Білім алушыларды тәрбиелеуде қҰндылықҚа бағытталған тәсілді жүзеге асыру бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет31/250
Дата14.09.2023
өлшемі5.22 Mb.
#477514
түріБағдарламасы
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   250
құндылыққа негізделген 1 бөлім

 
Қалалық және аудандық білім бөлімі деңгейінде отбасы мен мектептің 
ынтымақтастығын іске асыру бойынша әдістемелік ұсынымдар 
 
Ұлттық тәрбиенің – ұлттық мүдделерді қалыптастыруға, ұлттық және 
жалпыадамзаттық құндылықтарды байланыстыруға өз үлесін қоса алатын,
ұлттық өзін-өзі тану сезімі дамыған толыққанды тұлғаны тәрбиелеу; 
- Ұлттық идея өзінің мәдени және рухани құндылықтарына ие ұлттың
немесе этностың өмір сүруінің маңызды шарты. Білім беру мекемелерінде 
отбасымен ынтымақтастықта ұлттық идеяны насихаттау, кез-келген ұлт немесе 
этносқа, өзінің және өзге ұлтқа, олардың идеяларына деген өзіндік қарым-
қатынас жүйесін қалыптастыру;
- Отбасын өзіндік, белгілі бір мәдени және рухани құндылықтар
жүйесін, ұлттық мәдениетін дамыту
- Отбасының, мектептің, қоғамның бірлескен міндетін айқындау; 
- «Қазақ Елінің ұлттық идеясы – Мәңгілік Ел!» Жалпы ұлттық идея,
ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу отбасынан басталып, мектепте жалғасын 
табуы тиіс. Білім беру жүйесінде «Мәңгілік Ел» идеясы балалар мен жастарды 
жоғары руханилық, азаматтық ұстаным, әлеуметтік жауапкершілік, қоғам 
игілігі үшін еңбек ету дайындығын, жаңа қазақстандық патриотизм мен бірігу 
сезіміне тәрбиелеу; 
- Тағылымы мол тарихы мен ерте заманнан арқауы үзілмеген ұлттық
салт-дәстүрлерін өркендеудің берік діңі ете отырып, жас ұрпақтың әрбір 
қадамын нық басуға, болашаққа сеніммен бет алуға жетелеу; 
Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – жас ұрпаққа ұлттық кодты 
сақтай білуге жетелеу; 
- Ұлттық сананы дамыту арқылы болашақ ұрпақтың бәсекеге


74 
қабілеттілігін арттыру; 

Ұлттық сананы жаңғыртуда ұлттық сабақтастықты негізге ала 
отырып, рухани жаңғырудың ұлттық жаңғыруға ұласуына барынша күш-
жігерімізді салып, ұ
лтымызды жаңа сапалық деңгейге көтеруде отбасы, мектеп, 
қоғам қызметін жандандыру. 
- Болашақ отбасының ұлттық моделін құру; 
- Отбасы институтын нығайтуға ықпал ететін отбасыларды қолдау
орталықтары, медициналық және спорттық ұйымдар, ғылыми-зерттеу 
орталықтары, балаларды дамыту орталықтары, білім беру мекемелері, мәдени-
демалыс ұйымдары, рухани даму жөніндегі ұйымдар, медиациялық орталықтар, 
мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдар, қоғамдық ұйымдар, кеңес беру 
орталықтары, отбасылық психологтер, медиаторлар және т.б. тығыз байланыс 
орнату. 
I. «Балалар мұражайда» бағдарламалары 
Мұражайдағы іс-шара 
Бүгінгі таңда мұражай қызметкерлері отбасымен өзара әрекеттесу үшін 
әдеттегі оқыту форматтарын өзгертетін жаңа білім беру бағдарламаларын 
ұсынады. Балалар мұражай негізінде шығармашылық шеберханаларға, театр, 
өнер курстарына баруға, ата-аналарымен бірге арнайы мұражай жобаларына
демалыс 
күндеріне, 
отбасылық 
клубтарға, 
кешенді 
экскурсиялық-
шығармашылық сабақтарға, отбасылық шығармашылық студияларға қатысуға 
мүмкіндік алады, бұл олардың бос уақытын толтыруға көмектеседі. Бірлескен 
бос уақыттың ең көп таралған түрі – бейнелеу өнері. 
Мұражайдың білім беру бағдарламалары аясында тарихи ортаға «ену» 
әдістері; тарихи оқиғалардың рөлдік «өмір сүруі» (бала рөл алады); 
репродуктивті әдіс (тапсырмалар жүйесі); өнімді әдіс (мәселені шешу); зерттеу 
әдісі (мұражай затын зерттеу); фактілерді, оқиғаларды, жағдайларды модельдеу 
және қайта құру (ой бағамдау және заттық); алдын-ала ынталандыру әдісі 
(мұражайдағы балалардың белсенділігін ынталандыру) мүмкін. 
Мәдени - білім беру бағдарламаларының ережелері: 
- білім беру және мұражай негіздерін біріктіру
- мұражай ортасын сауатты игеру үшін жинақталған дағдыларды беру; 
- мәдени-білім беру қызметін жүзеге асыру процесінде жеке-тұлғалық 
бағыттылыққа бағдарлау; 
- семантикалық және эмоциялық құрамдас бөліктің бірыңғай алгоритмін 
қамтамасыз ету; 
- ақпарат берудің жүйелілігі; 
- шығармашылық еркіндік. 
Мұражай формалары сан алуан. Оларға модельдердің келесі негіздері 
кіреді: дәстүрлі және жаңа; топтық және жеке; белсенді және пассивті; 
қарапайым және күрделі; бір реттік және циклдік; коммерциялық және 
коммерциялық емес, зерттеу, демалыс және т. б. 
Отбасымен жұмыс жасау кезінде «Отбасы – орта мектеп» тәрбие 
жобасының міндеттеріне байланысты экскурсиялық мұражай бағдарламаларын 


75 
таңдау 
керек. 
Мұражай 
мөрін, 
мұражай 
сайттарын 
талдау 
[54] 
бағдарламалардың 12 түрін бөлуге мүмкіндік берді: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   250




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет