М. С. Атабаева PhD доктор, профессор



Pdf көрінісі
бет31/89
Дата07.09.2023
өлшемі2.57 Mb.
#476850
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   89
Бисенбаева

метеорологиялық жағдайлар;  

этнолексиканың маңызды саласы – кісі аттары мен туыстық атаулар. 
Ұлттық бояу мен ұлттық мінез-құлықты танытатын атаулар жүйесі 
антропологиялық фактор болып табылады; 

жан-жануарлар дүниесі мен өсімдіктер әлемі, оны пайдалануға қатысты 
халықтық дүниетаным өз алдына зерттеліп жүрген мәселе қатарына жатады. 
Этнолексиканың қалың қабатын құрауға негіз болатын ендігі бір фактор – жан-
жануар және өсімдіктер әлемі.  


62 
Ж.Манкееваның тұжырымдарына қарағанда, мәдениет лексикасының 
идеосемантикасын экстралингвистикалық факторлар арқылы анықтауға 
фольклордың тілдік деректері көп септігін тигізумен қатар, фольклорлық тілдік 
ақпараттардың этномәдени ерекшеліктерін зерттеу – бұл қазынаның мәдени 
мұрагерлік қызметінің теориялық мәнін ашуға ықпал етеді [40,60-62-бб.]. 
Идеосемантикалық жүйенің құнды этнолингвистикалық мәліметтерге бай 
тілдік саласының енді бірі – киелі (сакральды) лексика. Сакральды лексика – 
қазақ халқының наным-сенімдері, әдет-ғұрыптары мен ырым-жоралғыларына 
байланысты мифологиялық сипаттағы әртүрлі ақпараттар мен мәліметтерін 
таңбалайтын лексикалық бірліктері. А.Керімбаев: «Қазақ тілінің сакральды 
лексикасын киелі семантикасы мен қызметі бар магиялық (фидеистік) сөздер, 
сонымен қатар, магиялық, киелі денотаттар (нысаналарды) атайтын 
адамдардың, заттардың, географиялық және ғарыштық нысаналардың, дене 
мүшелерінің, жануарлар мен құстардың атаулары құрайды. Киелі сөздер 
сакральды-емшілік коммуникацияда қолданылатын магиялық вербалды 
мәтіндер түзейді» [68,3-б.],-деп, сакральды лексиканың құрамын анықтайды. 
Адам өмірінде заттар утилитарлық (профандық) және семиотикалық 
(символикалық) қызмет атқаратындығы белгілі. А.Керімбаев сакральды қызмет 
деп заттың (құралдың, киім-кешектің, баспананың және т.б.) семиотикалық 
қызметін атайды. Мысалы, қазақ киіз үйінің құрылымындағы және тіршілік 
кеңістігіндегі заттар (бөліктер) – шаңырақ, төр, босаға, ошақ, т.б. утилитарлық 
қызмет атқара отырып, семиотикалық мәні бар сакральды мазмұнға өте бай 
болып келеді деп есептейді. А.Керімбаевтың тұжырымдауынша, қазақ халқы 
дүниетанымындағы сакральды әлем лексикасы тек заттық (материалдық) 
мәдениеттен ғана емес, рухани әлемінен де көрінеді. Қазақ сакральды 
лексикасында қазақтардың рухани әлеміндегі киелі мәнді ұғым мен түсініктерді 
білдіретін, атайтын сөздер бар [72,9-10-бб.]. Аймақтық лексикадағы: қазандық, 
қазанжап, қазанжаппа, қазанұшық т.б. «қазан» ұғымынан тарайтын сөздер мен 
баспана жүйесіне енетін шатпа т.б. атауы – осы сакральды бірліктер тобын 
толықтырады. 
Г.Смағұлова ұлттық мәдениеттің негізі ұлттық мінез, ұлттық сезім және 
салт-дәстүр деп есептейді: «Мәдени тіршіліктің белгілері мен түрлері, олардың 
ұлттық сипаты қаншама ғасыр өтсе де, тек тілде ғана сақталады. Кейінгі ұрпақ 
этностың жүріп өткен жолын оның тілінде сақталған түрлі атаулары арқылы 
танып біле алады. Ұлт болмысын айқындайтын рухани және материалдық 
игіліктер ерекшеліктерін тек этномәдени лексика ғана сипаттап жеткізе алады» 
[69,185-б]. Жер бетін мекендейтін ұлттардың өзіндік ерекшелігі мен өзге 
ұлттардан айырмашылығы оның күн көрісі мен өмір сүру жағдайына қарай 
қалыптасқан әдет-ғұрыптары мен салт дәстүріне байланысты. Бұдан ұлттық 
мәдениеттің өсіп-өнуі белгілі географиялық ортада тілдік және діни 
факторлардың әсерінсіз болмайтыны байқалады. Қай халықты болмасын 
зерттеп түсіну үшін «сырт көз» алдымен осы ерекшеліктерге назар аударады. 
Оны Шығыс елдерін зерттеу үшін арнайы келген европалық ғалымдардың бірі 
Плано Карпинидің: «Итак, желая написать про деяния Татар, мы опишем их, 


63 
чтобы читатели могли легче разобраться по главам следующим образом: в 
первой расскажем об их земле, во второй – о людях, в третьей – об обычаях, в 
четвертой – о нравах, в пятой – о державе их, в шестой – о войнах, в седьмой – 
о странах, подчиненных ими своей власти, в восьмой – о том, надлежит с ними 
встретиться на войне, в последнией – о пути, которой мы совершили...» [70,24-
б.],-деп, аталған салаларға қысқаша сипаттама береді. Ал Г.Рубрук аталған 
мәселелерді қарастыра отырып, олардың ішкі микротоптарына да назар 
аударады. Тұрғын халықтың көшпелі өмір салтын, мекен-жайының, оның ішкі 
бөлігінің орналасу ерекшелігін, сусын, қымыз ішу салттарын т.б. сипаттайды 
[71,24-б.]. Ш.Уәлихановтың жазбаларында да Шығыс халықтарының ежелгі 
мәдениетін танытатын этномәдени дерек мол [72].
Этномәдени лексиканың өзегін құрайтын этнолингвистикалық қағида 
болса, оның негізгі тармақтары – осы көрсетілгендер, яғни макрожүйе, ал 
микрожүйе тақырыптық топтарда анықталады. Оны Ж.Манкеева былайша 
түйіндейді: «Этнолексика түрінде сақталған ұшан-теңіз байлық кез келген жеке 
тілдік фактіге байланысты емес, белгілі жүйе бойынша, мағыналық 
тақырыптық топтарға бөлініп, өзара жіктеліп, сараланып зерттелуге тиіс, 
өйткені кез келген тілдің лексикасы белгілі бір қарым-қатынастар мен 
байланыстардағы тақырыптық семантикалық топтардың негізіндегі тілдің 
құрылымдық жүйесінен құралады» [40,83-,б.]. Тіл ғылымында тақырыптық топ 
және лексика-семантикалық топ терминдері қатар өмір сүріп, қолданылады. 
К.М.Мұсаев белгілі тілдің лексикасы тарихын зерттеуде ең сенімді әдіс осы 
тақырыптық топтар санайды. Бұл ізденістер нәтижесінде халықтың өмір сүру 
ортасының табиғат жағдайы, күн көріс кәсібі, баспана, шаруашылық 
ерекшелігі, қоғамдық-саяси құрылымы, ежелгі халықтың наным-сенімі туралы 
кең ауқымды ақпарат алуды мақсат етуге болады. Мұның бәрі халық өмірінің 
аталған салаларына қатысты зат, ұғымдар мен құбылыс атауларынан көрінеді. 
«Исследуя на богатом материале языка тематические группы слов, следует 
выявлять различные слои лексики языка, характеризующие его историческое 
взаимоотношение с другими языками, главные из них» [67,12-б.]. Мұны қазақ 
сөйленістерінің батыс аймағы мен солтүстік сөйленістерінде кездесетін 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   89




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет