Законы 10-е издание москва бином. Лаборатория знаний 2010 3


Оқиғалар арасындағы қатынастар



Pdf көрінісі
бет157/197
Дата05.10.2023
өлшемі2.75 Mb.
#479900
түріЗакон
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   197
f6176e30d73c3b0

 
Оқиғалар арасындағы қатынастар
Əртүрлі инерциaлдық санақ жүйелеріндегі берiлген оқиғалардың 
арасындағы кеңістіктік жəне уақыттық қатынастар мəселесiне тоқталайық.
Классикалык 
механиканың 
өзінде-ақ 
түрліше 
оқиғалардың 
apaсындaғы 
кеңiстiктiк 
қатынастар 
қай 
санақ 
жүйесiнде 
қapaстырылғандығына тəуелдi болатын. Мысалға, қозғалатын пойыздағы 
шамның қатарынан екі рет жануы пойызбен қатынасты санақ жүйесiнде 
кеңістіктің бiр ғана нүктесiнде өтетін болса, ал жол табанымен қатынасты 
санақ жүйесiнде ол кеңістіктің түрлі нүктелерінде өтедi. Əртүрлі уақыттарда 
өтетін екі оқиға бiр жерде немесе бiр-бiрiнен қандай да бiр қашықтықта 
өтедi деп тоқтам жасау үшін бұл оқиғаның қандай санақ жүйесiне қатысты 
екендiгiн көрсету керек. 
Ал оқиғалардың арасындағы уақыттық қатынастарға келетiн болсақ, 
классикалық механикада олар санақ жүйесiне тəуелсiз болып саналады. 
Егер қандай да бiр екі оқиға бiр санақ жүйесінде өтетін болса, онда 
олар барлық санақ жүйелерінде де бiрмезгiлде өтеді. Жалпы алғанда берiлген 
екі оқиғаның арасындағы уақыт аралығы барлық санақ жүйелерінде бiрдей 
болып саналады. 
Бipақ, шындығында бipмезеттіліктiң 
өзі 
де 
(демек 
уақыттың 
өтуі 
де) 
салыстырмалы түсінік екендiгiне жеңіл көз 
жеткiзуге болады, яғни тек осы түсінік қай 
санақ жүйесiне қатысты айтылғандығын 
көрсеткен кезде ғана оның мағынасы болады. Жай пікірдің көмегімен-ақ бiр 
санақ жүйесiнде бiрмезгiлде өтетін екі оқиғаның басқа санақ жүйесiнде 
бiрмезгiлде болмайтындығын көрсетейiк. 
К-санақ жүйесiне қатысты тұрақты жылдамдықпен қозғалатын 
шыбықты қарастырайық. Шыбықтың қақ ортасында О нүктеде шам, ал 
шеттeрiнде жəне нүктелерінде фотоэлементтер бар (7.3-сурет). Қайсыбiр 
уақыт мезетiнде шам лып етіп, лездiк жарық шығарсын делiк. 
Шыбықпен байланысты санақ жүйесi (кез келген инерциалды санақ 
жүйесi тəрiздi) екі бағытта да болатындықтан, жарық импульстерi О 
нүктеден бipдей қашықтықта орналасқан жəне фотоэлементтeрге бiр 
мезгiлде келіп жетіп («шыбық» санақ жүйесiнде), фотоэлементтeр бiр 
7.3-сурет 


211 
мезгiлде іске қосылады. 
К-санақ жүйесiнде жағдай басқаша. Бұл жүйеде де жарық импульсінің 
екі бағытта да таралу жылдамдығы бiрдей 
, бiрақ олардың жүрген 
жолдары əртүрлі. Шынында да, жарықимпульстерi жəне нүктелерге келе 
жатқан кезде бұл нүктелер оңғақарай жылжып үлгередi, демек 
фотоэлемент фотоэлементке қарағанда eртeрек іске қосылады. 
Cонымен, бiр санақ жүйесiнде бірмезеттік болып табылатын оқиғалар 
басқа санақ жүйесiнде бірмезеттік болып табылмайды, яғни бірмезеттік 
түсінігі классикалық механикадағыдай абсолют емес, салыстырмалы. Ал 
олай болса əртүрлі санақ жүйелерінде уақыттың өтуі əртүрлі. 
Егер бiздің қолымызда лезде таралатын сигналдар болса, онда бiр санақ 
жүйесiнде бiрмезгілде өтетін оқиғалар кез келген басқа санақ жүйелерінде де 
тура сол мезгiлде өтер eдi. Мұны бiз тiкелей жаңа ғана қарастырылған 
мысалдан көрiп отырмыз. Бұл жағдайда уақыттың өтуі санақ жүйесiне 
тəуелсiз, бiз Галилей түрлендiрулерінде кездесетiн абсолют уақыт жайлы сөз 
ете алар едiк. Сонымен, Галилейдің түрлендiрулері caғaттapдың 
синхрондалуы лезде таралатын сигналдардың көмегімен іске асырылады 
деген болжамға сүйенедi. Бірақ мұндай сигналдар табиғатта жоқ. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   197




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет