142
Бактериялық күйік дертіне дәнді-бұршақ дақылдары ӛсімдіктерінің
барлық топырақ бетіндегі мүшелері
– жапырағы, сабағы, жапырақ сағағы,
cepiгi, бұршаққаптары шалдығады. Ауруға шалдыққан ӛсімдік мүшесінің
бетінде айналасы суланған майлы жиекпен кӛмкерілген
ортасы қаралау
дақ түзіледі. Әдетте ӛсімдіктің тӛменгі жапырақтары мен жас, шырынды
мүшелері залалданып, ауру бipтe-бipтe жоғарғы жапырақтарға таралады.
Ауру қоздырғышы ӛсімдік бойына леп
тесігі саңылауы арқылы еніп,
эпидермис астымен қабықтың паренхимасына таралып, клетка қабырғасын
бұзып, ӛткізгіш түтіктерге енеді. Осының нәтижесінде дертке шалынған
ӛсімдік солып қалады. Жеміс сағағының түтіктерімен бактериялар дәнге
ӛтіп, тұқым бетінде сарғыш дақ түрінде пайда болады.
Бактериялық күйік ауруын
Pseudomonas pisi Sackett бактериясы
қоздырғышы. Кесел ылғалдылық пен су тамшысында және 25-28°С
температура деңгейінде қарқынды дамиды.
Бұл бактерия басқа да дәнді
бұршақ ӛсімдіктерін залалдайды. Инфекция қоры – тұқым мен ӛсімдік
қалдықтары.
2.9 Ҥрмебҧршақтың бҧрышты дағы
Кесел республиканың барлық аймақтарында таралған.
Бұрышты дақ ауруына үрме бұршақ ӛсімдігінің топырақ бетіндегі
барлық мүшелері шалдығады. Кеселдің алғашқы белгісі – тұқым
жарнағында майда, коңыр түсті, сүйел тәрізді
немесе жайылған майлы
дақтар түрінде басталады. Жапырақта қошқыл-жасыл түсті, майлы дақтар
жүйке аралықтарына түсіп, кейін қызыл-қоңыр түске айналады. Дақтар
жайылып, бip-бipімeн қосылуы мүмкін, бipaқ пішіні бойынша бұрышты
қалпы сақталады.
Залалданған жапырақтың астыңғы
бетінде ақшыл-сұр шырыш
(экссудат) бӛлініп, кейін кеуіп, жұқа сұр қабықшаға айналады. Ауруға
шалдыққан бӛліктің
айналасы хлорозданып, жапырақ ұшы солыңқырап,
кейін қоңырланады. Жапырақ қатты залалданғанда кeyiп, жансызданып
түседі.
Сабақта бойлаған қызыл-қоңыр жарықтар
мен ойық жаралар пайда
болады. Бұршаққапта алғаш майлы дақтар түзіліп, кейінгі түрлі қоңыр
түстерге айналады.
Тұқымдағы дақтар сарғыш түcтi, ал ойық жаралары инемен
тесілгендей болып кӛрінеді.
Тұқым қыртыстанып, ұсақталып, жетілмейді.
Егер жас ӛсімдіктің бipiншi жапырақтары залалданса, онда ӛсімдік
гүлдеместен қурайды (59-сурет).