М. С. Атабаева PhD доктор, профессор


тал шаңырақ аядай қуыстан орын тимей, сыртқа, шошаланың



Pdf көрінісі
бет76/89
Дата07.09.2023
өлшемі2.57 Mb.
#476850
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   89
Бисенбаева

тал шаңырақ аядай қуыстан орын тимей, сыртқа, шошаланың төбесіне 
төңкерілді. Соның бәрін жайғастырып жүріп, адыра қалғыр, көзінің жасын тыя 
алсайшы. Жыламай қайтсін! Баяғыда атасы жарықтық өз қолымен шаңырағын 
көтеріп, енесі байғұс уығын шаншып қалқитып берген қашанғы төрт сағанақ 
қой!... Аяққап пен төсекқапты көзімдей көр деп екі абысынына ұстатты. 
Әбдіре мен жүкаяқты екі келініне қолдатып жіберді. Бұларды аттандырып 


139 
салуға келген қатын-қалашқа ожауы мен табақтарына дейін таратып берді. Төрт 
қанат шатпаның сүйегіне, қара қазанына ғана тимеді. 
Қызын былайырақ шығарып: 
- Қарағым, өзің өскен құрым күркені жазда үйіңнің қасына қалқитып тігіп 
қой. Кім біледі шаһарлы жерге үйренісе алмай қайтып кеп жатсақ, әйтеуір, өз 
үй, өлең төсегіміз күтіп тұрады ғой,-деді (Ә. Кекілбаев «Құс қанаты»).
Мәтіндегі шатпа, шошала, қара ала, терулі алаша, әбдіре, сағанақ  
сөйленістік этнолексика, ал төсекқап, аяққап, жүкаяқ,уық, уық шаншу
шаңырақ көтеру, қара қазан – ұлттық этномәдени лексикаға жатады. Ал 
қадірлейтін, қастерлеп пір тұтатын дүние – Үй, құндылық болса, ол мәтінде 
шатпа тұлғасында беріледі, шатпаны аймақ тұрғындары «үй» деп түсінеді. 
Шатпа – киіз үй, қанат саны – бесеу, Маңғыстау аймағында қолданылады. 
Қалған ұлттық мәдени лексика деректері осы шатпа атауымен қатар 
жұмсалғанда жанданады. Қара кемпір – ата-енесінің қолының табы қалған баға 
жетпес дүниелерінің керексізденіп, қызынікі болса да, «шошалада» қалғанына 
налиды. Дегенмен шаңырағын Ата-енесі өз қолдарымен көтеріп берген 
шатпасы мен қара қазанын ешкімге бермеді, бере алмады. Бұл дүниелердің 
«құндылық» аталатынын Қара кемпір қайдан білсін, Оның білетіні – бұл 
дүниелердің қасиеті мен қадірі, өзі құрған шаңырағының тірегі, әулетінің 
тамыры екендігі. Бұл ұлы сезім оның жүрегінің түбінде, санасында, қанында 
лүпілдеп тұр. Медет тұтары – «Қара шаңырақтың» иесі бары. Оның жалғасып 
қеле жатқандығы, сондықтан қара шатпасы елінде өзін күтіп тұратынына 
сенімді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   89




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет