149
Сонда керең, соқыр және мылқау азап періштесі келеді.
Қолында адамзат пен
жындар біріксе де көтере алмайтындай ауыр және шапсаң тауды да құмға айналдыра
алатындай зор күрсісі болады. Күрсімен кәпірді бір шапқанда ол майдаланып шаңға
айналады. Содан соң қайтадан денесі жиналып, жан кіргізілгенде күрсі тағы бір мәрте
тиеді. Күрсі тиген сайын оның айқайлағанын адамзат пен жындардан басқа барлық
жандылар естиді.
Содан: «Оның астына екі қабат отты жайыңдар және жатқан жерінен тозаққа бір есік
ашыңдар» деген бұйрық келеді. Астына екі қабат от жайылып, қабірінен тозаққа бір есік
ашылады».
Әбу Һурайраның риуаяты бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Мүминнің қабірі жасыл
бақша және жетпіс кез кеңдігінде. Айдың он төртінші түніндей жарық», – деп айтқан.
«Ол үшін қиыншылықты өмір бар» деген мағынадағы аят кім туралы түсірілгенін
білесіңдер ме?» – деді ол (с.а.с.). Ол жердегілер: «Алла мен Оның Елшісі біледі»
дегенде, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Бұл аят қабірдегі кәпірдің тартатын азабы туралы
баяндайды. Кәпірге тоқсан тоғыз аждаһар жіберіледі. Қандай аждаһар екенін
білесіңдер ме? Ол тоқсан тоғыз алып жылан. Әр жыланның жеті басы бар. Соның бәрі
кәпірді шағады және денесіне у жайылады. Бұл жағдай
қабірден тұрғанға шейін
жалғасады», – дейді.
Жыланның тоқсан тоғыз деп белгіленгеніне таңғалмау керек. Өйткені бұл жылан мен
шаянның көптігі тәкаппарлық, елкөрсіндік, қызғаныш, іштарлық, кек сақтау және соған
ұқсаған жаман мінездердің санына барабар. Өйткені бұлардың есептелу негіздері бар.
Жаман мінездер содан келіп шығады және бұлар жылан, шаяндарға айналады.
Жеті басты күштілері тоқсан тоғыз жыландай қатты шағады. Әлсізі шаяндай шағады.
Олардың ортасындағылар біз білген жыландардай шағады.
Көреген, ақылды кісілер сондай жаман сипаттарды көре біледі, бірақ бұларды
Пайғамбардың нұрымен ғана көре алады.
Достарыңызбен бөлісу: