Законы 10-е издание москва бином. Лаборатория знаний 2010 3



Pdf көрінісі
бет70/197
Дата05.10.2023
өлшемі2.75 Mb.
#479900
түріЗакон
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   197
f6176e30d73c3b0

 
 
 
 
 
(4.7) 
Сөйтіп, F күштің шығаратын қуаты күш векторының осы күштің 
түсірілу нүктесінің жылдамдық векторына скаляр көбейтіндісіне тең. Kөріп 
отырғанымыздай, жұмыс та, қуат та алгебралық шамалар. 
F күштің қуатын біле отырып, осы күштің t уақыт аралығында 
атқаратын жұмысын да есептеп шығаруға болады. Шынында да, (4.2)-
теңдеудегi интеграл астындағы өрнекті 
d
d
d деп алсак, онда 
 
Қуаттың өлшем бірлігі ретінде СИ жүйесінде Ватт алынады, ол джоуль 
секундқа тең (Дж/с). 
Қорытындысында, бір маңызды жағдайға көңіл бөлген жөн. Жұмыс 
немесе қуат туралы сөз қозғағанда əрбір нақты жағдай үшін ең маңыздысы 
жұмысты жасатып тұрған күш немесе күштердің əсері қандай болғанын 
шешетін сұрақ жатады жəне оны нақты, толық қадағалап қарастырған жөн. 
Егер осы жағдайларды ескермесе көптеген қиыншылықтар тууы мүмкін. 
§ 4.2. Консервативті күштер. 
Потенциалдық энергия 
 
Консервативті күш 
Консерватизм – латынша
conservo – сақтаймын, қорғаймын деген 
ұғымды білдіреді. 
Кеңістікте орналасқан əрбір нүктеге қандай да болмасын бір күш əсер 
етсе, онда бөлшектер осы өріс күшінде орналасты деп айтуға болады. 
Мысалы, бөлшек ауырлық күші, серпімді күш, кедергі күштер (сұйық немесе 
газ ағынында) жəне т.б. күштер өрісінде орналасуы мүмкін.


90 
Уақыт бойынша тұрақты болатын өрісті стационар өріс деп атайды. Бір 
санақ жүйесінде тұрақты болып саналатын стационар өріс басқа санақ 
жүйесінде стационар емес болуы мүмкін. Стационарлық күш өрісінде 
бөлшекке əсер ететін күш тек оның орнына ғана тəуелді бола алады.
Жалпы алғанда, бөлшекті 1-нүктеден 2-нүктеге алып өткенде өріс 
күштерінің атқаратын жұмысы жолдың пішініне тəуелді. Сонымен қатар 
стационар күш өрістерінің ішінде бөлшектердің орын ауыстыруы кезінде 
атқарылатын жұмыс 1- жəне 2-нүктелерінің арасындағы жолдың түріне 
тəуелсіз болатын жағдайлары да кездеседі. Осындай қасиеттермен 
сипатталатын күштерді консервативті деп атайды.
Консервативті 
күштердің 
осындай 
қасиетін 
басқаша: 
егер 
стационарлық жағдайларда кез келген тұйықталған жол үшін олардың
атқаратын жұмысы нөлге тең болса, өріс күштері консервативті деп 
келтіруге болады. 
Осындай тұжырымға көз жеткізу үшін кез келген тұйықталған 
контурды екі бөлікке бөлейік: 1а2 жəне 2b1 (4.5-сурет). Сонда тұйықталған 
жол үшін жұмыс тең болады: 
Осы себепті 
өрнегін келтіруге болады, сондықтан: 
Біздің жағдайымыз үшін жұмыс жолдың түріне 
тəуелсіз болғандықтан, яғни: 
, осының 
нəтижесінде жұмыс кез келген тұйықталған жолда нөлге 
тең болғаны:

Консервативті күштерге жатпайтын күштерді консервативті емес деп 
атайды. Осындай консервативті емес күштерге кедергі жəне үйкеліс күштері 
жатады. Осы күштердің жұмыстары бөлшектердің жүрген жолы мен олардың 
бастапқы жəне соңғы орындарына тəуелді. Сонымен өріс күштерінің кез 
келген тұйықталған жолдағы жұмысының нөлге тең болуы жұмыстың 
жолдың пішініне тəуелсіз болуының қажетті жəне жеткілікті шарты болып 
табылады жəне оны кез келген потенциалдық өрістің ерекшелік белгісі деп 
санауға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   197




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет