69
2) Білім алушылардың ата-аналарының (заңды өкілдерінің)
білім беру
процесі аясында әртүрлі іс-шараларды (сабақ және сабақтан тыс қызметті қоса
алғанда) ұйымдастыруға және өткізуге қатысуы, сондай-ақ екінші жағынан,
орта мектептің, оның жекелеген педагог қызметкерлерінің (педагог-
психологтің,
әлеуметтік педагогтің, сынып жетекшісі қызметін атқаратын
мұғалімдердің және т.б.) отбасылық тәрбие мәселелерін шешуге қатысуы.
Нәтижесі – екі жақты маңызды міндеттерді шешуде мектеп пен ата-
аналар қауымдастығының мүмкіндіктері мен ресурстарын біріктіру.
Басқарушылық деңгей
1) Отбасы мен мектептің өзара ынтымақтастық саясаты мен рәсімдерін
әзірлеу бойынша педагогикалық ұжымның қызметі.
Мектептің отбасымен
әртүрлі бағыттар бойынша өзара байланысы: мемлекеттік қоғамдық басқару,
ақпараттық-ағартушылық, білім беру, көркем-эстетикалық,
спорттық-
сауықтыру.
Нәтижесі – ата-аналармен ынтымақтастықтың «шеңбері» көрсетілген.
2) Мектеп үшін стратегиялық шешімдер әзірлеу және қабылдау үдерісіне
білім алушылардың ата-аналарының (заңды өкілдерінің) қатысуы; мектеп
өмірінің регламентін қалыптастыруға (білім беру үдерісіне қатысушылар
арасындағы мінез-құлық және қарым-қатынас нормаларының,
қағидаларының
мектеп функциялары мен дәстүрлерінің құрамы); әлеуметтік маңызы бар
қоғамдық бірлестіктерді, әлеуметтік жобаларды іске асыру жөніндегі қоғамдық
кеңестерді басқаруға ата-аналардан өкілдер қатысуы және т.б.
Нәтижесі -жоспарлы қызмет шеңберінде шешімдер қабылдауда білім беру
процесіне қатысушылардың (ата-аналар қоғамдастығы мен мектептің
педагогикалық ұжымының) кәсібилігінің маңыздылығын өзара тану,
сараптамалық қызметтерді бірлесіп орындау.
III кезең – Қорытындылау кезеңі
Жұмыс нәтижелерін қорытындылау. Атқарылған жұмыстарды талдау.
Отбасы мен мектептің өзара ынтымақтастық моделін сипаттау. Таныстырылым.
Барлық қатысушының нәтижелерге қанағаттануы.[62]
Достарыңызбен бөлісу: