Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Операциялық жүйенің негізгі қызметтері



Pdf көрінісі
бет132/259
Дата04.09.2023
өлшемі4.76 Mb.
#476513
түріОқулық
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   259
bidaibekov Инф оқыту әдістемесі

Операциялық жүйенің негізгі қызметтері. Жүйелік ПЖ 
қызметін түсіндіру күрделі болып табылады. Оқушыларға жүйелік 
ПЖ компьютердің өзіне қызмет жасауға, оның құрылғыларының 
жұмысын басқаруға арналғандығы туралы түсінік беру керек. 
Жүйелік ПЖ негізгі бөлігі операциялық жүйе болып табылады. 
Операциялық жүйе – бұл өте күрделі программалық жүйе. Базалық 
курс аясында оның құрамы мен қызметін толық түсіндіру мүмкін 
емес жəне қажет емес. Бірақ операциялық жүйенің жалпы қызметі, 
компьютер жұмысындағы рөлін оқушылар елестете білуі тиіс.
Алдымен оқушыларға мектеп компьютерлерінде қолданылған 
операциялық жүйе атауын хабарлау қажет. Мысалы: «Біздің 
компьютерлер Windows XP (Windows-2000, немесе Linux) 
операциялық жүйелер басқарумен жұмыс істейді». Қазіргі кезде 
Windows – барлық дербес компьютерлерге арналған кең таралған 
операциялық жүйе. Windows-тің кеңінен таралуы себептері: 
қолайлылығы, түсініктілігі, графикалық интерфейсі, бірнеше 
программалармен қатар жұмыс жасау мүмкіндігі жəне жаңа 
жабдықтардың автоматты түрде бапталуы [2]. Операциялық жүйенің 
компьютер жұмысын басқаратындығы баса айтылуы керек.


348
Компьютерді іске қосуда ЭЕМ оперативті жадында операциялық 
жүйенің іске қосылуы жүзеге асырылады. Нақтырақ айтқанда
оперативті есте сақтау жадысында магниттік дискіден операциялық 
жүйенің ядросы жүктеледі, ол компьютер жұмыс істеп тұрғанда 
оперативті жадыда тұрақты сақталып тұрады. Операциялық жүйе 
сақталатын жəне оның іске қосылу жүзеге асырылатын диск жүйелік 
диск деп аталады.
Кез келген операциялық жүйе типінен тəуелсіз негізгі 3 қызмет 
атқарады:
1. компьютер құрылғысын басқару;
2. пайдаланушымен өзара əрекет;
3. файлмен жұмыс.
Басқаша мүмкіндіктеріне үңілмей-ақ, мұғалім оқушыларға 
сыныпта қолданылатын нақты операциялық жүйе мысалында 
операциялық жүйенің қызметтері туралы түсінік қалыптастыру 
керек. Бұл түсініктер ДК пайдаланушының жұмысына қажетті 
мəліметтер аясында тоқталу керек.
Компьютерде жұмыс істей білуге үйрену – бұл алдымен 
операциялық жүйемен өзара əрекеттесуге үйрену болып табылады. 
Компьютерлік терминологияда пайдаланушы мен программаның 
өзара əрекеттесу тəсілін белгілеу үшін «пайдаланушы интерфейсі» 
термині 
қабылданды. 
Пайдаланушы 
интерфейсі 
жүйеге 
келтілтірілгендігі өте ыңғайлы. Тарихи тұрғыдан операциялық 
жүйеге бір жүйеге келтірілген алғашқы интерфейс – Norton 
Commander (NC) диалогтық қабықшасының ортасы болды. Оның 
аналогтары əртүрлі операциялық жүйелерде жүзеге асырылған (мы-
салы, FAR, Windows Commander). Бір жүйеге келтірілген жүйелік 
интерфейстің мысалы Windows-тың «Жұмыс үстелі» болып табы-
лады.
Бұл 
объектілі-бағытталған 
графикалық 
орта. Windows 
операциялық жүйесінің жаңа нұсқаларының пайда болуымен ол 
жетілдірілуде, бірақ негізгі принциптер пайдаланушыға қолдануға 
ыңғайлы болуы үшін сабақтастықты сақтау үшін сақталады.
Операциялық жүйелермен жұмыс істеудің негізгі пайдаланушы 
дағдысы:
– қажетті программаны таба білуі мен оның орындалуын бір 
жүйеге келтіре білуі;
– файлдармен негізгі операцияларды орындай білуі – көшіруі, 
тасымалдауы, өшіруі, атын өзгертуі, файлдың мазмұнын қарауы;


349
– компьютердің жағдайы, дискі, файлдардың өлшемі мен 
типтері туралы анықтамалық ақпаратты алуы.
Операциялық жүйенің пайдаланушымен қарым-қатынасы келесі 
түрдегі диалогтық режимде жүзеге асырылады:
«ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕНІ ШАҚЫРУ» – «ПАЙДАЛАНУШЫ 
БЕРЕТІН КОМАНДА»
Бұрын пайдаланылатын ДК операциялық жүйелерінде (СР/М, 
MS DOS) пайдаланушы командалар тілін оның синтаксисінің барлық 
мүмкіндіктерімен білуі тиіс еді. Қазіргі ОЖ пайдаланушымен диалог 
диалогтық қабықшалар арқылы орындалады. Бірақ диалогтық 
қабықша пайдаланылса да немесе пайдаланылмаса да кез келген ОЖ 
өзінің командалар тілі бар.
Диалогтық қабықшамен жұмыс істей отырып, пайдаланушы 
ОЖ командаларын қалыптастырады, мұнда ол оның жұмысын 
жеңілдететін қосымша құралдарды пайдаланады. Қабықшалармен 
жұмыс істеуде ОЖ шақыру белгісі экранда қабықша ортасының 
(интерфейс) көрінуі болып табылады: NC немесе Windows жұмыс 
үстелі тақтасы. Пайдаланушы берілген экрандағы менюден таңдау 
жолымен, пернелердің қандай бір тобын немесе функционалдық 
пернелерді басу арқылы команда береді. Бірақ пайдаланушы қандай 
командаларды бере алатындығын жəне оны қалай жасау керектігін 
түсінуі керек. Қазіргі ОЖ интерфейс қабықшасы пайдаланушыға 
қолдануға ыңғайлы жасалған. Онда көптеген түсіндірмелер мен 
қосымша түсініктер қолданылады.
Объектіге-бағытталған ортадағы жүйелік жəне қолданбалы 
программалармен жұмыс тəсілдері жеткілікті түрде бір жүйеге 
келтірілген. Оқушылар нысанды ерекшелеуге, нысанға əрекет 
жасауды жүзеге асыруға, нысанның қасиетін анықтауға үйренуі тиіс. 
Бір жəне сондай əрекетті түрлі тəсілдермен: басты меню, жанама 
меню, функционалды немесе «ыстық» пернелерді, құрал-саймандар 
тақтасын басу арқылы орындауға болатындығына назар аудару 
керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   259




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет