Баяр Күлшат абай шығармаларын интерактивті оқыту әдістемесі 7М01717- «Қазақ тілі мен әдебиеті»


 Қазақ тілі оқулықтарында Абай өлеңдерінің берілуі



Pdf көрінісі
бет6/28
Дата27.08.2023
өлшемі1.44 Mb.
#476243
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
абайды оқыиу

 
1.2 Қазақ тілі оқулықтарында Абай өлеңдерінің берілуі
Жалпы білім беретін мектеп реформасының жүзеге асырылуы сапалы 
оқулыққа тікелей байланысты. Мектеп оқулығы барлық оқу үрдісінің өзіндік 
озық үлгісі. Оқулық оқушылар үшін білімнің мазмұнын тасымалдаушы, яғни 
білімнің қайнар көзі болып табылады. Мұнда мектеп бағдарламасында 
қарастырылған негізгі ғылыми ұғымдар белгіленіп, мектепте оқуға 
бағытталған оқу материалының көлемі анықтала түседі. Сонымен бірге 
оқулық нақты білімдерді меңгеруге, оқу үдерісінде оқушылардың 
іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыруға, оқушылардың өз алдына 
дербес шығармашылық қызмет тәжірибесін меңгеруіне және өзіне қажетті 
ақпараттар табуына мүмкіндік береді. Оқулық мәселесі туралы біршама 
зерттеу жүргізген педагог-ғалымдар А.Құсайынов пен Ұ.Асылов оқулықтың 
мектеп өмірінде атқаратын рөліне тоқтала келіп: «Оқулық – білім, тәрбие 
алудың ең басты шарты, ол оқушының ынтасын арттырып қана қоймай, 
мұғалім дайындығының әлденендей кем-кетігін білдірмей жібереді. Жақсы 
оқыту да, жақсы оқу да оқулыққа тікелей байланысты», – дейді [32, 57].
Зерттеу жұмысымызда мектеп оқулықтарында Абай шығармалары 
қаншалықты қамтылған, әр оқулықта қандай тапсырмалар берілген, берілген 


19 
тапсырмалар Абай шығармаларына қатысты ма, әлде тек қана Абайға 
қатысты ма деген сұрақтар төңірегінде талдау жұмыстарын жүргізетін 
боламыз. Сонымен қатар оқушы мектеп өмірінде Абайға қатысты ақпаратпен 
қаншалықты танысады, «Абай» сөзінің кездесу жиілігі қандай, оқулық 
мәтіндерінде Абай шығармалары қаншалықты қамтылған, Абайдың қанша 
қарасөзі мектеп оқулықтарында кездеседі, диаграммаға енгізіп сараптама 
жұмысын жүргізетін боламыз. 
5-
10 сынып оқушыларының қазақ тілі, қазақ әдебиеті оқулықтарына 
талдау жасап, қорытындысын шығаратын боламыз. Оқулықтарға талдау 
жұмысын жүргізу барысында 5-сыныптың қазақ тілі және қазақ әдебиеті 
оқулықтарында Абай шығармалары мүлде кездеспеді. Бірақ аталған 
сыныптың қазақ тілі оқулығындағы «Адамның сырт келбеті мен мінезі» 
тарауында М.Әуезовтің «Абай жолы» романынан үзінді келтіріледі. Үй 
тапсырмасына Абайдың он сегізінші қарасөзін оқуға кеңес береді [33, 94]. 
Төмендегі кестеге назар аударайық. 
1-
кесте. Оқулықта Абай шығармаларының берілуі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет