ТАҚЫРЫП 1. КОРПОРАЦИЯЛАР ҚАРЖЫСЫ: ҰЙЫМДАСТЫРУ
НЕГІЗДЕРІ
ЖӘНЕ
ОЛАРДЫҢ
ҚАРЖЫ
СФЕРАСЫНДАҒЫ
МАЗМҰНЫ
Осы тақырып бойынша материалды оқу барысында, сіз ұғынасыз:
корпоративтік қаржы мәтінін мазмұндау;
корпоративтік қаржы функцияларын атау және оларды нақтылап
сипаттау;
корпоративтік қаржыны ұйымдастыру принципін анықтау;
корпорация қызметін және оның құрамдас бөлігінің қаржылық
ортасын сипаттау
1.1 Негізгі теориялық жағдайы
Корпоративтік қаржы түсінігі. «Корпорация» ұғымы күнделікті
тәжірибеде оның мазмұны кең және тар мағынада қолданылуы мүмкін.
Корпорация–бұл кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру үшін құрылған
шаруашылық субьект, оның экономикалық мақсаты қоғамдық тұтынуды
қамтамасыз ету және пайда алу болып табылады.
Корпорация қаржысының жағдайы жалпы мемлекеттік және аймақтық
ақша қорларының қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілуіне елеулі әсер етеді.
Неғұрлым кәсіпорындардың қаржылык жағдайы мықты әрі берік болса,
соғұрлым жалпы мемлекеттік жәнс аймақтық ақша қорлары толығымен
қамтамасыз етіледі, әлеуметтік-мәдени және қоғамның басқа да қажеттіліктері
жеткілікті түрде қанағаттандырылады.
Кең мағынада «корпорация» - бұл бірлестік, жеке және заңды
тұлғалардың әлеуметтік пайдалы қызметті жүзеге асыру үшін, заңды тұлға
мәртебесі бар, яғни, іс жүзінде кез-келген фирма – заңды тұлға, меншікті
капитал мен орындайтын келісім-шарттар бойынша тауарлар мен қызметтерді
жеткізу және өз міндеттемелерін корпорация деп есептеуге болады.
Қаржы менеджерін басқару объектісі болып корпоративтік қаржы, яғни
ақша ағындарының қозғалысы, ақша қорлары (табыстарды), капиталды
пайдалану және қалыптастыруға жататын, ақшалай қатынастар (байланыстар)
жиынтығы табылады.
Корпорация қаржысы – бұл негізгі және айналмалы капиталдың
құрылуы, корпорациялардың ақшалай қаражат қорларының және олардың
бөлінуі мен пайдаланылуы процесінде пайда болдатын қаржылық немесе
ақшалай қозғалыстар.
Достарыңызбен бөлісу: |