Оқулық Орал 015 44. Г жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық техникалық



Pdf көрінісі
бет96/228
Дата29.09.2023
өлшемі7.93 Mb.
#479238
түріОқулық
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   228
Ауылшаруашылық дақылдарының аурулары

2.1 Пероноспороз 
Бұршақ дақылдарының пероноспороз ауруы барлық аймақта 
кездеседі, әcipece республиканың шығысында кең таралған. 
Ауруға негізінен ӛсімдіктің жапырағы, кейде басқа топырақ үсті 
мүшелері шалдығады. Кесел жергілікті және диффузды күйде таралуы 
мүмкін. 
Ауруға шалдыққан ӛсімдік жапырағының үcтіңгi бетінде пішіні 
дӛңгелек, түсі – ашық-жасыл, сарғыш жайылған дақтар пайда болады. 
Жапырақтың астыңғы бетінде, дақтардың тұсында күлгін-сұр түсті ӛңез 
түзіледі. Дақ кейін қоңырланып, ұлпасы жансызданады. 
Залалданған ӛсімдіктің сабағы мен бұршаққабында дақтар жайылып 
орналасып, реңі хлорозды болып, бетінде сұр түсті конидиятасушылардан 
тұратын ӛңез қалыптасады. Кеселге шалдыққан жас ӛсімдіктер нашар 
жетіліп, буынаралықтары қысқарып, жапырақтары майдаланып, дәндері 
жетілмей семіп, биіктеп ӛспей қалады. Ауруға тән бұл белгілер ауру 
қоздырғыш саңырауқұлақ клетка аралығымен таралған жағдайда 
байқалады. 
49-сурет. Ас бҧршақ пен май бҧршақтың жалған ақ ҧнтақ 
(пероноспороз) ауруы 


133 
Аурудың 
қоздырғыштары 
– 
Peronospora 
туысының 
саңырауқұлақтары (49-сурет). Бұл саңырауқұлақтар арнайы бейімделген 
ӛсімдіктерді залалдайды. Мысалы, асбұршаққа – P. pisi Syd., 
қытайбұршаққа – P. manshurica Syd. түрлері бейімделген. 
Вегетация кезеңінде саңырауқұлақ конидиялармен таралып, ал 
ооспоралары залалданған ұлпа ішінде түзіледі. Конидиятасушылары 
дихотомиялы бұтақталған, қоңыр-күлгін түстi конидиялары домалақ 
немесе сопақша, сарғыш кейде түсciз, кӛлемі 17-30 14-27 мкм. 
Ооспоралары домалақ шар тәрізді, қос қабатты, сарғыш-қоңыp түсті. 
Саңырауқұлақтың дамуына қолайлы жағдай 15-26°С температура және 
жоғары ауа ылғалының су тамшысы. Инфекция коры – ӛciмдік 
қалдықтарында қыстайтын ооспоралар. 
Кеселдің әсерінен ӛсімдік ӛскіні, жапырағы және бұршақбасы қурап, 
жойылады. 
2.2 Ақ ҧнтақ 
Ақ ұнтақ ауруы біздің елде кең таралған. Бұл ауру дәнді бұршақ 
дақылдарының барлығы залалдайды. 
Ауруға шалдыққан ӛсімдіктердің мүшелерінде алғаш ақ, торлы, 
кейін сұрғылт, тығыз ұнтақты ӛңез пайда болады (50-сурет). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   228




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет