303
Ауру республиканың барлық жүзім шаруашылығымен айналысатын
аймақтарында, әсіресе оңтүстік-шығысында таралған.
Ауруға шалдыққан жүзім жидегі сұр ӛңезбен жабылады. Залалданған
жидектер солып, целлюлоза қабығы жидектің етті бӛлігінен ажырап,
шырыштанып,
зең иісті, қышқыл, болады. Ауруға шалдыққан жас
жидектер түгел сұр ӛңезбен жабылып, кеуіп қалады. Сұр шірік жидекті
тасымалдау және қоймада сақтау кезінде залалдайды.
Ауру жидектер
сауларымен жанасқанда кесел дами түседі (193-сурет).
Ауру қоздырғышы –
Botrytis cinerea Fr. саңырауқұлағы. Қоздырғыш
әлсіреген ӛciмдiктi немесе зақымдалған мүшелерін залалдап, жіпшумағы
ұлпа
бетінде таралып, сұр түсті ӛңез түзеді. Конидиятасушылары
бұтақталған, конидиялары жұмыртқа тәpізді, сұрғылт түсті,
бip клеткалы,
кӛлемі 9-15 6,6-10 мкм. Склероцийлері алғаш ақ-сұр түсті болып, кейін
қарайады, диаметрі 2-7 мм, қабығы бұдырлы. Саңырауқұлақ
склероциі,кейде конидия түрінде қыстайды. Кӛктемде температура 12°С
жоғары кӛтерілгенде склероцийлер ӛніп, дамыған спора тасушыларда
конидиялар түзіліп, жүзімдіктерге таралады.
Аурудың салдарынан
жидектер жаппай шipiп, алынған шараптың сапасы тӛмендейді
193-сурет. Сҧр шірік
ауруына шалдыққан
жҥзім жидектері
6.4.7 Бактериялы iciк (рак)
Ауру республиканың барлық жүзім
шаруашылықтарында, әcipece
оңтүстік-шығыс облыстарында жиі таралып, кӛбіне сазды,
ылғалы мол
ауыр топырақтарда кездеседі. Кеселге ӛсімдіктің тамыр мойны, діңі,
телітуші мен телінушінің ұластырылған бӛлігi шалдығып, iciк түзіледі.
Жұмсақ, бастапқыда ақ түсті iciк, кейін қатайып қоңырайады (194-сурет).