Оқулық Орал 015 44. Г жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық техникалық



Pdf көрінісі
бет94/228
Дата29.09.2023
өлшемі7.93 Mb.
#479238
түріОқулық
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   228
Ауылшаруашылық дақылдарының аурулары

Кҥздік бидай теңбілі (мозаикасы) (48-сурет). Бұл кесел күздік 
бидай егілетін барлық аймақтарда кездеседі. 
Ауруға шалдыққан ӛсімдік жапырақтарында ашық-жасыл немесе 
сары түсті теңбілденген дақтар мен сызықтар жүйке бойымен орналасады. 
Бұндай ӛсімдіктердің ӛcyi саябырлап, шамадан тыс түптеніп, кӛбіне 
масағы түзілмей, қурайды. 


129 
48-сурет. Кҥздік бидай теңбілі (Triticum virus 8 Zachurilo et Sitnikova
Ауру қоздырғышы – Triticum virus 8 Zachurilo et Sitnikova вирусы. 
Ауру қоздырғыш вирус ӛсімдіктерге жолақты немесе алты нүктелі 
цикадалармен таралады. Ӛсімдік шырыны, механикалық жаралар және т.б. 
жолдармен ауру жұқпайды. Насеком денесінде вирус 15-60 күнде 
инкубациялық кезеңнен ӛтіп, сау ӛсімдіктерді залалдайды. 
Вирус күздік бидай егістігінде тӛгілген дәндерден ӛнген 
ӛсімдіктерде, сондай-ақ тасымалдаушы нaceкoмдapдa (жұмыртқа және 
имаго кезеңдерінде) қыстайды. Қоздырғыштың бұл түpi бидайдан басқа 
арпа, сұлы, тары, мысыққұйрық, кӛк итқонақты, кейде қара бидайды 
залалдайды. 
Дертке шалынған ӛсімдіктердің ӛсіп-жетілуі тежеліп, кӛбіне ӛліп 
қалады. 
 


130 
1.7 Астық дақылдарын тҥрлі аурулардан қорғау жҥйесі 
Дәнді дақылдарды аурулардан қорғау жүйесі ұйымдастыру
агротехникалық, химиялық және карантиндік шараларды үйлестіріп 
қолданудан тұрады: 
1. Аймақта аса зиянды, кең таралған ауруларды ескере отырып, 
астық дақылдарының аудандастырылған тӛзімді сорттарын енгізу; 
2. Тұқымдық материалдар ауруға шалдықпаған немесе аз шалдыққан 
егістіктерден жиналып, мемлекеттік үлгіге (стандарт) сәйкестелуі тиіс. Ол 
үшін әлжуаз тұқымнан, қарамықтан және т.б. қоспалардан ipiктeп
тазартылған тұқымдық материал даярлау; 
3. Ғылыми негізделген ауыспалы eгicтіктi қолдану. Дақылдарды 
дұрыс алмастырып себу нәтижесінде топырақты инфекциядан арылтып, 
тамыр шipiгi, қара күйе, тат, гельминтоспориоз, фузариоз және қастауыш 
ауруларының зияндылығын тӛмендету. Ауыспалы егістікте астық 
дақылдарына қолайлы алғы дақылдарды – кӛп жылдық шӛптер мен дәнді-
бұршақ дақылдарын, бірдей шалдықпайтын астық түрлерін және cүpi 
жерді (пар) – дұрыс пайдалану; 
4. Астық дақылдары егістіктерін бip-бipiнeн оқшаулап егу. Туыс 
дакылдарды кӛп жылдық астық тұқымдас шӛптерден, ал тұқымдық 
егістікті шаруашылық егістіктен кемінде 1 км алшақ орналастыру 
нәтижесінде тозаңды қара күйе, ақ ұнтақ, тат, бактериоз, вироз және басқа 
кӛптеген аурулардың таралуын тежеу; 
5. Жол жиегіндегі, егістіктегі арам шӛптермен, әcipece жабайы астық 
тұқымдас ӛсімдіктермен, қоздырғыштың аралық иелерімен және вирус 
инфекциясын тасымалдаушы насекомдармен үнемі күресіп отыру; 
6. Дакылдың ауруларға тӛзімділігін арттыру үшін фосфор, калий 
тыңайтқыштарын нұсқауға сәйкес cүpi жерге немесе тұқым себер алдында 
топыраққа енгізу; 
7. Ерте кӛктемде танаптарды тырмалап, егінді жинаған соң аңызды 
терең сүдігер жыртып, кӛптеген ауру қоздырғыштарын жою; 
8.Қара күйе, қарамық, ақ ұнтақ, тат т.б. ауру қоздырғыштарының 
топырақтағы қорын тӛмендету үшін егінді қысқа мерзім ішінде, уақытылы, 
тӛкпей-шашпай жинап алу; 
9.Тұқымды дұрыс кeптipiп, сақтау арқылы ӛсімдіктің ауруларға 
тӛзімділігін арттыру;
10.Астық дақылдарын аурулардан химиялық қорғау тұқымды 
себер алдында ӛңдеу және ӛсімдікті вегетация кезеңінде бүрку
арқылы жүзеге асырылады. Тұқымды аддын-ала дәрілеу әдісі – тұқым мен 
топырақтағы инфекция қорын жоюға бағытталған. Бұл әдіс астық 
дақылдарын егу технологиясының нeгiзгi бip элементі болып табылады. 


131 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   228




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет