұппен, бірігіп жұмыс жасай алуларына жол 
ашу. Интерактивті әдістерді пайдалану арқылы тек ақпарат беру ғана емес, 
сонымен қатар оқушылардың өз бетімен жауап табу дағдыларын 
қалыптастыруға қол жеткізу.
Абай шығармаларын интерактивті әдіс арқылы 
оқыту мен талдаудың тың жолдарын жаңа технология негізінде көрсету
оқыту үрдісінде заманауи әдіс-тәсілдерді басшылыққа ала отырып, ақын 
шығармашылығын игертудің жолын айшықтау.
Зерттеу жұмысының міндеттері: 
 
1. 
Абай шығармаларын талдау кезінде қолданылатын интерактивті 
әдістердің нәтижелігін байқау; 
2. Абай шығармаларын оқытуда қолданылатын интерактивті әдіс-
тәсілдердің тиімділерін саралап алып, оқу үдерісінде кеңінен қолдану; 
3. 
Жалпы білім беретін мектептердің қазақ тілі мен қазақ әдебиеті 
оқулықтарында Абай шығармаларының берілу ауқымын анықтау; 
4. 
Эксперимент барысында қолданылған әдіс-тәсілдерді сараптап, үздік 
нәтижеге қол жеткізу. 
Зерттеу нысаны. Абай шығармаларын оқыту үдерісінде интерактивті 
әдістерді қолданудың дидактикалық мүмкіндіктерін анықтау жолдары.
Зерттеу жұмысында пайдаланған әдіс-тәсілдер: зерттеу мәселесіне 
қатысты психологиялық, педагогикалық және арнайы әдебиеттерді талдау 
және жинақтау, оқулықтар мазмұнында Абай өлеңдерінің қамтылу деңгейіне 
контент-талдау жүргізу, жүйелеу әдістері, қазақ тілі сабағында ұсынылған 
интерактивті 
материалдардың 
тиімділігін 
айқындауға 
арналған 
педагогикалық эксперимент. 
Зерттеудің ғылыми болжамы. Жалпы орта білім беретін мектептерде 
Абай шығармаларын интерактивті әдістер арқылы оқытқанда, оқушылардың 
шығармашылық қабілеттері артады, өзіндік ізденушілігі шыңдалады, өзін 
зерттеушілік қырынан көрсетеді, пәнге деген қызығушылығы оянады, 
сабаққа деген ынтасы артып, оқу-танымдық уәждемесі ұлғая түседі, соның 
нәтижесінде ұлы Абай тұлғасын өзіне үлгі етіп, «болмаса да, ұқсап бағатын», 
өз заманының «кетігін тауып, кірпіші болып қалануға» ұмтылатын 
шығармашыл оқушы тұлғасы қалыптасады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет