358
Объектінің бастапқы жағдайынан соңғы жағдайына түрлену
үдерісін сипаттайтын орындаушыға түсінікті
нұсқаулардың
көмегімен жазылған əрекеттердің қатал тізбегін алгоритм деп
атайды.
Қарапайым жағдайда алгоритм дегеніміз
алға қойған мақсатқа
жету үшін орындалатын əрекеттердің тізбегі.
Бұл жүйенің орталық объектісі алгоритмді орындаушы болып
табылады. Орындаушы – алгоритмді құрастыру үшін
басқарушы
объект (немесе субъект) болып табылады. Басқарудың көз қарасында,
орындаушының сипаттамасы – орындаушының командалар
жүйесі (ОКЖ) болады. Бұл орындаушы түсінетін жəне
орындай
алатын көптеген шекті командалар. Əртүрлі жұмысты орындау
үшін, орындаушы, енгізер алдында алгоритм, ал шығарар алдында
берілген нəтиженің шешімін алады.
Алгоритм өзіне тек ОКЖ-ге енетін
командаларды ғана енгізе
алады. Алгоритмге деген талап
түсініктеме қасиеті деп аталады.
Алгоритмнің келесі бір қасиеті –
дəлдік. Əрбір команда атқарушы
əрекетінің бірізділігін анықтау үшін құрылу керек. Мысалы, аспазды
атқарушы
ретінде алып, оның тағам дайындау рецепті бойынша
алгоритм құралық. Бірақ рецептің бір бөлімінде “Бірнеше
қасық
қант салу” – деп жазылса, ол мысал дұрыс болмайды. Неше қасық,
қандай қасық (шай қасық, ас қасық)? Əр аспаз өз түсінігі бойынша
жасайды жəне нəтижесі əртүрлі болады. Мысалды дəл келтіру үшін
былай жазамыз: “2 ас қасық қант салу”.
Орындаушы жұмысы тізбекті формальданған алгоритмнің
орындаушы командасынан құралды.
Бұл жерден автоматты
арындаушы мүмкіндігі тууы мүмкін деп үміттенуге болады. Мұндай
алгоритмнің автоматты орындаушысы компьютер болып табылады.
Алгоритмнің анықтамасында берілген тағы бір қасиеті –
шектелу. Ол былай бейнеленеді: алгоритмнің орындалуы жəне
ізделінген қорытындыны алу – шеткі сан қадамның алдында аяқталуы
керек. Мұнда əр қадам алдында жеке команданың орындалуы жүзеге
асады. Бұл қасиет программист циклданбаған деп атаған жағдайды
ескерту болып табылады. Шексіз орындалатын алгоритм нəтижесіз.
Сондықтан
шектелу қасиетін алгоритмнің
қорытындысы деп те
атайды.
Əдебиеттерде алгоритімнің тағыда мынадай екі қасиеті кездеседі:
Достарыңызбен бөлісу: