119
– кардиотоксикалықтың болмауы;
– басқа препараттармен әсерлесуінің болмауы;
– қабылдау ыңғайлылығы (тәулігіне 1-2 рет)
Сульфанилмочевинаға жататын дәрілік заттар
Осы топтағы препараттардың әсер етуінің негізгі механизмін-
де ұйқы безіндегі эндогенді в-клеткаларының секрециясының
стимуляциясы жатыр. Біз қолданылатын
Сульфанилмочевина пре-
параттарының класына негізгі 5 зат кіреді. Олардың әрқайсысы-
ның қолдансы өзгешелігі, ерекшелігі мен нишасы бар (табл 20).
Сульфанилмочевина препараттарының ең ауыр жағымсыз әсеріне
гипогликемия дамытады. Гипогликемия
даму қаупі препараттың
әсер ету ұзақтығы мен оның метаболизм ерекшеліктеріне байла-
нысты. Препараттың жартылай шығару уақыты неғұрлым ұзақ
болса, соғұрлым гипогикемия даму қаупі жоғары. Сөзсіз гипогли
кемияның жоғарлауына әкелетін
қаупі төмен препараттар, ол
негізінен бауырда метаболизденетін препараттар ( гликвидон),
немесе бүйрекпен белсенді емес метаболиттер түрінде шығарыла-
тын препараттар ( гликлазид). Метаболизмнің осындай түрі қант
деңгейін төмендетуші препараттардың кумуляциясына әкелмейді,
яғни бүйректің фильтрационды функциясы аздап төмендегеннің
өзінде гипогликемия тудырмайды. Сондықтан гликлазид және глик-
видон препараттарын қарт адамдарда аздаған бүйрек жетіспеуші-
лігі болған кезде де қолдануға болады (қан
сарысуы құрамында-
ғы креатинин 300 мкмол/л-ге дейін). Қарт науқастарда қосымша
артықшылыққа препараттың жаңа формасы гликлазид – МВ (мед-
ленного высвобождения) ие болды. Қарапайым гликлазид сияқты,
сондай фармакокинетикалық ерекшеліктеріне (жартылай шығару уа-
қыты, метаболизм ерекшеліктері ) ие
бола отырып, гликлазид – МВ
қабығының арнайы гидрофильді толымдылығына байланысты, ол
баяу босатылады және қан айналымына 24 сағат ішінде түседі, со-
ның әсерінен тәулік бойы препараттың концентрациясын ұстап
тұрады. Сондықтан осындай препаратты тәулігіне тек 1 рет қана
гипогликемиялық реакцияның дамуынан
қорықпай қолдануға бола-
ды. Көпорталықты екі еселенген соқыр зерттеу кезінде осы препа-
ратты 10 ай бойы мың науқас қабылдаған, абсолютті қауіпсіздік
120
пен жоғары эффективтілікті көрсеткен. 75
жастан жоғары науқас-
тарда гипогликемиялық жағдайдың жиілігі 1 айда 100 науқасқа
шаққанда 0,9 жағдайдан аспаған. Бұнвмен бірге, препараттарды
тәулігіне 1 рет қабылдау науқастардың
емге деген ниеттілігін жо-
ғарлатқан ( комплайнс).
Достарыңызбен бөлісу: