72
8) ұйымдастыру мәселелерін шешу немесе әдістемелік көмек көрсету
үшін ұйымдастырушылардың спорттық реквизиті.
Ережені фестивальдің деңгейіне байланысты кеңес, әкімшілік немесе
директор (мектеп, аудан, қала және т.б.) бекітеді. Спорт командаларын бағалау
үшін төрешілер бригадасы құрылады. Спорттық эстафеталардың қорытындысы
ұйымдастыру комитетінің жүлделі орындарды
бөлу және жеңімпаздарды
марапаттау туралы шешімінің негізіне алынады.
Фестивальді ұйымдастыру және өткізу бойынша іс-шаралар кешені келесі
кезеңдерді қамтиды.
1. Мақсаттар мен міндеттерді, тақырыптар мен идеяларды анықтау;
2. Фестивальді өткізу бойынша ұйымдастыру комитетін құру;
3. Фестивальді дайындау және өткізу жоспарын барлық деңгейлерде
әзірлеу және бекіту:
а)
өткізу мерзімін анықтау;
б) фестивальді өткізуге дайындық бойынша жоспар құру;
в) фестиваль бағдарламасын жасау;
г) фестивальдің әр компонентіне жауапты тұлғаларды тағайындау.
4. Төрешілер бригадасын қалыптастыру;
5. Техникалық қамтамасыз ету:
а) спорт залын, алаңдарды тиісті жағдайға келтіру;
б) көлікпен қамтамасыз етуді ұйымдастыру (фестивальді мектептен тыс
жерде, мысалы, қаланың спорт кешендері базасында өткізген жағдайда);
в) фестивальді өткізу уақытында техникалық
қызметтердің жұмысын
ұйымдастыру;
г) жарыстардың дыбыстық сүйемелдеуін қамтамасыз ету;
д) фото және бейне түсірілімді қамтамасыз ету.
6. Фестиваль қатысушыларын ақпараттық және құқықтық қамтамасыз
ету:
а) құжаттық қызмет көрсетуді ұйымдастыру (бұйрықтар, өкімдер, хаттар,
шақырулар, өтінімдер, бағыт парақтары және т. б.).);
б) құрметті қонақтарға шақыру қағаздарын тарату;
в) мектеп серіктестерімен ақпараттық байланыс;
7. Қатысушылар туралы мәліметтер құрастыру.
а) өтінімдерді әзірлеу;
б) өтінімдерді қабылдау;
в) қатысушылардың санын анықтау.
8. Ұйымдастыру шығындарын анықтау (спорт
залын безендіру,
дипломдар, сыйлықтар, кубоктар және т.б. сатып алу).
9. Фестивальді техникалық және кәсіби қамтамасыз ету бойынша заңды
және жеке тұлғалармен келісім шарттар жасасу (фестивальді мектептен тыс
жерде, мысалы, қаланың спорт кешендері базасында өткізген жағдайда);
б) фестиваль эмблемасымен кәдесыйлар, сондай-ақ кубоктар, дипломдар
мен грамоталар дайындауға және сатып алуға шарт жасасу.
10. Іс-шараны қаржыландырудың қосымша құралдарын іздеу:
73
а) фестивальді өзара тиімді шарттармен ішінара демеушілік ету
мақсатында Заңды және жеке тұлғаларға
ақпараттық хаттар тарату;
б) құрылтайшылар мен ведомстволық ұйымдарға фестивальді үлестік
қаржыландыру туралы өтініш хаттар жіберу.
11. Жарнамалық науқан:
А) БАҚ-да жарнаманы қамтамасыз ету;
б) фестивальді өткізу кезеңінде баспасөз жұмысын қамтамасыз ету;
в) фестиваль афишалары мен буклеттерін дайындау және тарату;
д) буклеттер, фестиваль бағдарламалары,
шақыру билеттері, бейдждер,
дипломдар, грамоталар дайындау.
12. Іс-шарада қауіпсіздікті қамтамасыз ету:
а) жедел жәрдем жұмысын ұйымдастыру;
б) құқық қорғау органдарының жұмысын ұйымдастыру;
в) алғашқы медициналық көмекті қамтамасыз ету.
13. Фестивальді өткізу.
14. Фестивальді қорытындылау.
Фестивальді өткізу жоспарлар мен нәтижелерге талдау жүргізілгеннен
кейін ғана аяқтауға болады [58].
Достарыңызбен бөлісу: