8
пасы; монет кірісі – монет номиналы мен оның даярлап шығару
құнының арасындағы айырма (оған жасалған металл құны да
қосылады; монет кірісі монетті шығарған мемлекетке тиісті бо-
лады); монет стопасы – монеттегі металдардың салмағы мен сол
металдың товары ретіндегі белгілі бір салмағының арасындағы
қатынас (ол монеттің номиналына және қымбат бағалы метал-
дың тауары ретіндегі құнына байланысты); монеттің бұзылуы –
номинал сақтала отырып, монеттегі металл санының азаюы (не-
месе лигатураның кӛбейіп кетуі); монет типі – монеттің сыртқы
деректерінің жиынтығы.
Бұл арада маңызы жағынан неғұрлым жалпылама нумиз-
матикалық терминдердің кейбіреулері ғана келтірілді. Нумиз-
матиканың жеке бӛлімдеріне
жататын басқа ұғымдарды ұсы-
нылған әдебиеттерді пайдалану арқылы танысуға болады.
Нумизматика термині латынша «numisma» – «монет» де-
ген сӛзінен шыққан. Қосалқы ғылыми пәні дамуының алғашқы
кезеңі монеттерді әуәсқойлықпен коллекциялау болады. Жинау-
шыларды монеттің сан алуан типте болып келуі, кӛне даналары-
ның біршама тез табылып қалатындығы, анықтаудың және клас-
сификациялаудың біршама оңайлылығы, ақырында сақтау үшін
қолайлылығы қатты қызықтырды. Орта ғасыр дәуірінің ӛзінде –
ақ Еуропаның кӛптеген қалаларында кӛбіне антик заманының
монеттерін жеке адамдардың кӛптеп жинаушылығы болған еді.
Жинап теру нәтижесінде ескі монеттер сақталып қалды. Қорда
жинақталуына қарай оларды зерттеу мәселесі қойылды. Коллек-
циялар иелерінің кӛбі ӛзі немесе ғалымдардың кӛмегімен монет-
терді зерттеп, сипаттап жазды, каталогтар жасады, ұқсас данала-
рының сериясын іріктеп топтады. Кӛп коллекциялардың арнау-
лы қоймасы – «мюнцкабинеттер» пайда болды.
Келесі кезең монеттердің ғылыми классификациясы мен
нумизматикалық материалды алғашқы зерттеушілердің пайда
болуы еді. Ғылыми нумизматиканың негізін қалаушы Вена кол-
лекционері және ғалымы И.И.Эккель (1737-1798) болып сана-
лады.
Ресейде монеталарды коллекциялау
туралы алғашқы де-
ректер XVII ғасырдың екінші жартысына жатады. Бірақ
XVIII ғасырдың басында-ақ бұл дәстүр сәнге айналды.
9
Петербургте I Петр негізін қалаған алғашқы орыс мұражайы –
Кунсткамерада монеттер мен металдардың кӛп коллекциясы
болды. Уақыт ӛте келе Кунсткамера жинағы талай рет толық-
тырылып отырды. Ал содан кейін Эрмитажға берілді. Қазіргі
кезде Эрмитаждағы нумизматикалық коллекция – Еуропадағы
ең ірі коллекциялардың бірі.
Орыс нумизматикасы жӛніндегі алғашқы еңбектерде құн-
ды байқаулар болғанымен қайсыбір монеттер жӛнінде кӛптеген
қарапайым түсініктер мен таң қаларлық мәліметтер болды.
1834 жылы А.Д,Чертковтың «Описание древних русских монет»
деген кітабы шықты. Бұл ежелгі
орыс монеттерінің ғылыми
классикасының негізін қалады.
Ресейде монеттерді зерттеуге А.В.Орешников үлкен үлес
қосты. Ол қалдырған солтүстік Қара теңіз бойының нумизма-
тикасы жӛніндегі еңбектер мен 1896 жылы шыққан «1547 жыл-
ға дейінгі орыс монеттері» деген іргелі еңбегі қазіргі уақытқа
дейін зерттеушілерге кӛмекші құрал болып табылады.
1917 жылғы Қазан тӛңкерісінен кейін нумизматика қосал-
қы тарихи пәндердің қатарына мықтап енді. 1924 жылы
А.М.Большаковтың «Қосалқы тарихи пәндер» кітабына нумиз-
матика туралы бӛлім енгізілді. Соңғы жылдардың ішінде отан-
дық және шетелдік нумизматика бойынша, А.Н.Зографтың,
И.Г.Спасскийдің, В.Л.Яниннің
еңбектерінде маңызды теория-
лық мәселелер қаралып, ғылыми айналымға жаңа материалдар
енгізілген. Нумизматиканың тарихнамасында: антик, византия,
шығыс, батыс және орыс (кеңестік нумизматиканы қоса алған-
да) нумизматикасы деп шартты түрде бӛлінеді. Аталып ӛткен
тармақтардың әрқайсысын зерттеудің ӛзіне тән сипаттары бар,
алайда оларды толық алып қарастыру бұл кӛмекші
құралдың
міндетіне кірмейді.
Монеттерді әр жақты зерттеу нәтижесі нумизматиканың
ғылым ретінде қалыптасуына әсер етті, яғни оның міндеті – мо-
неттердің уақыттарын, жазуларын, суреттерін және т.б. зерттеу
болып табылады. Кӛп кешікпей нумизматиканың міндетіне мо-
неталарды тарихи дерек кӛзі ретінде, яғни саяси тарихы бар мо-
нета ретінде зерттеу кірді. Бұл мәлімет буржуазиялық ғылымда
анықталған. Атақты орыс нумизматы А.В.Орешников та нумиз-
10
матиканың міндеті осы деп біледі. Яғни, ол «нумизматика – та-
рихтың кӛмекші пәні», ал монеталар ӛзінен ӛзі мағына бермей-
ді, олар тарих ғылымына кӛмекші құрал болып табылады. Орыс
революциясына дейінгі және қазіргі буржуазиялық ғылымда мо-
нета – ең алдымен саяси тарихтан мәлімет беретін ӛнер ескерт-
кіші және тарихтың қайнар кӛзі болып табылады. Кеңестік ғы-
лым ӛз алдына монеттерді кешенді түрде зерттеуді және ең ал-
дымен нумизматикалық құралды қоғамдық ӛмірдің экономика-
лық факторы ретінде зерттеуді қойды. Монета тауар – ақша
проблемасын шешудегі негізгі қайнар кӛзі болып табылады.
Демократиялық мемлекеттерде антикалық монеталарды
жинауда және оларды жариялауда үлкен жұмыстар атқарылды.
Монетаның топографиясы жасалды. Стокгольмде болған XI Ха-
лықаралық тарихшылар конгресінде нумизматика туралы кӛп-
теген баяндамалар оқылды. Бұл баяндамаларда нумизматика-
лық ескерткіштер арқылы ежелгі
дәуірдің экономикалық және
әлеуметтік ӛмірін анықтау мәселесі кӛтерілді.
(Л.Н.Казаманова.
Достарыңызбен бөлісу: