1. Жоғары медициналық оқу орындарының медициналық мамандықтар бойынша оқып
бітірген түлектері Қазақстан Республикасы дәрігерінің антын қабылдайды. Ол мынадай
мазмұнда: "Дәрігердің құрметті атағын қабылдап отырып, өз ұстаздарым
мен әріптестерімнің
алдында өзімді азаматтардың денсаулығын сақтауға барынша бағыштап, ұлы
дәрігерлік іске
адал әрі қалтқысыз қызмет етуге салтанатты түрде ант етемін. Өз қызметімде олардың
денсаулығы ең жоғары құндылық болып табылатын өз пациенттерімнің мүдделерін басшылыққа
алатыныма ант етемін. Жасына, жынысына. ұлтына,
дін ұстанымына, әлеуметтік жағдайы мен
азаматтығына қарамастан оған мұқтаж әрбір адамға бірдей ықтияттылықпен және
шыдамдылықпен медициналық қызмет көрсетуге ант етемін. Дәрігерлік құпияны сақтауға, оны
ешқашанда пайдакүнемдік мақсатта пайдаланбауға ант етемін.
Өз білімі мен машықтарымды
ұдайы жетілдіруге, өзіме де өз шәкірттеріме де талапшыл болуға, ешқашанда риясыз көмек
көрсетуден бас тартпауға және егер оны пациенттің мүддесі талап етсе, әріптестеріммен
кеңесуге ант етемін. Қазақстандық медицинаның лайықты дәстүрлерін сақтауға әрі байытуға,
мені дәрігерлік өнеріне үйреткен адамдарға алғыс білдіре отырып, құрметтеуге ант
етемін."
Достарыңызбен бөлісу: