шартақ/шәртек/шатыраш,шайла, шанышпа қос, лапас, далда т.б. – кірме
атаулар. Соның бірі – балаған/балағаш «қабырғалары ағаш, шөппен жабылатын
уақытша баспана» (Балағаннан басын қотитып қарап тұрған кім екен десем,
Ақан екен (Алм., Кег.) мағынасын білдіреді. Балаған түрі жалпыхалықтық
элемент ретінде ҚТТС-та (2-т.,70) берілген, диалектологиялық сөздікке де
енген. Н.М.Шанский балаған түркі тілдеріне кең таралған парсының bala (биік)
және hana (үй) сөздерінен құралған balahana сөзі дейді (Шанский, 1965,18).
Т.Айдаров өзбек, түрікмен тілдеріне балахана-үйдің екінші қабаты дегенді
білдіретін көрсетеді. Жеңіл материалдан жасалып, жазда салқын, жел соғып
тұратын бөлік қызметін атқарады
165,90-б.
. Балағанның мал қорасының
үстіндегі шөп жиятын орын мағынасы да бар. (Балахандағы шөп шірімейді,
өйткені оған су тимейді). Қазақ сөйленістеріндегі балаған осы тәрізді
қызметтен қалыптасқан, өзінің бастапқы «биік үй» мағынасынан алыстап,
уақытша баспана мәніне айналған (балаған< бала+хана). Балаған сөзі орыс
говорларында да ұшырасады. В.И.Дальдің (Даль,1,41), М.Фасмердің
(Фасмер,1,112) сөздіктерінде «Жәрмеңкелерге арналған тауар сақтайтын
ағаштан салынған жеңіл қойма; маусымдық жұмыс немесе күзетшілердің
күркесі» мағыналарын білдіретіні берілген. Е.Н.Шипова орыс говорларына
татар тілінен ауысқан деген И.И. Огниенконың пікірін қуаттайды (Шипова, 54).
Балаған сөзінің архетипіне қарағанда, балағаш атауының пайда болуына да осы
бала «биік» ұғымы негіз болған деп есептеуге болады, биік ағаш мағынасын
білдіретін: бала+ағаш> балағаш формасындағы күрделі сөз жасалған, сөз
арасындағы алдыңғы дауыстының түсірілуі – қазақ тілінің заңдылығы деп
есептеушілік бар [89,230-231-бб.].
Сөйленістер лексикасында үй-жаймен қоса, шаруашылық, тұрмыс қажетін
өтейтін заттары мен азық-түлік т.б. сақтайтын орынның да бірнеше түрі
қолданылады, соған орай, шуал, шолан/шылан, шошала/тошала, кібіт, кілет,
бора, еттік, ет күрке атаулары қалыптасқан. Бұлардың көпшілігі – қазір де
халықтың тұрмыс қажетіне жарап жүрген баспаналар.