М. К. Сүлейменов Азаматтық процестегі татуластырушы-судья Жалпы ережелер



бет1/8
Дата22.04.2024
өлшемі74.77 Kb.
#499516
  1   2   3   4   5   6   7   8
suleymenov m k sudya- primiritel sokr variant. 22.09.20 kaz




М.К. Сүлейменов
Азаматтық процестегі татуластырушы-судья
Жалпы ережелер
Ұғымы. Татуластырушы-судья тараптарды татуластырады, делдал ретінде әрекет етеді. Сондықтан оның қызметі татуластыру рәсімдеріне жатады. Татуластыру рәсімдері дауларды баламалы шешуге (ДБШ) жатады.
Жалпыға бірдей қалыптасқандай, ДБШ үш негізгі түрге бөлінеді: 1. келіссөздер (negotiation) – өзге тұлғалардың қатысуынсыз тараптардың дауды тікелей реттеуі; 2. делдалдық (mediation) – тараптардың келісімге қол жеткізуіне ықпал ететін тәуелсіз бейтарап делдалдың көмегімен дауды реттеу; 3. төрелік (arbitration) – тараптар үшін міндетті шешім шығаратын, тәуелсіз бейтарап тұлға – төрешінің көмегімен дауды шешу.
Татуластыру рәсімдері мыналарды: келіссөздер мен медиацияны біріктіретін, дауларды баламалы шешу тәсілдерінің бірі болып табылады.
Татуластыру рәсімдері дәстүрлі түрде дауларды шешудің соттан тыс тәсілдері ретінде қарастырылды. Алайда, ДБШ ұғымы айтарлықтай өзгерді. Олар деп сот жүйесіне кіретін рәсімдерді де түсіне бастады.
Қазақстанда татуластыру рәсімдері заңнамалық тұрғыдан бекітілді. АПК-ге «Татуластыру рәсімдері» атты 17-тарау енгізілді. АПК-нің 174-бабына сәйкес: «Тараптар татуласу келісімін, дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді немесе дауды партисипативтік рәсімдер тәртібімен реттеу туралы келісімді жасап не осы Кодексте белгіленген тәртіппен өзге де тәсілдерді пайдалана отырып, дауды өзара талаптардың толық көлемінде не бір бөлігінде реттей алады.».
Осылайша, АПК-нің 174-бабында татуластыру рәсімдерінің үш түрі бөліп көрсетілген: 1) нәтижесінде татуласу келісімі жасалатын рәсімдер; 2) медиация; 3) партисипативтік рәсімдер. Татуластыру рәсімдерінің барлық үш түрі келіссөздер болып табылады. Атап айтқанда, бірінші жағдайда бұл тараптардың тікелей келіссөздері, екінші жағдайда – медиатордың қатысуымен келіссөздер, үшінші жағдайда – адвокаттардың қатысуымен келіссөздер1.
Татуластырушы-судья жүзеге асыратын татуластыру рәсімдері осы сыныптамада медиация бөліміне жатқызылады. Медиация – бұл делдалдық және оны кімнің: тәуелсіз медиатордың немесе татуластырушы-судьяның жүзеге асыруы маңызды емес.
Сотта татуласуды енгізудің маңызды себебі дәстүрлі медиация тиімділігінің төмендігі болып табылады. Медиацияны енгізу бойынша елеулі күш-жігер жұмсалғанына қарамастан, оны пайдалана отырып қаралған істердің саны соттар қараған істердің жалпы санына пайыздық қатынаста өте аз. Медиация туралы заңның іске аспайтыны қазақстандық2, сол сияқты ресейлік3 әдебиетте атап өтілді.
Сотта татуласу мынадай екі мағынада түсініледі:
1) сотта татуласуға соттың бастамасымен немесе қатысуымен өткізілетін барлық делдалдық іс-шаралар (татуласу келісіміне, тәуелсіз медиацияны өткізуге, партисипативтік рәсімдерге шақыру, судьяның немесе сот қызметкерінің татуластырушы ретінде тікелей қатысуы) кіреді;
2) сотта татуласуға судья немесе жоғары сот органдарының шешімі бойынша татуластырушы болған адам (отставкадағы судьялар, сот қызметкерлері және т.б.) татуластырушы болған жағдайлар ғана жатады.
Бұдан әрі сотта татуласу екінші мағынада қолданылатын болады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет