151
Сабит Буннани (р.а.) айтады: «Мен Жаратқан Иемнің
мені қашан еске алатынын
білемін». Тыңдағандар бұл сөзді естігенде қорқып кетіп: «Оны қайтіп білесің?» – деп
сұрады.
Сабитул Буннани: «Мен оны қашан еске алсам, ол да мені сонда еске алады», – деп
жауап береді.
Алла Тағаланың бұл туралы аяттары төмендегілер: «
Уа, иман келтіргендер!
Алланы көп еске алыңдар»
395
.
395
«Ахзаб» сүресі, 41.
«
Қажылықта
(саудамен
айналысып)
Раббыларыңнан
ризық-несібе
тілегендерің үшін күнә арқаламайсыңдар. Арафатта тұрғаннан кейін (бейне бір
сел секілді Мұздалифаға қарай) ағылғандарыңда, Мәшғарул-харамда (яғни
Мұздалифада) Алланы еске алыңдар. Ол сендерді қалай тура жолға салған
болса, (соның қадірін түсіне отырып) Оны дәл солай жақсылап еске алыңдар»
396
.
396
«Бақара» сүресі, 198.
«
Қажылық парызының рәсімдерін толық орындап болған соң, (Исламнан
бұрын Минада тұрып) ата-бабаларыңды (мақтап, мадақтап) еске алғандарыңдай,
тіпті одан да асыра, Алланы еске алып, ұлықтаңдар. Адамдар арасында (тек
дүние тіршілігін ғана ойлап): «Уа, Раббымыз! Беретін нығметіңді бізге осы
дүниеде бергейсің» дейтіндер бар. Олардың ақиретте алар ешбір несібесі жоқ»
397
.
397
«Бақара» сүресі, 200.
«
Достарыңызбен бөлісу: