30
Фазалық ауысу түрлену кең мағынасында заттың сыртқы жағдайлардың ( температураның ,
магнит және электр өрістерінің т.б) өзгеруі кезінде бір фазадан екінші бір фазаға ауысуы тар
мағнасында сыртқы параметрлерінің үздіксіз өзгеруі кезінде физикалық қасиеттерді ң секірмелі
түрде өзгеруі. Температураның, қысымның не т.б. кез-келген физикалық шаманың фаза ауысуы
болатын мәні ауысу нүктесі деп аталады. Фазалық ауысудың негізгі заңдылықтары мен
классификациясы термодинамикалық теорияда қарастырылады. Заттың термодинамикалық
функцияларының (еркін энергия, энтропия, энтальпия т.б.) өзгеруіне сәйкес фаза ауысудың бірінші
текті фаза ауысуы және екінші текті фаза ауысуы деп аталатын түрлері бар. Бірінші текті фаза ауысу
кезінде заттың тығыздығы мен термодинамикалық функциялары ауысу нүктесінде секірмелі түрде
өзгереді. Мұндай ауысу кезінде фаза ауысы жылуы деп аталатын жылу (мыс меншікті балқужылу,
булану жылуы т.б.) бөлінеді немесе жұтылады. Бірінші текті фазалы ауысуда барлық агрегаттық
түрленулер кристалдық тордың бір модификациядан екінші модификацияға ауысуы жатады.
Екінші текті фазалық ауысу кезінде заттың тығыздығы мен термодинамикалық функциялары
үздіксіз өзгереді деал, бұл функциялардың физикалық параметрлері (қысым және температура)
бойынша алынған туындылары ауысу нүктесінде күрт өзгереді. Мұндай түрлену кезінде жылу
бөлінбейді(жұтылмайды). Екінші текті фаза ауысуға феромагнетиктік магнит өрісінсіз
парамагнетикке түрленуі, гелидің асқын аққыштық күйге ауысуы, атомдардың реттеле орналасуы
әсерінен кристал симетриясының өзгеруі т.б. жатады.
Бақылау сұрақтары
1. Фазалық өтулер деген не?
Бөлім 2. Электродинамика негіздері.
Достарыңызбен бөлісу: