213
Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі Даму Стратегиясын іске асыру
мақсатында
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасының 2020 жылға
дейінгі Стратегиялық даму
жоспары (бұдан әрі – Стратегиялық жоспар) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі, орталық мемлекеттік органдар, оның
ішінде Қазақстан Республикасының Президентіне
тікелей бағынатын және есеп
беретін мемлекеттік органдар, жергілікті атқарушы органдар өз қызметінде
Стратегиялық жоспарды басшылыққа алсын және оны іске асыру үшін қажетті
шаралар қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі жыл сайын 1
шілдеге Стратегиялық
жоспарды іске асырудың мониторингі қорытындыларын Қазақстан
Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ұсынып отырсын.
4. Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші осы
Жарлықтың қосымшасына сәйкес жойылды деп танылсын.
5. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы
Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
6. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: