Мазмұны Кіріспе. Халықаралық бірліктер жүйесі Бөлім Молекула кинетикалық теория және термодинамика негіздері



Pdf көрінісі
бет79/114
Дата19.10.2023
өлшемі3.62 Mb.
#481106
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   114
2.Физика-на-казахском-языке-для-1-курса

Бақылау сұрақтары 
1. 
Арақашықтықты салыстыру деген не? 
2. 
Уақытты салыстыру деген не? 
3. 
Массаның жылдамдыққа тәуелділігі қандай? 
 
 
Сабақ № 46 
Тақырыбы: 
4.1.2 Геометриялық оптиканың тәжірибелік заңдары. 
Сабақ жоспары: 
1. 
Жарықтың сынуы
2. 
Жарықтың шағылуы
3. 
Сыну заңы
4. 
Сыну көрсеткіші
5. 
Шағылу заңы
Жарық табиғатына көзқарастың дамуы. Жарық табиғатына деген адамдардың көзқарасы ерте 
заманнан ақ қалыптаса бастаған. Осыдан екi жарым мың жыл бұрын Пифагор «әрбiр зат өзiнен аса 
ұсақ бөлшектер шығарады, ол бөлшектер адам көзiне жетiп, адам заттарды көредi» деп 
түсiндiрген. Көптеген ғасырлар бойы үстемдiк құрған осы пiкiрдi И.Ньютон одан әрi дамытты. Ол 
жарық бөлшектерiн корпускулалар деп атап, бұл бөлшектер инерция заңын қанағаттандырады деп 
есептедi. Бұлай деу тәжiрибеден байқалатын жарықтың түзу сызық бойымен таралу, шағылу 
заңдарын түсiндiруге мүмкiндiк беретiн. Одан әрi жарық жөнiнде жаңа тәжiрибелiк деректердiң 
жинақталу барысында интерференция және дифракция тәрiздi құбылыстар ашылды. Бұл 
құбылыстарды жарықтың корпускулалық қасиетi арқылы түсiндiру мүмкiн емес едi. Осымен 
байланысты ХIХ ғасырдың басында Х.Гюйгенс, Ю.Юнг және О.Френель тәрiздi ғалымдардың 
еңбектерiнде жарықтың толқындық теориясы ұсынылып, қалыптасты.
Жарық жөнiндегi көптеген көкейтестi мәселелердiң шешiмi тек Максвелл ойлап тапқан 
электромагниттiк өрiстiң теориясынан кейiн ғана табылды. Бұл теориядан жарық дегенiмiз толқын 
ұзындығы белгiлi бiр аралықта жатқан электромагниттiк толқындар екендiгi шығатын.
Жарықтың табиғатын түсiнуде оның жылдамдығының шектi екендiгiн анықтаудың маңызы зор 
болды. Жарық жылдамдығын алғаш рет ХVII ғасырдың аяғында О.Ремер өлшеген болатын. Ремер 
әдiсi Юпитер планетасының серiгiнiң қозғалысын бақылауға негiзделген болатын.
Жарықтың шағылысу заңы. Жарықтың сыну заңы. Толық шағылу құбылысы 
Тығыздығы өзгеретiн ортада тараған жарық өзiнiң түзусызықты қалыпынан ауытқып, таралу 
бағытын өзгертедi. Егер тығыздықтың мәнi екi ортаның шекарасында күрт өзгеретiн болса, онда 
бұл жерде жарықтың шағылысу және сыну құбылыстары байқалады. Мұндай орталардағы 
жарықтың таралу бағытын әдетте түсу, шағылу және сыну 
бұрыштары арқылы анықтайды.
Түсу бұрышы деп түскен сәуле мен түсу нүктесiне тұрғызылған 
перпендикулярдың арасындағы α бұрышын айтады. Сәйкес шағылу 
бұрышы α′ – шағылған сәуле мен осы перпендикулярдың, ал сыну 
бұрышы β? – сынған сәуле мен осы перпендикулярдың арасындағы 
бұрыштар ( 1 – сурет ).
Жарықтың шағылу заңы былай дейдi : Түскен сәуле, шағылған сәуле 
және түсу нүктесiне тұрғызылған перпендикуляр бiр жазықтықта 
жатады және түсу бұрышы шағылу бұрышына тең болады, яғни 
α=α′
Жарықтың сыну заңын тұжырымдамастан бұрын ортаның сыну 
көрсеткiшi ұғымын енгiзелiк. Ортаның абсолют сыну көрсеткiшi деп 
жарықтың вакуумдағы жылдамдығының оның осы ортадағы жылдамдығына қатынасын айтады, 
яғни


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   114




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет