Саны көп майда кристалдардан тұратын қатты денені поликристалл дене деп атайды.
Жекелеген кристалдарды монокристалдар деп атайды.
Кристалл денелердің көпшілігі өзара бітіскен көптеген кристалдардан түзіл тендіктен пол
икристалдарға жатады. Жеке кристалдар — мойокристалдардың симетриялық пішіндері дұрыс және
олардың әр бағытгағы қасиеттері де әр түрлі болады (анизотропты).
Қатты денелердің барлығын кристалл денелерге жатқызуға болмайды.
Аморф денелерде атомдардың дәлме-дәл ретті орналасуы жоқ. Тек жақын көрші атомдар — белгілі
бір ретпен орналасады. Бірақ кристалдарға тән құрылымның қандай да бір элементінің барлық
бағытта дәлме-дәл қайталануы аморф денелерде болмайды.
Аморф денелердің қасиеті. Барлық аморф денелер изотропты, олардың физикалық қасиеттері барлық
бағытта бірдей. Аморф денелерге шыны, көптеген пластмассалар, смола, канифоль, қант мұздағы
(мөлдір кәмпит) т. б. жатады.
Сырттан әсер еткенде аморф денелерде қатты денелердегі сияқты серпінділік қасиеті және
сұйықтағы сияқты аққыштық қасиеті де бір мезгілде байқалады. Қатты орында жатқан бір кесек
смоланы бақыландар. Смола бірте-бірте қатты дене бетіне жайылады. Смоланың температурасы
неғұрлым жоғары болса, оның жайылуы да соғұрлым тез болады.
Аморф денелердің атомдарының не молекулаларының «отырықшылық өмірінін» сұйық
молекулалары сияқты белгілі бір уақыты — тепе-теңдік қалпының төңірегінде тербелу уақыты бар.
Бірақ сұйықтарға қарағанда бұл уақыт оларда мейлінше көп. Мысалы, вар үшін t=20°С-ге сәйкес
«отырықшылық әмірінің» уақыты 0,1 с-ка тем.
Төменгі температураларда аморф денелер қасиеттері жағынан қатты денелерге ұқсайды. Олардың
аққыштығы жоқтың қасы.
Деформация.
Қатты денелер өздерінің пішінін сақтайды. Бірақ олар өздеріне түсірілген күштердің пішіндерін
өзгертеді, яғни деформацияланады. Деформация неге тәуелді? Олардың қандай түрлері бар?
Достарыңызбен бөлісу: |