Білім алушыларды тәрбиелеуде қҰндылықҚа бағытталған тәсілді жүзеге асыру бағдарламасы


 «ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП» ЖОБАСЫН ІСКЕ АСЫРУ ӘДІСТЕМЕСІ



Pdf көрінісі
бет72/250
Дата14.09.2023
өлшемі5.22 Mb.
#477514
түріБағдарламасы
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   250
құндылыққа негізделген 1 бөлім

3 «ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП» ЖОБАСЫН ІСКЕ АСЫРУ ӘДІСТЕМЕСІ
Теледидардың және компьютердің пайда болғанынан бері, ақпарат ағыны 
бұрын-соңды болмаған күшпен келіп, балалар компьютерді және оның 
пернетақтасын басуды кітаптың тақырыбын оқудан бұрын меңгеріп бастады. 
Нәтижесінде әдебиет оқу мультфильм тамашалаумен немесе компьютерде 
ойын ойнаумен және т.б. алмасты. 
Оқуға деген қызығушылықтың болуы немесе болмауы баланың кітапқа 
деген көзқарасының негізгі факторы және оны бағалау критерийі болып 
табылады. Кітапқа деген қызығушылық пен сүйіспеншілікті тәрбиелеу, онымен 
қарым-қатынас жасауға ұмтылу, көркем мәтінді тыңдау және түсіну, көркем 
мәдениетті дамыту балаларды көркем әдебиетпен таныстырудың негізгі міндеті 
болып саналады. 
Балалардың кітап оқуға деген қызығушылығын тудыру және арттыру 
үшін оқылатын әдебиетті таңдаудың әдістемелік қағидаларын ұстану қажет. 
Біріншіден, кітап таңдау барысында тәрбиелік мақсаттарды жетекшілікке 
алу қажет. 
Екіншіден, жанрлық және тақырыптық әртүрлілік қажет: проза және 
өлең; көркем және ғылыми-танымдық әдебиет; бүгінгі және өткен күндер 
туралы, яғни тарихи кітап; заманауи авторлардың және классик жазушылардың 
шығармалары; фольклор – ертегілер, жұмбақтар; кітаптар мен журналдар, 
газеттер, қазақ, орыс және басқа ұлт авторларының шығармалары және 
аудармалары. 
Үшіншіден, қолжетімділік қағидаларын, балалардың жас ерекшеліктерін 
ескеру қажет. Бастауыш сыныпта Отан, еңбек, адам өмірі, жануарлар мен 
өсімдіктер сынды балаларға қолжетімді тақырыптарға ертегілер, әңгімелер, 
өлеңдер ұсынылады. Көлемі бойынша (мағыналы және әдемі көрнекіліктерге, 
үлкен әріптерге ие) шағын балаларға арналған кітаптар. 
Жоғары сыныптарда тарихи повестер мен әңгімелер, автобиографиялық, 
құжаттық, очерктік әдебиеттер, қызық оқиғалы кітаптар, мәдениет және өнер 
туралы кітаптар есебінен оқырмандардың дүниетанымын кеңейту. 
Балаларға арналған кітаптарды таңдаудың төртінші принципі – жеке 
қызығушылық принципі, білім алушының кітап таңдаудағы тәуелсіздігі. 
Бесiншi 
қағида: 
балаларға 
жоғары 
көркемдiк 
қасиеттерiмен 
ерекшеленетін, түпнұсқалық көркемдік, бейнелі кiтаптарды ұсыну қажет (уақыт 
сынағынан өткендер). 
Осы 
қағидаларға 
сүйену, 
білім 
алушылардың 
оқуға 
деген 
қызығушылықтарын арттыруға және дүниетанымын кеңейтуге ықпал етеді [10]. 
Мектепке дейінгі жастағы баланың кітапқа деген қызығушылығын 
бұзбай оқуға үйретудің жолдарын айтпас бұрын, баланың психологиялық 
дайындығын қалай білуге болатынын қарастырайық: 
- бала сөйлемдермен еркін сөйлейді және айтылғанның мағынасын 
түсінеді; 


162 
- бала дыбыстарды ажыратады, яғни бұны логопедтер дамыған 
фонемалық есту деп атайды. Қарапайым сөзбен айтқанда, атаулары арқылы 
заттарды ажырата алады; 
- бала барлық дыбыстарды айтады және оның сөйлеуінде логопедтік 
проблемалары жоқ; 
- бала оңға-солға, жоғары-төмен бағыттарын түсінеді (бұл жерде оңға 
және солға бағыттарын кейде тіпті ересектердің өздері шатастыратынын ескере 
кету қажет). Кітап оқуға үйрету барысында, баланың мәтін бойынша солдан 
оңға және жоғарыдан төменге қарай қадағалап отыруы маңызды болып 
табылады.
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының және отбасының маңызды 
міндеттерінің бірі – кітап оқуға деген қызығушылықты ояту, дамыту және 
қолдау.
Кітап сөйлеуді игеруге көмектеседі – қоршаған әлемді, табиғатты, 
заттарды, адами қатынастарды білудің кілті. Ерте жастағы балаларға әдеби 
мәтіндерді жиі оқу, оның өмірлік бақылауларымен және іс-әрекетінің 
түрлерімен шебер үйлесуі баланың айналасындағы әлемді түсінуге ықпал етеді, 
оны сұлулықты түсінуге және сүюге үйретеді. 
Балалардың бойында кітап оқуға деген қызығушылықты қалыптастыру 
тиімдірек болуы үшін келесі педагогикалық шарттарды ескерген жөн: 
- балалардың көркем әдебиетке деген қызығушылығын қалыптастырудың 
бірізділігін (кезеңділігін) белгілеу; 
- балалардың кітапқа және оны оқуға деген қызығушылығын 
қалыптастыру жұмыстарын мектепке дейінгі ұйымның және ата-аналардың, 
отбасының бірлесіп жүргізуі. 
Отбасы дегеніміз – әлеуметтік институт. Отбасы мүшелерінің арасындағы 
сүйіспеншілік, бірін-бірі түсіну оның негізі болып табылады. Сондықтан, 
баланың оқу қабілетін дамытудағы отбасының алар орны ерекше болып 
саналады. Бала өсе келе, бірлескен оқу мәдениеті баланы мәдениет әлеміне 
жетелеп, кітапқа деген махаббатын оятады, оқырманға тән қасиеттерді 
меңгертеді. Анасымен, әкесімен, әжесімен, атасымен бірге оқу ересек адам мен 
баланы жақындата түседі, оқыған шығармаға көзқарасын сезінуге көмектеседі. 
Бала бақшаның, мектеп пен отбасының бірлескен еңбегі арқасында ғана 
баланың кітапты сүюіне қол жеткізуге болады. Кітап оқуды оның мұқабасын 
тамашалаудан бастау керек. Отбасылық кітапхана таныстармен, жолдастармен 
кітап алмасуға мүмкіндік береді. Бұл кітап оқуға деген қызығушылықты 
арттыра түседі [10]. 
Ата-анасы не тәрбиешісі кітап оқыған кезде тыңдайтын баланы оқырман 
деп айтуға болады. Алайда, баланың оқырмандық тағдыры негізінен қолына 
кітап алып жазушы мен тыңдаушының (оқырманның) арасында делдал болатын 
ересектерге байланысты болады. Баланы кітапқа тарту үшін ересек адам 
әдебиетті өзі жақсы көруі, оны өнер ретінде ұнатуы, бейнеленген оқиғаларды, 
сюжеттерді түсінуі, кітап кейіпкерлері түсетін оқиғалар мен жағдайларға шын 
жүректен араласуы, өз сезімдері мен тәжірибелерін балаларға жеткізе білуі тиіс. 
Мектепке дейінгі жас баланы оқырмандық әрекетке тартуға арналған ең 
белсенді мезгіл деп айтуға болады. Осы кезде бала қоршаған орта туралы 


163 
алғашқы білім алады, дағдылары, әдеттері мен мінез-құлқы дамиды.
Баланың 
бойында кітапқа деген қызығушылық қалыптасады, жан-жақты оқу іс-
әрекетінің негізі қаланады.
Мектепке дейінгі жастағы оқырманды қалыптастыру 
процесі екі кезеңнен тұрады: 
- бала ересектер оқыған шығармалардың тыңдаушысы болған кездегі 
пассивті кезең; 
- бала кітапқа қызығушылық танытқан кез, яғни ересектерден үнемі 
оқуды сұрайтын, әріптерді оңай үйренетін, өзі оқи бастайтын белсенді кезең. 
Ең бастысы – ересек адам балаға оқуға байланысты қандай да бір 
жағымды нәрселерді, яғни өзінің оқи немесе басқалардың оқуын тыңдай 
алатынын, шығармаларды оқып, оның оқиғаларын ойнай алатынын және т. б. 
көрсете алуы тиіс.
Балалардың бойында оқу дағдыларын қалыптастыру өте күрделі және 
уақытты қажет ететін процесс. Сондықтан бала бақшада басталған жұмыс 
жалпы білім беретін мектептің бастауыш сыныптарында жалғасын табуы тиіс. 
Оқу – бұл білім берудің, тәрбиелеудің және ақыл-ой, тіл, адамгершілік, 
мәдени, эстетикалық, ақпараттық тұрғыдан дамытудың қуатты құралы. 
Оқуды меңгеру – бұл бала үшін көп уақыт пен күш жұмсауды талап 
ететін ұзақ та күрделі процесс. Бала шапшаң және мағынасын түсініп оқуды, 
оқу кезінде ойлануды және кейіпкерлеріне жанашырлық танытуды үйренгенге 
дейін, бұл процесс оған айтарлықтай қуаныш пен рахат әкеле қоймайды. 
Оқу – бұл білімді меңгерудегі ең қажетті жалпы дағды болғандықтан, 
уақытылы қалыптастырылмаған оқу дағдысы барлық пәндер бойынша сәтті 
оқуға кедергі келтірері сөзсіз. Кейде мұғалім мен ата-ананың әртүрлі 
тәсілдермен де баланы оқылғанын түсінуіне үйретулері, сондай-ақ оқуға деген 
тұрақты қызығушылығын оятулары және тәуелсіз оқуға деген қажеттілікті 
дамытулары өте қиынға соғады. Ал бұл тәрізді шешілмеген мәселе – мектептегі 
үлгермеушілікке апаратын тікелей жол деп айтуға болады. 
Бүгінгі таңда білім алушылардың кітап оқу құзыреттілігін қалыптастыру 
өте маңызды міндет болып табылады. Осыған орай, білім алушының әдеби 
салада қандай құзыреті болуы керек? – деген сұрақ туындайды. 
1. Жалпы мәдени-әдеби құзыреттілік – әдебиетті ұлттық мәдениеттің 
ажырамас бөлігі ретінде қабылдау. 
2. Әлемдік құндылықтар құзыреттілігі – әдебиетте бейнеленген осы 
құндылықтарға деген көзқарастарын анықтау және нақтылау мүмкіндігі, 
құндылықтарды түсіну. 
3. Оқырман құзыреттілігі – шығармашылық, «автор-оқырман» диалогына 
қосыла білуі, кейіпкерлермен толғана білу, көркем туындының тіл 
ерекшеліктерін түсіну. 
4. Сөйлеу құзіреттілігі – әдеби тіл нормаларын білу; сөйлеу қызметінің 
негізгі түрлерін меңгеру. 
5. Әртүрлі жанрда әдеби шығармашылық жұмыстар жаза білу қабілеті. 
Бастауыш мектептің маңызды міндеттерінің бірі – әр білім алушының 
бойында толыққанды және мұқият оқу дағдысын қалыптастыру, бұл өмір бойы 
білім алудың негізі және барлық пәндерді меңгеру мүмкіндігі. 


164 
Жалпы білім беретін мектептердің бастауыш білім беру деңгейінде 
балалардың функционалды сауаттылығының негізі қаланады, сонымен қатар 
білім алушыларды қазақ алфавитіндегі әріптермен таныстыру; әріптен буын, 
буыннан сөз, сөзден сөйлем құрап оқуға және жазуға дағдыландыру; дұрыс, 
мәнерлеп, шапшаң және түсініп оқу дағдысын қалыптастыру және жетілдіру; 
кітап оқуға қызығушылығын тәрбиелеу; сөздік қорын байыту және 
белсендендіру, байланыстыра сөйлеу тілін дамыту және басқа да міндеттер 
жүзеге асырылады. 
Әліппеге дейінгі және әліппе кезеңдерінде білім алушылардың оқу 
әрекетіне деген қызығушылықтарын; дыбыс, буын, сөз, сөйлем туралы алғашқы 
ұғымдары мен түсініктерін қалыптастыру; ойлау, есте сақтау, елестету, 
қабылдау қабілеттерін және тұрақты зейінін дамыту мұғалімнің басты 
міндеттерінің бірі болып табылады. [11]. 
Мектеп оқушысы, әсіресе бастауыш сынып білім алушысы үшін мәтін, 
әңгіме, кітап оқу процесі – бұл күрделі, өте қиын процесс. Баланың қабылдау, 
есте сақтау, ойлау және сөйлеу сияқты маңызды танымдық процестерін дамыту 
– оқытудағы сәттіліктің іргетасы болып табылады. 
Іс-әрекеттің ерекше түрі ретінде, оқу білім алушылардың ақыл-ой, 
эстетикалық және сөйлеу қабілеттерін дамыту үшін үлкен мүмкіндіктер 
ұсынады. Оқу дағдыларын дамыту және жетілдіру үшін жүйелі және мақсатты 
жұмыс қажет. Білім алушылардың бойында оқу дағдысын қалыптастыру, 
кітаппен жұмыс істеу құзыреттілігін қалыптастыру бастауыш және негізгі орта 
білім деңгейінің негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. 
Кітаппен, мәтінмен жұмыс істеу оқытудың ең маңызды әдістерінің бірі 
болып табылады. Білім алушы өзіне ыңғайлы жылдамдықта және уақыт 
ұзақтығында мәтіндегі ақпаратты бірнеше рет қайта өңдеу мүмкіндігі – бұл 
әдістің басты артықшылығы болып саналады. Оқулықтар оқыту, дамыту, 
тәрбиелеу, ынталандыру, бақылау, түзету тәрізді функцияларды жүзеге 
асырады. Оқу бағдарламасына сәйкес арнайы әзірленген оқулықтарды қолдану 
барысында бақылау, түзету, білімді диагностикау, дағды мәселелері тиімді 
шешіледі.
Қайта қарау, жеке тарауларды оқу, сұрақтарға жауап іздеу, материалды 
зерттеу, мәтін немесе бүкіл кітаптың нақты үзінділеріне сілтемелер, міндеттерді 
шешу, бақылау тесттерін орындау, яғни оқулықпен жұмыс істеу күрделі әдісі 
болып 
табылады. 
Халықаралық 
зерттеулердің 
нәтижелері 
мектеп 
оқушыларының басым бөлігінің оқи отырып, не оқығанын түсіне 
бермейтіндіктерін көрсетті. Сондықтан, мектеп білім алушыны кітаппен 
өздігінен жұмыс істеуге дайындауы тиіс.
Осы әдістің тиімділігін анықтайтын факторлардың ішіндегі ең 
маңыздысы: мәтінді еркін оқу және түсіну мүмкіндігі; зерттелетін 
материалдағы басты нәрсені ерекшелеу мүмкіндігі; құрылымдық және 
логикалық схемалар (тірек жазбалар) жазу мүмкіндігі; оқылатын пән бойынша 
әдебиеттерді таңдау мүмкіндігі. Бұл дағдылар білім алушылардың бойында 
мектепте болған алғашқы күннен бастап біртіндеп және мақсатты түрде 
қалыптастырылып бастауы тиіс.


165 
Мұғалімнің басшылығымен сабақта және сабақтан тыс алынған білімді өз 
бетінше біріктіру және молайту мақсатында үйде оқу кітаппен жұмыс істеудің 
ең жиі қолданылатын түрлері болып табылады. Білім алушыларды кітаппен 
жұмыс істеуге дайындау барысында мұғалім бұрын оқылған материалдарды 
жаңа оқу материалдарымен салыстыру немесе біріктіруі керек екенін көрсетеді. 
Егер жұмыс сабақта жүргізілсе, онда кітап оқып-үйренудің бүкіл процесі бөлек 
бөліктерге бөлінеді, оны жүзеге асыру бақыланады. Мәтіннің үзіндісін 
оқығаннан кейін, мұғалімнің тапсырмасы бойынша түсіну, есте сақтау, 
салыстыру, талдау және т.б. оқу әрекеттерін жүзеге асырады [10]. Яғни, әр 
мұғалім қоғам дамуының қазіргі кезеңінде оқыту мазмұнын жаңартуға және өз 
сабақтарына заманауи технологияларының элементтерін қосуға тырысады. Бұл 
уақыт талабы.
Балаларды оқыту, тәрбиелеу және дамытудағы кітап оқудың 
маңыздылығын ескере отырып, сабақтарда және сабақтан тыс уақытта оқу 
сапасын арттыру жолдарын жетілдіру мақсатында бастауыш сынып 
мұғалімдері «Жылдам оқуға үйрен» жаттықтыру кешенін әзірлей алады. Бұл 
құралды оқу дағдысын дамыту және жетілдіру үшін «Әліппе», «Ана тілі», 
«Әдебиеттік оқу», «Қазақ тілі» пәндерінің сабақтарымен қатар, сабақтан тыс 
уақытта да қолдануға болады.
Бұндай жаттықтыру кешенін әр мұғалім білім алушыларының жас және 
психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып өздігінен әзірлей алады. 
Жаттықтыру кешені алфавиттің бір әрпіне немесе әріптер тобына, буындап 
оқуға арналып құрастырылады. Мысалы:
аш 
ша 
ас 
са 
ал 
ла 
аз 
за 
қа 
ла 
қо 
ла 
қа 
ра 
қо 
ра 
а 
на 
ма 
та 
ай 
ша 
ба 
ла 
Әр жаттықтыру парағы баланың тілдік аппаратын жүйелі жаттықтыруға, әр 
түрлі буын құрылымындағы сөздерді тез және дұрыс оқу қабілетін дамытуға, 
сөйлеу тіліндегі кемістіктерін ерте анықтауға, сондай-ақ толық сөздермен оқу 
дағдысын дамытуға бағытталған жаттығулардан тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   250




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет