Дюсупова А. А., Еспенбетова М. Ж



Pdf көрінісі
бет5/79
Дата04.09.2023
өлшемі4.88 Mb.
#476469
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   79
Гериатриянын манызды сурактары Еспенбетова 2013-01-01

ГЕРОНТОЛОГИЯ – 
 
ҚАРТАЮ ПРОЦЕСІН ЗЕРТТЕЙТІН ҒЫЛЫМ 
 
 Ол үш бөлімнен тұрады: 
1. Қартаюдың биологиясы. 
2. Гериатрия немесе гериатриялық медицина. 
3. Әлеуметтік геронтология. 
1. Қартаю биологиясы 
– бұл қартаю процесін зерттейтін сала (субжасушалық, жасу-
шалық, тіндік, ағзалық, жүйелік деңгейде). 
2. Гериатрия немесе гериатриялық медицина 
– егде және кәрі жастағы адамдардың ауруларының клиникалық 
ағымының, емі мен алдын алу ерекшеліктерін зерттейтін ғылым.
3. Әлеуметтік геронтология 
– өмір сүру шарттарының қартаю процесіне әсерін зерттейтін 
және сыртқы орта факторларының кері әсер етуін зерттейтін
ғылым. 
Қартаю – бұл дамудың генетикалық детерминантты, аяқтаушы, 
бұзушы кезеңі. Бірақ қартаю бұл ауру емес. 
Қартаюға қарама-қарсы процесс – витаукт деп аталады, ол жүйе-
лердің зақымдануын алдын алуға, өмір сүруді ұзартуға негізделген. 
Этагенез – қартаю және витаукт ұғымдарын біріктіреді. ЖОО 
бойынша жасқа байланысты жіктелу: 
45–59 – орташа 
60–74 – егде 
75 және жоғары – егде 
90-нан жоғары – ұзақ өмір сүрушілер. 
Сонымен қатар хронологиялық (күнтізбелік) және биологиялық 
жасты ажыратады.
Хронологиялық (күнтізбелік) жас өмір сүру санын (айлар, күн-
дер) білдіреді. Биологиялық жас ағзаның қартаю өлшемі, денсаулық 
өлшемін білдіреді. Жиі хронологиялық (күнтізбелік) биологиялық 
жаспен сәйкес келмейді. Адамдар сыртқы орта факторларына, ден-
саулығына, ауру-сырқаттарына байланысты өз жасынан жас немесе 
кәрі көрінеді. Егер күнтізбелік жас биологиялық жастан озса, өмір 
сүру ұзақтығы теорияға сәйкес 110-120 жыл дейін созылуы мүмкін. 



Қартаю механизмін жасушалық және молекулалық деңгейде зерт-
тейтін көптеген теориялардың ішінде негізгі екеуі бар. 
Біріншісі, жас ұлғая келе спецификалық белоктардың пайда 
болуына әкелетін генетикалық программа және геномның регуля-
циясының бұзылуы нәтижесінде белок биосинтезінің бұзылуы. Адам 
ағзасында белоктар ферменттер, гормондар, рецепторлар, ионды 
мембрана каналдары түрінде болады, соның нәтижесінде өмірлік 
процесстерді қамтамасыз етеді. Ал белок синтезіндегі бұзылыстар, 
сәйкесінше функцияның бұзылысына әкеледі.
Екіншісі, сыртқы ортаның қолайсыз факторларымен, бос ради-
калдардың әсерімен, спонтанды мутациямен шақырылатын ДНК мен 
РНК деңгейінде генетикалық ақпараттың бұзылуы.
Қартаю процесінің принциптері: 

Ауру нәтижесінде емес, қалыпты жасушалық деңгейде прогрес-
сивті нашарлау болады.

Биологиялық және хронологиялық жас арасындағы айырмашы-
лық жыл өткен сайын жоғарлайды.

Қалыпты жастық өзгерістер ағзаның резервті қабілетін, резервті 
көлемін азайтады. 

Көптеген қоршаған орта факторлары қартаю жылдамдығын 
өзгертпейді, бірақ ауруларға деген сезімталдыққа әсер етеді. 

Қартаю процесі қоршаған ортаның зақымдаушы факторларын
ауру, психоэмоциалды фактрларды нығайтады. 

Көптеген лабораторлы белгілер жас ұлғая келе өзгеріске ұшыра-
майды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   79




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет