Дюсупова А. А., Еспенбетова М. Ж


Егде жастағы ҚД 2 қант төмендетуші терапия



Pdf көрінісі
бет58/79
Дата04.09.2023
өлшемі4.88 Mb.
#476469
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   79
Гериатриянын манызды сурактары Еспенбетова 2013-01-01

Егде жастағы ҚД 2 қант төмендетуші терапия 
ҚД 2 ауыратын егде жастағы адамдарды емдеу үлкен және
қиын жұмыс, себебі олар көптеген қосалқы аурулардың болуымен,
көптеген дәрілік препараттардың тағайындалуымен (полипрагма-
зия), әлеуметтік факторлармен (жалғыздық, кедейлік, шарасыздық),
когнитивті дисфункциялармен, үйрену қабілетінің төмендеуімен және 
емнің қонбауымен (төмен комплайнс) ауыртпаланған. 
Қазіргі заманғы ҚД 2 егде жаста емдеу принциптері 
бұрынғыдай болып қалады 
 
Диета + физикалық жүктеме; 
Пероральды қант төмендетуші препараттар; 
Инсулин және комбинирленген терапия.
 
Диета 
Егде жастағы ҚД 2 науқас адамдардың тамақтануының негізгі
принциптері жас пациенттерге тағайындалатын диетадан ерекше-
лігі жоқ – тағамның каллориясын төмендету, жеңіл сіңірілетін кө-
міртектерді пайдаланбау. Бірақ, егер науқас жас ерекшеліктері не-
месе әлеуметтік ерекшеліктеріне байланысты диета сақтауына ша-
масы келмесе, оны талап етпеу керек.
 
Физикалық жүктеме 
Физикалық жүктеме – ҚД 2 науқастарды емдеуде міндетті құ-
рылымы болып табылады, себебі перифериялық тіндердің инсу-


118 
линге сезімталдығын жоғарлатады, инсулинрезистенттілікті төменде-
теді, қан сары суының атерогенділігін төмендетеді, АҚҚ төмен-
детеді. Физикалық жүктеме режімін әр науқасқа, оның қосалқы
ауруларын және ҚД асқынуларының айқындылығына байланыс-
ты индивидуальды тағайындалады. Ең жалпылама нұсқаулықтарға
күніне немесе күн аралата 30-60 минут серуендеу жатады. Ұзақ
жүктемелер тағайындалмайды, себебі жүрек қантамыр аурулары-
ның асқынуын және гипогликемиялық провакациясын шақырады.
Пероральды қантты төмендетуші дәрі-дәрмектер: 
Қазіргі кездегі диабетологиядағы қолданылатын пероральды қант
төмендетуші препараттардың 5 негізгі тобы бар:
 Сульфанилмочевина препараттары (гликлазид, гликвидон, гли-
пизид, глимепирид, глибенкламид)
 Меглитинидтер (репаглинид) және фенилаланин туындылары 
(натеглинид) 
 Бигуанидтер (метформин) 
 Тиазолидиндиондар (пиоглитазон, розиглитазон) 
 а-глюкозидаза ингибиторлары (акарбоза) 
Сульфанилмочевина және меглитинид препараттары ұйқы бе-
зінде инсулин секрециясының стимуляторлары болып табылады.
Бигуанидтер мен тиазолидиндиондар инсулинрезистенттілікті жоя-
ды: бигуанидтер негізінен бауыр деңгейінде, бауыр глюконеоге-
незін блоктайды, тиазолидиндиондар негізінен, перифериялық тін-
дер деңгейінде, бұлшық ет тінінің инсулинге сезімталдығын жо-
ғарлатады. а-глюкозидаза ингибиторлары глюкозаның ішекте ыды-
рауына қатысатын ферментті блоктау арқылы глюкозаның АІЖ 
на сіңірілуіне кедергі жасайды. Осы препараттарды таңдау кезінде
осы науқаста ҚД 2 дамуында қандай механизм басым екенін 
елестете білу керек. ҚД 2 науқастанған қарт адамдар үшін опти-
мальды қант деңгейін төмендетуші препарат бінеше топтарға сай
болу керек, солардың ең негізгісі – "зиян келтірме".


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   79




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет