352
11. Қандай жалпы түсініктерді жəне объектіге-бағытталған тех-
нологиялар қасиеттерін оқушылар оқып-үйренуі тиіс?
Зертханалық тəжірибе
Тақырып: «Компьютер ақпаратты өңдеудің əмбебап құрылғысы
ретінде».
Компьютерді ақпаратты өңдеудің əмбебап
құрылғысы ретінде
оқып-үйренуді келесі схема түрінде жүзеге асыруға болады: ком-
пьютер құрылғысы жəне олардың қызметі – компьютер жұмысының
программалық принципі – программалық жабдықтама құрылымы –
операциялық жүйелер – файлдық жүйе – графикалық пайдаланушы
интерфейсі.
1-сабақ
Тақырып: «Компьютер құрылғысы жəне
олардың қызметін
оқып-үйрену əдістемесі».
Дидактикалық мақсаты: Компьютер құрылғысы жəне олардың
қызметін оқып-үйренудің əдістемелік
аспектілерін бейнелейтін
жалпы кəсіби дайындықтың білімдік компонентін игеру.
Оқытуды ұйымдастыру формалары: сараланған-топтық.
Оқыту технологиялары мен əдістері: жағдайлық тапсырмаларды
шешу əдісі.
Оқыту құралдары: оқу-əдістемелік əдебиет [2,3].
Студенттердің алдын ала дайындығы: Компьютер құрылғысы
жəне олардың қызметін оқып-үйренудің əдістемелік тəсілдерімен
таныстыру.
Достарыңызбен бөлісу: