Законы 10-е издание москва бином. Лаборатория знаний 2010 3



Pdf көрінісі
бет154/197
Дата05.10.2023
өлшемі2.75 Mb.
#479900
түріЗакон
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   197
f6176e30d73c3b0

7.2-сурет 


207 
Классикалық физика Майкельсон тəжірибесінің теріс нəтижесін 
түсіндіруге 
дəрменсіз 
болды, 
əрі 
қозғалыстағы 
орталардың 
электродинамикасының ешбір құбылыстарымен үйлестіре алмады. 
Салыстырмалық теориясында жарықтың таралу жылдамдығының барлық 
инерциялық санақ жүйелерінде тұрақты болуы, көптеген тəжірибе 
нəтижелерімен расталған постулат ретінде қабылданды. 
ХХ ғасырдың басында теориялық жəне эксперименттік физикада 
қызық жағдайлар пайда болды. Бір жағынан теориялық жолмен сансыз көп 
инерциялық санақ жүйелерінің ішінен бір абсолютті жүйені бөліп алуға 
болатын түрліше эффектілер айтылды. Екінші жағынан, осы эффектілерді 
тəжірибе жүзінде анықтау түгелімен жоққа айналып жатты. Сонымен қатар 
тəжірибелер салыстырмалылық принципінің дұрыс екендігін, оның осы 
кезге дейін қолданылмайды деп келген құбылыстарға да үздіксіз 
қолданылатындығын көрсетті. 
Майкельсон тəжірибесінің жəне оған ұқсас басқаша тəжірибелердің 
теріс нəтижелерін классикалық механика тұрғысынан түсіндіруге тырысқан 
талай талпыныстар болды. Бірақ олардың барлығы да ақыры дəрменсіз 
болып 
шықты. 
Бұл 
мəселенің 
нағыз 
шешімін 
Эйнштейннің 
салыстырмалылық теориясы ғана бере алды. 
§ 7.2. Эйнштейін постулаттары 
ХХ ғасырдың басында белгілі болған тəжірибелік жəне теориялық 
материалдарды терең талдау Эйнштейнді классикалық физиканың негізгі 
қағидаларын, оның ішінде ең алдымен, кеңістік пен уақыттың қасиеттері 
жайлы көзқарастарды қайта қарауға əкеп тірелді. Осының нəтижесінде ол 
классикалық физиканың логикалық аяқтамасы болып табылатын арнайы 
салыстырмалылық теориясын жасады. 
Бұл теория классикалық механиканың Эвклид кеңістігі жəне Галилей-
Ньютонның инерция заңы тəрізді қағидаларын өзгеріссіз қабылдады. Ал 
түрлі санақ жүйелерінде қатты денелердің мөлшері мен уақыт 
аралықтарының өзгеріссіз қалады деген қорытындылары тек баяу 
қозғалыстар үшін ғана тəн жəне оларды үлкен жылдамдықтар обылысына 
тарату заңсыз болып табылатындығына Эйнштейн назар аударады. Олардың 
шын қасиеттері тек тəжірибеден алынған қорытындыларға негізделген. 
Галилейдің түрлендіруіне жəне алыстан əсерлесу принципіне қатысты да 
осыны айтуға болады. 
Арнайы салыстырмалылық теориясының басты қағидалары ретінде 
Эйнштейн екі постулатты (принципті) алды, олар тұтастай тəжірибелік 
деректерге (оның ішінде бірінше кезекте Майкельсонның тəжірибесі) 
сүйенген:
1) салыстырмалылық принципі; Табиғаттағы кез келген физикалық 
құбылыс барлық инерциялық жүйеде бірдей өтеді. 


208 
2) 
жылдамдықтың 
инвариантты 
принципі 
(жарық 
жылдамдығының жарық көзінің жылдамдығына тəуелсіздігі). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   197




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет