Мазмұны Кіріспе. Халықаралық бірліктер жүйесі Бөлім Молекула кинетикалық теория және термодинамика негіздері



Pdf көрінісі
бет25/114
Дата19.10.2023
өлшемі3.62 Mb.
#481106
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   114
2.Физика-на-казахском-языке-для-1-курса

Қатты дене деформациясы. Дене пішінінің немесе көлемінің өзгеруі деформация деп аталады. 
Резеңке бауды ұштарынан тартып көріңдер. Сонда баудың бөліктері бір-біріне қатысты орын 
ауыстырады; бау деформацияланған күйге көшеді, яғни бау ұзарады және жіңішкереді. 
Резеңке бауға күш әсері тоқтатылса, ол қайтадан бастапқы қалпына келеді. Сыртқы күштер әсері 
тоқталғаннан кейін толық жойылатын деформациялар серпінді деформаииялар делінеді. 
Резеңке баудан басқа, серіппе, соқтығысқан болат шарлар және т.б.-лар да деформацияға ұшырайды. 


23 
Енді пластилин кесегін алақанымызға салып кысайық. Қолымыздағы пластилин оп-оңай кез келген 
пішінге келеді. Ал пластилиннің бастапқы пішінге келуі жүзеге аспайтыны өзі-нен өзі түсінікті. 
Бұрын қандай пішінде болғаны пластилиннің «есінде де жоқ». 
Сыртқы күштердің әсері тоқтағаннан кейін жойылмайтын деформациялар пластикалық 
деформациялар деп аталады. Тіпті бір шамалы (бірақ қысқа мерзімді емес) әсерлердің өзінде 
балауыз, пластилин, балшық, қорғасын пластикалық деформацияға ұшырайды. 
Созылу деформациясы (сығылу). Егер бір ұшы бекітілген біртекті стерженьге оның осі бойымен, 
өзінен тысқары бағытта  күшімен әсер етсек (41-сурет), онда стержень созылу деформациясына 
ұшырайды. Созылу деформациясы
абсолют ұзарумен (1.3.3.1) және салыстырмалы ұзарумен 
(1.3.3.2) сипатталады: 
(1) 
ε=
(2) 
Денелерді немесе материалдарды серпінді, пластикалық не морт деп атау жиі кездеседі.
Серпінділік. Қез келген материалдан жасалған дене аз деформацияның өзінде серпінді дене сияқты 
болады. Жүкті алғаннан кейін оның өлшемдері мен пішіні қалпына келеді. Сонымен бірге денелердің 
барлығында дерлік азды-көпті дәрежеде пластикалық деформация байқалады. 
Материалдың механикалық қасиеттері әр алуан. Резеңке немесе болат сияқты материалдар біршама 
үлкен кернеу мен деформацияларда серпінділік қасиеттерді байқатады. Мысалы, Гук заңы болат 
үшін ε=1%-ке жеткенге дейін, ал резеңке үшін анағұрлым үлкен мәніне — ондаған процент 
шамаларына дейін орындалады. Сондықтан мұндай материалдарды серпінді материалдар деп атайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   114




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет