Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет136/259
Дата04.09.2023
өлшемі4.76 Mb.
#476513
түріОқулық
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   259
bidaibekov Инф оқыту әдістемесі

ІІ. Жағдаяттық есептер.
1-жағдаят. Жаңа білімді меңгеру сабағын жоспарлай отырып, 
мұғалім келесідей бақылау сұрақтарын тұжырымдады: ақпаратты 
енгізу құрылғысы қандай қызметті қамтамасыз етеді? Қандай негізгі 
пернелер топтарын пернетақтада ерекшелеуге болады жəне олардың 
қызметі қандай? Енгізу координаттық құрылғыларының қандай 
типтері бар жəне олардың əрекет принципі қандай жəне т.б.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Сабақта қандай тақырып оқып-үйретіледі? Оқушылар қандай 
компьютер құрылғыларымен танысады?
2. Сабақтың негізгі ұғымдары жұмысын ерекшелеңіз жəне 


354
түсіндірмелі сөздік құрастырыңыз. Бақылау сұрақтарының тізімін 
толықтырыңыз.
3. Жаңа материалды оқып-үйрену кезеңінде талқылау үшін 
эвристикалық сұрақтарды ұсыныңыз. Оқушылардың субъективті 
тəжірибесін сабақты табысты өткізу үшін қалай қолдануға болады?
2-жағдаят. Мұғалімге «Компьютерлендірілген киім» қызықты 
фактісі кезікті: Токиода жапондық электрондық корпорациялардың 
бірі болашақ киімін көрсетті (текстиль мен жоғары технологияларды 
біріктіру).
Күртеше жеңіне кішкене жатық экран жəне миниатюрлі 
пернетақта қойылған. Мини-компьютер интернетке ұялы байланыс 
бойынша кіреді. Егер күртешеге тыңдағыштарды микрофонмен 
бірге қосса, онда ұялы телефон туралы ұмытуға болады, өйткені 
жеңде əңгімелесушінің суретін көруге болады.
Практикалық тапсырмалар
1. Аталған фактіні информатика сабағында қалай пайдалануға 
болады? Аталған факт бойынша «Ұғымдар ағашы» схема-графын 
құрастырыңыз. 
2. Оқушылардың пəн бойынша қосымша материалдарды оқып-
үйренуге бағытталған өзіндік жұмысын қалай ұйымдастыру керек?
Əдістемелік ұсыныстар
Сабақта оқу ақпаратын құрылымдауға арналған жəне 2 жағдаяты
шешу үдерісінде тапсырмаларды орындау үшін іздеу жүйесін пайда-
лану мақсатқа лайық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   259




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет