Оқулық Орал 015 44. Г жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық техникалық



Pdf көрінісі
бет99/228
Дата29.09.2023
өлшемі7.93 Mb.
#479238
түріОқулық
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   228
Ауылшаруашылық дақылдарының аурулары

52-сурет. Ҥрмебҧршақ антракнозы 
Ауруға шалдыққан ӛсімдік бұршаққабында, сабағында, сағағында, 
жапырағында, жиегі қызыл реңмен кӛмкерілген қоңыр түсті дақ пайда 


138 
болады. Дақтардың бетінде қызғылт немесе қоңыр-cұр реңді саңырауқұлақ 
конидиясының массасы түзіліп, дақтар жарылып, жараға айналады. 
Бұршаққап бетіне түскен дақтар жайылып, бір-бірімен қосылып, тұқымға 
дейін ӛтетін терең ойық жара пайда айналып, кейін қатайып, күңгірттеніп, 
қыртыстанады. Дертке шалынған ӛсімдік сабағы залалданған жерінен 
сынып, ӛсімдік жансызданады. Ӛскін aypyғa шалдықса егістік сиреп, кесел 
зияндылығы артады. 
Антракноз ауруының қоздырғышы – Colletotrichum lindemuthianum 
Br. et Cav. саңырауқұлағы. Жіпшумағы жергілікті, түссіз. Конидиялар 
арнайы тӛсеніште (ложа) түзіледі. Конидиятасушылары түссіз, немесе сәл 
боялған, пішіні цилиндр тәрізді, тармақталмаған. Конидиялары тік немесе 
сәл иілген, ұзынша цилиндр пішінді шeттepi доғалданып келген, кӛлемі 
10,5-23 3,5-5,6 мкм. 
Саңырауқұлақ конидиялармен таралып, ылғалды ауада түтікшеге 
ӛніп, кутикулаға тығыз орнығатын аппрессорийлер түзіп, ӛсімдікті 
залалдайды. Аппрессорийден ӛсімдік клеткасына енетін инфекциялық 
жіпше ӛсіп шығады. Қоздырғыштың инкубациялық кезеңінің ұзақтығы 4-7 
күн. Жіпшумақ кейде тұқымға еніп, залалдап, оның ӛнгіштігін жояды 
немесе ӛнген ӛскін кӛп ұзамай қурайды. Саңырауқұлақтың дамуына 
қолайлы орта жағдайы: 18-22°С деңгейіндегі жылылық және 60% 
дәрежесіндегі ауа ылғалдылығы. Инфекция қоры негізінен тұқым және 
ӛсімдік қалдықтарында жіпшумақ түрінде сақталады. 
Антракноз ауруына шалдыққан eгicтік сиреп, ӛнім сапасы мен 
шығымы тӛмендейді. 
2.6 Тамыр шipiгi 
Бұршақ тұқымдас дақылдар ӛсірілетін аймақтарда кең таралған және 
жиі кездесетін, әcipece республиканың оңтүстік бӛлігінде, ылғалдылығы 
тӛмен аймақтарда кең таралған кесел – тамыр шірігі.
Тамыр шірігі ауруына кӛбіне бұршақ дақылдардың ӛскіндер 
шалдығады. Ал ӛсіп-ӛркендеген ӛсімдіктердің тамыр жүйесі бұл кеселге 
сирек шалдығады.
Дертке шалдыққан ӛскіннің тамыршалары, сабақшалары, тұқым 
жарнағы шipидi. Ауруға шалдыққан ӛскін негізінен топырақ бетіне 
шықпай жойылады, кейде тұқым жарнақтарында қоңыр жаралар пайда 
болып, ӛсу нүктeci күңгірттенеді. Ӛніп-ӛскен ӛciмдiктepдің алғашқы және 
eкiншi кезекті тамырлары, топырақ асты буынаралықтары мен сабақ негізі 
залалданып, ауруға шалдыққан мүшелері қоңырланып, жойылып, ӛсуі 
саябырлап, ӛсімдік солады (53-сурет). 


139 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   228




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет