Оқулық Орал 015 44. Г жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық техникалық



Pdf көрінісі
бет92/228
Дата29.09.2023
өлшемі7.93 Mb.
#479238
түріОқулық
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   228
Ауылшаруашылық дақылдарының аурулары

Сары немесе шырышты бактериоз. Қазақстанда бұл ауру карантин 
аруларының қатарына жатады. 
Ӛсімдік жапырағын бойлаған ақ немесе сары түсті
жолақтар түзіліп, 
кейін жапырақтар ширатылып, шырыштанады. Ауруға шалдыққан 
ӛciмдіктің сабақтары иіліп, ӛcyi баяулайды. Масақтар кӛбіне жапырақ 
қынабынан шықпай тығыздалып, шырыштанады. Залалданған ӛсімдіктер 
ӛнім бермейді. 
Ауру қоздырғышы – Corinebacterium tritici Burk. бактериясы. 
Инфекция қоры – залалданған тұқым және бидай нематодасы. Сары 
бактериозға шалдыққан ӛсімдіктің масағында тұқым түзілмейді. 


126 
Арпаның жолақ бактериозы. Жолақ бактериоз республиканың 
оңтүстік облыстарында таралған. 
Ауруға шалдыққан арпа ӛсімдігінің жапырақтарында пішіні ұзынша 
келген, жіңішке (eнi 1-2 мм), қою жасыл түсті дақтар пайда болып, кейін 
ашық-қоңыр түске айналады Қатты залалданғанда ӛсімдік жапырақтары 
қурап, жансызданған ұлпадан бӛлінген экссудат ақшыл қабыршақ болып 
кебеді. Аурудың сыртқы белгілері гельминтоспориозға ұқсас, бipaқ түci 
ақшылдау болып дақтардан шырыш бӛлінеді. Кеселдің алғашқы белгісі 
ӛскінде білінеді де, кейін жапырақ пен оның қынабына кӛшеді. 
Ауру қоздырғышы – Xanthomonas translucens Dow.var. hordeі Hagb. 
бактериясы. Қоздырғышпен тек арпа залалданады. Дертті тұқымнан ӛнген 
ӛскінде бастапқы залалдану жүреді де, вегетация кезеңінде ӛсімдіктің 
жапырақтары мен масақтары туынды инфекциямен залалданады. 
Инкубациялық кезеңі – 9 кун. Инфекция қоры – шірімеген ӛсімдік 
қалдықтары мен тұқым. 
Ауру шалдыққан ӛсімдіктер ӛспей, дәндері семіп, кейде мүлдем 
масақтанбайды. 
Жҥгepi бактериозы. Жүгері бактериозы Қазақстан Республикасы 
территориясында карантиндік нысандар қатарына жатады. Бактерия 
жүгерінің түтікті солу ауруын қоздырады. 
Дертке шалынған жүгерінің жас ӛсімдіктерінің жапырақтарында 
алғашында ашық-жасыл, кейін сарғыш түcтi сызық жолақты дақтар пайда 
болады. Бұл дақтар кебе келе бip-бipiмeн қосылып ұлғаяды. 
Кесел ӛсімдіктің түтікті жүйесін бойлап ӛсімдік сабағына және 
жоғарғы жапырақтарына таралады. Дертке шалынған ӛсімдік мүшелерінің 
залалданған учаскелерінде экссудат бӛлінеді. Қатты залалданған 
ӛсімдіктер топырақта ылғалдың жеткілікті дәрежеде болғанына қарамастан 
қурайды. Ауырға шалдыққан ӛсімдіктер биіктеп ӛспей – ергежейлі болып, 
мезгілінен бұрын ақ шашақ шығарып, собықтар түзілмейді немесе түзілген 
собық дәндерінің жас бӛлігі, кейде барлығы, тұтасымен залалданады. 
Собықтың орауыш жапырақтарының iшкi жағынан бӛлінген экссудат 
дәндерді залалдайды. 
Сонымен қатар бактериялар кеселге шалдыққан ӛсімдіктің түтіктерін 
бітеп, тамыр арқылы келетін қоректік заттар мен су жоғарғы бӛліктерге 
жетпей, ӛсімдік солып қалады. Бактериялар түтіктерді ыдыратып, оған 
жақын ұлпаларға еніп, залалдап, кейде заладанған учаскелерде ойық 
жаралар түзіледі.
Ауру қоздырғышы – Erwinia stewartii Dye бактериясы. Қоздырғыш 
ӛсімдікке табиғи саңылаулар немесе жарақаттар арқылы енеді. 
Қоздырғыштың инкубациялық кезеңінің ұзақтығы жоғары температура 
(30°С) мен ылғалдылықта 4-6 күнге созылады. Инфекция қоры – 
залалданған тұқым мен шіріп үлгермеген ӛсімдік қалдықтары. 


127 
Бұл аурумен негізінен жүгері залалданып, дақылдың ӛнімі 20-50%-ға 
тӛмендейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   228




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет