Ж. Б. Аширбекова



Pdf көрінісі
бет83/87
Дата22.09.2023
өлшемі1.58 Mb.
#478250
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   87
Kosalky tarihy pan Ashirbekov

Нумизматика – термині латынша numisma – «монета» де-
ген сӛзінен шыққан.
Аверс – монетаның бет жағы (әдетте гербтің бейнесі не-
месе монетаның шығарған мемлекеттің билеушісінің портреті).
Реверс – монетаның кері жағы.
Гурт – монетаның ӛңделген шеті (қабырғасы), (ол тегіс 
суретті және үстінде жазуы бар болып келеді; гурт монетаның 
кӛшірмелеу ісін қиындатады). 
Монета ӛңірі – монетаның беті және кері жақтарының 
сырты. 
Монета легендасы – монета үстіндегі жазу. 
Номинал – монетаның белгіленген құны.
Лигатура – күміс, алтын және плотина монеталарының 
жалпы салмағына проценттік қатынаста алынған қымбат емес 
металл қоспасы.
Монета кірісі – монета номиналы мен оны даярлап шы-
ғару құнының арасындағы айырым (оған жасалған құны да қо-


287 
сылады; монета кірісі монетаны шығарған мемлекетке тиесілі 
болады). 
Монета стопасы – монетадағы металдың салмағы мен сол 
металдың тауар ретіндегі белгілі салмағының арасындағы қатыс 
(ол монетаның номиналына және қымбат бағалы металдың та-
уар ретіндегі құнына байланысты). 
Монетаның бҧзылуы – номиналы сақтала отырып, моне-
тадағы металл санының азаюы (немесе лигатураның кӛбейіп 
кетуі). 
Монета типі – монетаның сыртқы деректерінің жиынты-
ғы. Френнің пікірі бойынша нумизматика – түбірі латын сӛзіне 
(нумизммонета) бастау алар бұл ұғымды мағыналасақ кӛне, 
монеттер мен медальдарды, құйма алтын кесектерін, тиын соғу, 
ақша айналым тарихын зерттейтін ғылым болып шықпақ. 
Ҧлттық валюта – теңге (қолма-қол ақша) банкнота және 
монет түрінде айналысқа енгізілді. 
Геральдика – (ортағасырлық лат.сӛз. Heraldus-жаршы) – 
елтаңбатану. 
Елтаңба – (полш. Herb немес Еerb мұра) мемлекеттің, 
қаланың, сословияның, тулардағы бейнелердің, тиындардың, 
мӛрлердің және т.с.с. ерекшелейтін белгі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   87




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет