353
Схемалар-графтар информатика
бойынша оқу материалының
құрылымын бөлшектеп жеке элементтерге (фреймдер) бөлу жəне
олардың арасындағы ішкі логикалық
байланысты оларды қосатын
жəне бағытталған сызықтар көмегімен белгілеу жолымен бейнелейді.
Блок-схемалар үшін кеңістіктік жəне
уақыттық алгоритмнің
бейнесіне тəн, олардың
фреймнен маңызды айырмашылығы, бей-
неленген материалдың құрылымы қатты, яғни схемада бір элемент
болмаса себеп-салдар байланыстарында үзіліс пайда болады [4].
Егер құрылымы аяқталмаған түрде немесе сабақта құрастырылса
кестелік-матрицалық құрылымды информатиканы оқыту үдерісінде
қолдану тиімді. Құрылымдық-логикалық схемаларды схема-графтар
деп атайды, олардың элементтері дидактикалық
жіктеулер нысан-
дары жəне білімнің мағыналық байланыстары немесе оқу пəнінің
тақырыптары болып табылады.
Функционалды құрылымдық-
логикалық схемалар формуламен, графикамен, суретпен (элемент-
тер қызметтік мазмұнын ашатын) толықтырылған оқу материалының
графын көрсетеді.
Оқытудың технологиялық компоненті
І. Оқу ақпаратын құрылымдау.
1-тапсырма.
Мектеп оқулықтарында
қандай компьютер
құрылғылары
(олардың
қызметі
мен
сипаттамасы)
қарастырылатындығын талқылаңыз.
2-тапсырма. Сыртқы жады құрылғысын жазба тəсілі жəне
ақпаратты санауы бойынша жіктеңіз. Нəтижелерін
қызметтік
құрылымдық-логикалық схемалар түрінде көрсетіңіз.
Достарыңызбен бөлісу: