87
Балқыту кезінде негізгі және қоспа металдар қайнау температурасына жақын
температураларға жетіп, қатты қызады, бірқатар жағдайларда балқитын металдың айналасында
газ ортасының бар болуы оның тотығуына, оларды еріту жолымен басқа газдармен өзара
әрекеттесуіне әкеледі. Осының барлығы балқытып қаптастырылған
металдың химиялық
құрамын өзгертеді, онда оксидтер мен басқа металл емес қосындылардың пайда болуына,
сондай-ақ қуыстар мен жарықшықтардың түзілуіне әкеледі. Балқытып қаптастырылған металл
қоспалардан неғұрлым таза болса, пісірме жіктің механикалық қасиеттері соғұрлым жоғары
болады. Пісірме жіктің сапасын жоғарылату үшін сұйық металды ауаның әсерінен қорғайтын,
арнайы
газ ортасын құрайды, сұйық ваннаны қышқылсыздандырады да, арнайы қождармен
жабады.
Аймақтар: I – аса қыздыру; II – қалыптандыру; III – толық емес қайта кристалдану;
IV – қайта кристалдану; V – көгере сынғыштық
1 – пісірме жік; 2 – балқытпалау бөлігі; 3 – пісірме жіктің термиялық әсер ету облысы
5.4-сурет – Пісірме жіктің құрылысы және оның термиялық әсер ету аймақтарындағы
құрылымдық түрлендірулер
Жоғарыда көрсетілгендей, доғалы пісіру кезінде екі электрод арасындағы электр доғасы
жылу көзінің қызметін атқарады, олардың біреуі пісірілетін дайындама болып табылады.
Электродтардың материалына және санына, сондай-ақ электродтар
мен дайындаманы электр
тогы тізбегіне қосу сұлбасына байланысты доғалы пісірудің бірнеше тәсілін ажыратады (5.8-
сурет).
Электрод пен бұйымның арасында –
тура әрекетті доғамен пісіру тәсілі аса кең
қолданыс тапты (5.8-сурет,
а). Пісірудің бұл тәсілі кезінде бұйым бетін қыздырудың меншікті
қуаты едәуір жоғары, ал пісіру орнының айналасында қыздыру аймағы – кіші.
Тура әрекетті доғамен пісіру кезінде бұйым қызады да, басты түрде пісірілетін металмен
электрлік байланысты емес доға діңгегінің сәуле шығаруынан балқиды (5.8-сурет,
б). Қыздыру
процесін доғаны бұйымға жақындатып немесе одан бұрып әкетіп оңай реттеуге болады,
сонымен бірге бұйымның бетін қыздырудың меншікті қуаты үлкен болмайды.
Сондықтан
бұйымды мұндай доғамен қыздыру салыстырмалы түрде баяу және жеңіл өтеді. Қазіргі уақытта
жанама әрекетті доғамен пісіруді қолданбайды.
Достарыңызбен бөлісу: