Кодексінің жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін. Қазақстан Республикасының


-бап. Дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар және



Pdf көрінісі
бет85/262
Дата05.09.2023
өлшемі2.77 Mb.
#476599
түріКодекс
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   262
5 КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН на каз

166-бап. Дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар және
медициналық техника туралы ақпарат
Қазақстан Республикасының аумағында пайдалануға рұқсат етілген жаңа дәрілік 
заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар және медициналық техника туралы, мемлекеттік 
тіркеуден өтпеген, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтін 
дәрілік заттар туралы, мемлекеттік тіркеу туралы шешімді қайтарып алу жөнінде, сондай-ақ 
дәрігердің рецептісі бойынша босатылатын дәрілік заттар туралы ақпарат медицина және 
фармацевтика қызметкерлеріне арналған мамандандырылған баспа басылымдарында жарияланады.
8-бөлім. Денсаулық сақтау саласындағы білім беру және ғылыми
қызмет
28-тарау. Денсаулық сақтау саласындағы білім беру қызметі
167-бап. Денсаулық сақтау саласындағы білім беру қызметі
1. Денсаулық сақтау жүйесі үшін кәсіби ғылыми-педагог, медицина және фармацевтика 
қызметкерлерін даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру денсаулық сақтау 
саласындағы білім беру қызметінің міндеттері болып табылады.
2. Денсаулық сақтау саласындағы білім беру қызметі Қазақстан Республикасының 
заңнамасына сәйкес жоғары, ортадан кейінгі, техникалық және кәсіптік, жоғары оқу орнынан 
кейінгі және қосымша кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын медициналық және 
фармацевтикалық білім беру ұйымдарында және білім беру ұйымдарының медициналық және 
фармацевтикалық факультеттерінде жүзеге асырылады. Медициналық білім беру 
бағдарламаларын іске асырудың міндетті шарты - клиникалық базалар болуы болып табылады.
3. Мемлекеттік жалпыға бірдей стандарттарды және медициналық және фармацевтикалық 
білім берудің үлгі оқу бағдарламаларын, сондай-ак жоғары медициналық білім беру 
ұйымдарының клиникалық базалары туралы ережелерді денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті 
орган бекітеді.
4. Жоғары, ортадан кейінгі, техникалық және кәсіби медициналық білім берудің 
міндетті бағдарламаларын игерген адамдар үшін мемлекеттік үлгідегі диплом және маманның 
сертификаты олардың медициналық ұйымдарда қызмет лауазымдарын иеленуіне негіз болып 
табылады.
5. Жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық және фармацевтикалық білім беру 
резидентураны, магистратураны және докторантураны қамтиды. Резидентурада оқыту 
ережелерін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
6. Қосымша кәсіптік білім беру (жоғары және/немесе орта оқу білімнен кейінгі 
және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі және фармацевтикалық білім беру) қызметіне 
лицензиясы бар медициналық білім беру және ғылыми ұйымдарда жүзеге асырылады. Қосымша 
кәсіптік білім берудің негізгі нысандары біліктілік артыру және қайта даярлау болып 
табылады.
7. Клиникалық ординатурада, резидентурада медициналық және фармацевтикалық 
қызметкерлерді даярлау тәртібін, сондай-ақ медициналық және фармацевтикалық кадрларды
оның ішінде шет елде де біліктілігін арттыру әрі қайта даярлаудың тәртібін білім беру 
саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
8. Медициналық және фармацевтикалық білімі бар мамандарды даярлауды жоспарлауды 


білім беру саласындағы уәкілетті орган, сондай-ақ денсаулық сақтауды мемлекеттік басқару 
саласындағы жергілікті органдар саланың қажеттіліктерін ескере отырып, жүзеге асырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   262




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет