Бақылау сұрақтары
1. Сұйық заттардық пен қатты заттардың ерекшеліктері?
2. Сұйық заттардың қатты заттарға ұқсастығы.
3. Сұйық заттардың газ тэріздес заттың ерекшелігі.
Сабақ № 12
Тақырыбы:1.3.3 Сұйық заттар мен қатты заттардың өзара әсері. Деформация фазалық
ауысу.
Сабақ жоспары:
1. Сұйық заттар мен қатты заттардың өзара әсері
3. Деформация және оның түрлері
4. Юнг модулі
5. Гук заңы
6. Беріктік шегі
7. Фазалық ауысу
Сұйықтар өзінің молекулалық құрылысы мен қасиеттері жағынан газдарға қарағанда қатты
денелерге көбірек ұқсайды. Олай болса, сұйықтардың қатты денелерге жақын мынандай
ерекшеліктерін айтайық, кристалдарға ұсақ бөлшектер арғы реттілік түрінде орналасатын болса,
сұйықтарда молекулалардың орналасуы бергі реттілік түрінде жүреді. Мысалы, кристалдардың
балқуы кезінде арғы реттілікпен орналасқан болса, бөлшектердің реті бұзылып, кристалдық тор
ыдырай бастағанмен, оның бергі реттілігі сақталады. Мысалы, поликристалды ұнтақ бөлшектерді
рентген құрылымдық анализ әдісімен зерттегенде, оның рентгенграммасында сақина тәрізді бірнеше
дөңгелек жолақ байқалады. Ал енді сұйықтардың дәл осындай балқытылып алынған кристалын
анализден өткізгенде сол аймақта бірнеше дөңгелек онша айқындау емес жолақтардың бар екенін
көрсетті. Осы жоғарғы айтылған мысалдар, сұйықтардың көптеген қасиеттері қатты денелерге ұқсас
квазискристалды құрылысты сипаттайды.
Біз қатты дене — жер шарының бетінде, қатты денелерден салынған құрылыстарда үйлерде өмір
сүріп жатырмыз. Біздің денеміздің құрамында шамамен 65% су болғанның өзінде (мыйда - 80%) ол
қатты денеге жатады. Енбек құралдары, машиналар да қатты денелерден жасалған. Қатты денелердің
қасиеттерін білу тіршілік үшін қажет.
Қатты денелер сұйықтар сияқты өзінің көлемін ғана сақтап қоймайды, сонымен бірге пішінін де
сақтайды. Олар негізінен кристалл күйде болады екен. Қристалдар - атомдары немесе
Достарыңызбен бөлісу: |