Законы 10-е издание москва бином. Лаборатория знаний 2010 3



Pdf көрінісі
бет155/197
Дата05.10.2023
өлшемі2.75 Mb.
#479900
түріЗакон
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   197
f6176e30d73c3b0

Бірінші постулатГалилейдің салыстырмалылық принципі кез келген 
физикалық процестерге жалпылау болып табылады: барлық физикалық 
құбылыстар барлық инерциялық санақ жүйелерінде бірдей өтеді, 
табиғаттың барлық заңдары жəне оларды сипаттайтын теңдеулер 
инвариантты, яғни олар бір инерциялық санақ жүйесінен екіншісіне өткен 
кезде өзгеріссіз қалады. Басқаша айтқанда, барлық инерциялық санақ 
жүйелері өздерінің физикалық қасиеттері бойынша эквивалентті (бір-бірінен 
ажырамайды); ешқандай тəжірибенің көмегімен қалғандарының ішінен 
олардың біреуін бөліп алуға болмайды.
Екінші постулат. Жарық жылдамдығы вакуумде жарық көзінің 
қозғалысына тəуелсіз жəне барлық бағыттарда да бірдей. Бұл жарық 
жылдамдығы вакуумде барлық санақ жүйелерінде бірдей дегенді білдіреді. 
Сонымен, жарық жылдамдығы табиғатта ерекше орын алады, бір санақ 
жүйесінен екіншісіне өткенде өзгеріп отыратын барлық жылдамдықтардай 
емес, жарық жылдамдығы инвариантты шама болып табылады. 
Жылдамдықтың мұндай түсінігі кеңістік пен уақыт жайлы көзқарастарды 
түпкілікті өзгертетінін əлі алда көреміз. 
Сонымен қатар Эйнштейннің постулатынан вакуумдегі жарық 
жылдамдығының шектік болып табылатындығы да шығады. Бір денеден 
екінші денеге əсер ету сигналының ешқандай түрі вакуумдағы жарық 
жылдамдығынан артық жылдамдықпен тарала алмайды. Осы жылдамдықтың 
шектілік сипаты жарық жылдамдығының барлық санақ жүйелерінде бірдей 
болатындығын түсіндіреді. Шынында да осы постулат бойынша табиғат 
заңдары барлық инерциялық санақ жүйелерде бірдей. Кез келген сигналдың 
жылдамдығының шектік мəннен артық бола алмайтындығы да табиғат заңы 
болып табылады. Демек, жылдамдықтың шектік – жарықтың вакуумдегі 
жылдамдығының мəні де барлық инерциялық санақ жүйелерінде бірдей 
болуы керек. Шектік жылдамдықтың болуы бірден бөлшектердің қозғалыс 
жылдамдығына 
шамасымен шектеу қояды. Керісінше жағдайда бұл 
бөлшектер сигналды шектік жылдамдықтан артық жылдамдықпен (немесе 
денелер арасындағы өзара əрекеттесулерді) бере алатын еді. Сонымен, 
Эйнштейннің постулаттары бойынша табиғаттағы денелер қозғалысының 
барлық 
мүмкін 
жылдамдықтарының 
жəне 
өзара 
əрекеттесулердің 
таралуларының мəні шамасымен шектелген. Осы арқылы классикалық 
механиканың алыстан əсəрлесу принципі осы тұрғыдан қабылданбайды. 
Дербес салыстырмалылық теорияның түгел мазмұны оның осы екі 
постулатынан шығады. Қазіргі кезде Эйнштейнның постулаттары бойынша 
олардан шығатын барлық салдар тəжірибелік материалдардың барлық 
жиынтығымен дəлелденіп отыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   197




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет