М. С. Атабаева PhD доктор, профессор



Pdf көрінісі
бет34/89
Дата07.09.2023
өлшемі2.57 Mb.
#476850
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   89
Бисенбаева

Үй-жай, қора-қопсы атаулары: азбар – «қора» мағынасында оның 
бірнеше түрін таңбалап, қазақ сөйленістерін түгелге жуық қамтиды: 1. Ашық 
қора. Малды азбарға қамаңдар (Көкш., Щуч.). Азбарға қойды көбінесе жазда 
ұстаймыз (Қарақ.); 2.Жабық қора. Азбарға қоя тұрсаңшы оныңды (Рес., Орын.); 
3.Ат қора. Торы атты азбарға байлап қой (Қ.орда, Арал); 4. Ұстаның үйі. Бұл 
ұстаның азбары (Гур.,Маңғ.). 5.Қора. Азбарға ешкіні қамап қойдым 
(Рес.,Орын.); 6. Қора ішіне салынған оңаша үйшік. Онда көбінесе қараңғылап 
мал бордақылайды және арық-тұрақты күтімге алады. Мал азығы да қысқы 
азбарларына тасылып болған жоқ (ҚХР). Бақса – лайдан құйып жасалған 
қабырға (Түрікм.), өзбекше – пахса (Узб.-рус.сл., 1959), қарақалпақша – пақса 
(Карак.-рус.сл., 1958). Жай – үй (Шымк.;Түрікм.,Таш.), өзбекше – жой, үй 
мағынасында (Узб.-рус.сл., 1959). 
Ыдыс-аяқ, құрал-жабдық атаулары: ырғақ – шөп суыратын құрал. Батыс 
сөйленістерінде жиі қолданылады. Қора төбесіндегі ырғақпен шөп суырып 
малға бер (Ақт., Тем.). Қолымдағы ырғақпен маядан бір-екі құшақ шөп бостып 
алдым (Қост., Жітіқ.); дере – мал су ішетін науа. Дереден мал рахаттанып су 
ішті (Ақт., Қараб.); дом – ау, шыбықтан тоқылып, үстіне тор құрылады. Домды 
биіктеу жерге құрып, қырғи аулаймыз (Шымк., Қызылқ.); жона – М.Қашқари 
«Сөздігінде» «бунақ-есек, өгіз және солар сияқты жүк тиелетін хайуандардың 
жүк астына қойылатын тоқым» мағынасында берілген [МҚ,3,42-б.]. Атау қазақ 
сөйленістерінің Батыс аймағында көбірек сақталғаны байқалады: 1. Ердің екі 
қапталының астына ғана салынатын желдік қапталдық. Аттың жонасын 
қалыңдап жасау керек (Қост.,Аман.); 2. Былғары тоқым, асты киіз, үсті былғары 
әбзел. Жонаны сәндікке салады (Гур.,Маңғ.); 3. Тебінгі, тоқым (Қ.орда, Арал); 
тегене/тегеш/тепем/тегентай – үлкен, шұңғыл ыдыс. М.Қашқарида – тегне 


71 
түрінде берілген [МҚ,1,493-б.], Солтүстік-сөйленістеріне тән. Балам, омақадағы 
тегенені босатып, қоңсыға апарып бер (Рес., Омбы). 
Киім-кешек атаулары: күпі – «мақта сырған шапан, сырма шапан» 
мағынасында М.Қашқари «Сөздігінде» кездеседі. Атаудың «сырт киім, 
жылылық» мағынасы сөйленістерде сақталған. Семей облысының Абай, 
Шұбартау, Ақсуат аудандарында – күпі «түйе жүні салынған көрпе». Үйдің 
суықтығына шыдамай үстімізге күпі жамылып отырмыз (Сем., Ақс.). Күпі 
көрпе деп ішіне түйе жүні салынған жылы көрпені айтады (Сем., Абай); Кеуіш 
– кебіс, галош. Батыс сөйленістерінде кездеседі (Әлгі бала кеуішті шалыстырып 
кетіпті (Түрікм.,Тежд.). Қарақалпақ тілінде – кеуиш (Рус.-карак.сл.,1947), 
өзбекше – кавуш (Узб.-рус.сл.,1941) және түрікмен тілінде – ковуш (Туркм.-
рус.сл.,1940). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   89




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет