Мазмұны Кіріспе. Халықаралық бірліктер жүйесі Бөлім Молекула кинетикалық теория және термодинамика негіздері



Pdf көрінісі
бет85/114
Дата19.10.2023
өлшемі3.62 Mb.
#481106
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   114
2.Физика-на-казахском-языке-для-1-курса

1 – сурет. Дифракциялық тор. 
2– сурет. Дифракциялық
максимум. 
3 – сурет.


86 
құбылысы деп атайды (4 - сурет). Бұл құбылысты түсiндiруге Максвеллдiң электромагниттiк 
теориясын қолдану оң нәтиже бермедi.
Себебi бұл жердегi мәселе тек электромагниттiк толқынның қасиетiнде 
ғана емес, сонымен қатар ол толқындардың затпен әсерлесу сипатымен 
де байланысты болатын.
Дисперсия құбылысын ХIХ ғасырдың аяғында қалыптасқан Г.Лоренцтiң 
классикалық электрондық теориясы ғана түсiндiрiп бере алды. Бұл 
теорияның 
түсiндiруi 
бойынша 
жарықтың 
дисперсиясы 
зат 
атомдарындағы электрондардың электромагниттiк өрiспен әсерлесуiнiң 
нәтижесiнде туындылайтын ерiксiз тербелiсiнiң нәтижесi болып 
табылады. Осы теорияның негiзiнде табылған дисперсия заңы (сыну көрсеткiшiнiң жиiлiктен 
тәуелдiлiгi) мынадай:
(2) 
мұндағы N – молекулалар концентрациясы, e – элементар заряд, m – 
электронның массасы, ε
0
– электр тұрақтысы, ω
0
– электронның өзiндiк 
жиiлiгi, ω – сыртқы электромагниттiк өрiстiң жиiлiгi. Бұл тәуелдiлiктiң 
сызбасы 5 – суретте келтiрiлген. Мұндағы үзiк сызық ( 2 ) өрнегiмен 
есептелген дисперсияның теориялық тәуелдiлiгiне, ал тұтас сызық 
тәжiрибенiң нәтижесiне сәйкес келедi. Бұл суреттегi жиiлiк артқан 
кездегi сыну көрсеткiшi де артатын, өзiндiк жиiлiктiң мәнiнен тысқары 
жатқан ab және cd аймағы дұрыс дисперсия деп аталады. Ал өзiндiк 
жиiлiктiң маңында жатқан bc аймағында, керiсiнше, жиiлiк артқан кезде 
сыну көрсеткiшi кемидi. Бұл аномальдi дисперсия аймағы. Тәжiрибе бұл 
аймақта жарық затқа қатты жұтылатындығын көрсетедi. Бұл оның резонансты құбылыстармен 
терең байланыста екендiгiнiң дәлелi.
Шығару және жұтылу спектрлерi. Спектр түрлерi. Спектр аппараты. 
Интерференция, дифракция және дисперсия тәрiздi құбылыстар кезiнде ақ жарықтың бiрнеше 
түске жiктелетiнi тәжiрибеден белгiлi. Дисперсия құбылысын пайдалана отырып, Ньютонның ақ 
жарықты жiктегенiн бiлемiз. Тәжiрибе жалпы спектрлердi мынадай бiрнеше топқа бөлуге 
болатынын көреттi : тұтас спектр, сызықтық сектр жiне жолақты спектрлер.
Тұтас спектрдi қатты дене, сұйық және сығылған газды жоғарғы температураға дейiн қыздырған 
кезде бередi. Тұтас спектр шартты түрде жетi түске бөлiнедi : қызыл, оранж, сары, жасыл, көгiлдiр, 
көк және күлгiн. Бұл түстердiң арасында айқын шекара жоқ. Бiр түс екiншi түске бiрте-бiрте өтедi. 
Спектрдiң тұтас болуы оның құрамында барлық толқын ұзындығындағы жарықтың бар екенiн 
көрсетедi. Бұлай болуының басты себебi жарық шығарып тұрған атомдар бiр бiрiмен күштi 
байланыста. Осы күштi байланыстың салдарынан әрбiр атом шығарған монохроматты жарықтар 
ұйытқып, бiр-бiрiмен тұтасып кетедi.
Сиретiлген газды жоғарғы температураға дейiн қыздырып, спектроскоп арқылы қарасақ жiңiшке 
сызықтардан тұратын спектрдi байқаймыз. Мұндай сызықтық спектрдiң байқалуы жарық шығарып 
тұрған зат осы сызықтарға сәйкес келетiн жиiлiктегi ғана жарықты шығарып тұрғанының дәлелi. 
Бұл спектрлердi газдың жекелеген атомдары шығарады. Газ жақсы сиретiлген болғандықтан 
оаның атомдары бiр-бiрiмен әсерлеспейдi десе де болады. Ал мұндай сызықтық спектрдiң болуы 
және бұл сызықтарға сәйкес келетiн жиiлiктiң мәнi Бордың теориясынан анықталады.
Егер жарық шығарып тұрған газдың тығыздығын бiрте-бiрте арттыратын болсақ, онда спектр 
сызықтарының енi бiрте-бiрте артып, тұтасып кетедi.
Тағы бiр байқалатын спектрдiң түрi жолақ спектрлер. Олар аралары бiр бiрiнен бөлiнген енi едәуiр 
үлкен жолақтардан тұрады. Ажыратқыштық қабiлетi жоғары спектроскоптың көмегiмен жеке 
жолақтарды бажайлап қарайтын болсақ, олардың өте тығыз орналасқан жеке сызықтардың 
жиынтығы екенiне көз жеткiзуге болады. Сызықтық спектрлердi жеке атомдар беретiн болса, 
жолақ спектрлердi бiр-бiрiмен байланыспаған немесе әлсiз байланысқан молекулалар туғызады.
Сызықтық спектр оны шығарып тұрған атомның құрлысымен тiкелей байланысты. Ал әрбiр 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   114




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет